Кейбір бірлескен бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 158-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 23 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 сәуірде № 38350 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнен кейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция, ұлттық экономика министрліктерінің жетекшілік ететін вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
_______Б. Омарбеков
      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
міндетін атқарушы
__________А. Бижанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 23 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 158-НҚ Бірлескен бұйрығына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі

      1. "Техникалық реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №826 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №12735 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1-қосымшада:

      техникалық реттеу саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      13-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1. Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып, тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру кезінде субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін есептеу, субъективтік өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін осы өлшемшарттарға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) тәуекел дәрежесі жоғары цифрлық жүйені қолдана отырып, тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе тәуекелдің орташа дәрежесінен техникалық реттеу саласында тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстырылады:";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі техникалық бақылау және қадағалау саласындағы осындай бақылау және қадағалау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс реттеу.";

      Көрсетілген өлшемшарттарға 5-қосымшада:

      мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымына кіретін техникалық реттеу субъектілеріне, сондай-ақ техникалық реттеу объектілеріне қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға қатысты техникалық реттеу саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінде:

      реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16.

кері қайтарып алу шарттары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін (айырбастау, қайтару, өтеу арқылы) өзінің байланыс деректерін, осындай өнімді қабылдау пункттерінің орналасқан жерін және осындай өнімді пайдалану нәтижесінде алушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу, адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігі туралы міндетті түрде ескерте отырып, жауапты адамдарды көрсете отырып, цифрлық технологиялар арқылы сатып алушыларды қазақ және (немесе) орыс тілдерінде хабардар ету

өрескел

      ";

      көрсетілген өлшемшарттарға 6-қосымшада:

      барып профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде сәйкестікті растау жөніндегі органға және сынақ зертханасына (орталығына) қатысты техникалық реттеу саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінде:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінде сәйкестік туралы декларацияны тіркеудің сәйкестігін растау жөніндегі органда болуы, не өтініш берушіні оны тіркеуден бас тарту туралы хабарлама (бас тарту себептерін көрсете отырып) сәйкестік туралы декларацияны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде.

өрескел

      ";

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11.

сәйкестікті растау жөніндегі органның сәйкестік туралы декларацияны және техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде сәйкестікті растау үшін дәлелдемелер ретінде пайдаланылатын материалдарды сақтауды қамтамасыз етуі, оның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жыл бойы тұрақты негізде

өрескел

      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 5-қосымшада:

      мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымына кіретін техникалық реттеу субъектілеріне, сондай-ақ техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығына ие жеке және заңды тұлғаларға қатысты техникалық реттеу саласындағы тексеру парағында:

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15.

кері қайтарып алу шарттары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін (айырбастау, қайтару, өтеу арқылы) өзінің байланыс деректерін, осындай өнімді қабылдау пункттерінің орналасқан жерін және осындай өнімді пайдалану нәтижесінде алушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу, адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігі туралы міндетті түрде ескерте отырып, жауапты адамдарды көрсете отырып, цифрлық технологиялар арқылы сатып алушыларды қазақ және (немесе) орыс тілдерінде хабардар ету.



      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 6-қосымшада:

      сәйкестікті растау жөніндегі органға және сынақ зертханасына (орталығына) қатысты техникалық реттеу саласындағы тексеру парағында:

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

сәйкестік туралы декларацияны техникалық реттеудің цифрлық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінде тіркеудің болуы не өтініш берушіні сәйкестік туралы декларацияны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны тіркеуден бас тарту туралы хабардар ету (бас тарту себептерін көрсете отырып)



      ";

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12.

сәйкестік туралы декларацияны және техникалық реттеудің цифрлық жүйесінде сәйкестікті растау үшін дәлелдемелер ретінде пайдаланылатын материалдарды оның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде тұрақты негізде сақтауды қамтамасыз ету.



      ".

