"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 сәуірде № 38347 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28399 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларында:

      2-тармақтың 9-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК ЦЖ) – жүргізу тәртібі осы Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;";

      13-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) жобаланатын жер учаскесін ЖМБМК ЦЖ графикалық деректерімен келіскен кезде:

      осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісі (бұдан әрі – Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісі), Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесінің жоспары және жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі қоса беріледі.

      Бұрылыс жолақтары, әуе электр беру желілерінің тіреулері, кәбілді электр беру желілерінің жербеті құрылысжайлары бар желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары алып жатқан жобаланатын жер учаскесін ЖМБМК ЦЖ графикалық деректерімен келіскен кезде:

      осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісі, Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесінің жоспары және желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі желілік объектілер полигонының алаңы көрсетіле отырып, қоса беріледі.

      Жобаланатын жер учаскесінің орналасқан жері ЖМБМК ЦЖ графикалық деректерімен сәйкес келмеген кезде (жер учаскесінің басқа шектес жер учаскелерімен қабаттасуының болуы, жер учаскесінің орналасқан жерінің, алаңының, желілер өлшемдерінің, конфигурациялар мен координаттардың ұсынылған деректерге сәйкес келмеуі):

      осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкес келмеуі туралы акті (бұдан әрі – Сәйкес келмеу туралы акті), Сәйкес келмеу туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жобаланатын жер учаскесі шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкессіздігі (қабаттасуы) схемасын және жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосі қоса беріледі.

      Бұрылыс жолақтары, әуе электр беру желілерінің тіреулері, кәбілді электр беру желілерінің жербеті құрылысжайлары бар желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары алып жатқан жобаланатын жер учаскесінің орналасқан орны ЖМБМК ЦЖ графикалық деректерімен сәйкес келмеген кезде (жер учаскесінің басқа шектес жер учаскелерімен қабаттасуының болуы, жер учаскесінің орналасқан жерінің, алаңының, желілер өлшемдерінің, конфигурациялар мен координаттардың ұсынылған деректерге сәйкес келмеуі):

      осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесі координаттары ведомосінің сәйкес келмеуі туралы акті, Сәйкес келмеу туралы актіге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкессіздігі (қабаттасуы) схемасын және желілік объектілер орналасқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосі қоса беріледі;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жобаланатын жер учаскесінің орналасқан жерінің ЖМБМК ЦЖ-ның графикалық деректеріне сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізу үшін жобаны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жер учаскесінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.

      Жобаланып отырған жер учаскесі Кодекстің 121-бабында көрсетілген жерлерді пайдаланудың ерекше шарттары бар, белгіленген аймақтардың шекараларында орналасқан кезде, салыстырып тексеру жүргізу кезінде жобаланып отырған жер учаскесінің шекаралары мен жерлерді пайдаланудың ерекше шарттары бар аймақтардың шекараларының қабаттасу схемасы ЖМБМК ЦЖ-да олардың шекаралары болған кезде жасалады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жерге орналастыру жобасы екі данада жасалады, оны жобаны әзірлеуші тігеді және нөмірлейді. Оның бір данасы Кодекстің 158-бабының 5-тармағына сәйкес жер-кадастрлық құжаттамаға енгiзiлетiн мәлiметтердiң анықтығын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік корпорациясының құрылымдық бөлімшесіне, екінші данасы – тапсырыс берушіге беріледі.".

      көрсетілген бұйрыққа 14 және 15-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 119 бұйрығына 1-қосымша
Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобасын жасау қағидаларына
14-қосымша
Нысан
Кімге_______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі/заңды
тұлғаның атауы)

Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісі №___

      Ұсынылған жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосін мына деректермен салыстырып тексеру нәтижелері бойынша:

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі:____________

      ____________________________________________

      (қолданыстағы учаскенің шекаралары өзгерген кезде көрсетіледі)

      Жер учаскесінің ауданы, гектар: _______________

      Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _____________

      Жер учаскесінің орналасқан жері: _______________

      Жерлердің санаты: ____________________________

      Жерге орналастыру жобасын әзірлеуші туралы ақпарат:

      _____________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/

      ____________________________________________

      жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Әзірленген күні: 20___ жылғы " " ___________.

      Жер учаскесінің ұсынылған координаттары бойынша жобаланатын жер учаскесінің шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісеміз (шекаралардың салынбауы, алаңның сәйкестігі, сызықтар шаралары).

      Қосымша: жобаланатын жер учаскесінің жоспары және жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі.

      Салыстырып тексеру жүргізген:

      ____________________________________________

      (маманның, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Арнайы белгілер _____________________________

      (бұрын жобаланған жер учаскесіне қабаттасу бар; жобаланған

      ____________________________________________

      жер учаскесі екі және одан да көп есептік орамдардың және басқалардың шекарасында орналасқан)

      Салыстырып тексеру жүргізген:________________

      (маманның, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Салыстырып тексеру күні: 20___ жылғы " " ____________________________

      басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
  координаттары ведомосін
  салыстырып тексеру актісіне
  1-қосымша
  Нысан

      Жобаланып отырған жер учаскесінің жоспары

      "Оңтүстік – Солтүстік" бағыты

     


      Масштаб 1:

      Жер учаскесінің ауданы, гектар: ________________

      Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _____________

      Жер учаскесінің орналасқан жері: _______________

      Жерлердің санаты (бар болса): __________________

      Жоспарды жасаған: ____________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты,

      ______________________________________

      әкесінің аты (бар болса), тегі,жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр қою орны* ________ _________________

      (қолы)* (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы " " ____

      Ескертпе: * мөр мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде) /басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
координаттары ведомосін
салыстырып тексеру актісіне
2-қосымша
Нысан

Жобаланатын жер учаскесінің шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координаттар

Ұзындығы (метр)

X

Y

1




2




3




4




      Периметрі, метр: _______________________

      Ауданы, гектар ________________________

      Ведомості жасаған: ____________________________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты бар

      болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр қою орны* ________ _____________________

      (қолы)* (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы " " ____.

      Ескертпе: * мөр (бар болса) мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде) /басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
координаттары ведомосін
салыстырып тексеру актісіне
3-қосымша
Нысан

Желілі объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесінің жоспары

      Оңтүстік-Солтүстік" бағыты

     


      Масштаб 1:

      Жер учаскесінің ауданы, гектар: ______________

      Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _____________

      Жер учаскесінің орналасқан жері: ________________________________________

      Жерлердің санаты (бар болса): ___________________________________________

      Жоспарды жасаған:________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты,

      ___________________________________________

      әкесінің