      2. "Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі №575 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі №351 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №14163 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1-қосымшада:

      бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      12-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1. Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып, тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру кезінде субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін есептеу, субъективтік өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін осы өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бақылау субъектілері (объектілері) тәуекел дәрежесі жоғары цифрлық жүйені қолдана отырып, тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе тәуекелдің орташа дәрежесінен бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларында тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстырылады:";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі белгілі бір саладағы осындай бақылау субъектілері жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс мемлекеттік бақылау.";

      көрсетілген өлшемшарттарға 2-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №139-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы №24 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №27172 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1-қосымшада:

      өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      12-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1. Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып, тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру кезінде субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін есептеу, субъективтік өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін осы өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бақылау субъектілері (объектілері) тәуекел дәрежесі жоғары цифрлық жүйені қолдана отырып, тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе тәуекелдің орташа дәрежесінен бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларында тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстырылады:";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі белгілі бір саладағы осындай бақылау субъектілері жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс мемлекеттік бақылау.";

      көрсетілген өлшемшарттарға 1-қосымшада:

      барып профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінде:

      реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

42.

Салыстырып тексеру зертханалары өлшем құралдарына жүргізілген салыстырып тексеру нәтижелері бойынша салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың цифрлық жүйесінің жеке кабинеті арқылы береді.

өрескел

      ";

      реттік нөмірі 93-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

93.

Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың цифрлық жүйесінің жеке кабинеті арқылы өлшем құралдарына жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша салыстырып тексеру зертханасының салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді беруі.

өрескел

      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшада:

      техникалық регламенттермен мемлекеттік реттеуге жататын өлшем тізбелерінде белгіленген өлшеулерге, өлшем құралдары мен шама бірліктерінің эталондарын, стандартты үлгілерді, өлшемдерді орындау әдістемелерін, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін қолдануға байланысты, сондай-ақ дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің, сондай-ақ өткізу кезіндегі өлшеніп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін анықтауға байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағында:

      реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

42.

Салыстырып тексеру зертханалары өлшем құралдарына жүргізілген салыстырып тексеру нәтижелері бойынша салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың цифрлық жүйесінің жеке кабинеті арқылы береді.



      ";

      реттік нөмірі 93-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

93.

Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың цифрлық жүйесінің жеке кабинеті арқылы өлшем құралдарына жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша салыстырып тексеру зертханасының салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерді беруі.



      ".

      4. "Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №140-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы №23 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №27176 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1-қосымшада:

      Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      12-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-1. Цифрлық жүйелерді пайдалана отырып, тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру кезінде субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін есептеу, субъективтік өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін осы өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес субъективті өлшемшарттар тізбесі негізінде жүзеге асырылады.";

      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бақылау субъектілері (объектілері) тәуекел дәрежесі жоғары цифрлық жүйені қолдана отырып, тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе тәуекелдің орташа дәрежесінен бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларында тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстырылады:";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс. ".

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бірлескен бұйрықтардың
тізбесіне қосымша
Бағалы металдар мен асыл
тастардан жасалған зергерлік
және басқа да бұйымдарды
өткізу саласындағы бақылау
субъектілерін (объектілерін)
іріктеу үшін тәуекел
дәрежелерін бағалау
өлшемшарттарына 2-қосымша

Субъективтік өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективтік өлшемшарттардың тізбесі

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын субъектіге (объектіге) қатысты бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында.

№ р/с

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс), wi

1-шарт / мәні

2-шарт / мәні

1

2

3

4

5

Барумен профилактикалық бақылау үшін

1

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай-ақ жүргізілген профилактикалық бақылау шеңберінде берілген ұсынымның орындалуы бойынша ақпарат ұсынбау

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері

100 балл

0

Жоқ болу фактісі


0%

100%

      1. Субъективті өлшемшарттардың көрсеткіштері мемлекеттік бақылаудың әрбір саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін айқындалады.

      2. 2-бағанда субъективті өлшемшарт көрсеткіші көрсетіледі.

      3. 3-бағанда ақпараттың басым көздері көрсетіледі.

      4. 4-бағанда субъективті өлшемшарт көрсеткішінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы балдарда көрсетіледі. Осы баған бойынша барлық жолдардың сомасы 100 балдан аспауға тиіс.

      5. 5-бағанда субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеуде субъективті өлшемшарт көрсеткішін есепке алу шарттары және әрбір шартқа сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің сандық мәндері көрсетіледі. Сандық мәндер тәуекелдің жоғарылауына байланысты 0-ден 100-ге дейінгі пайызбен көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады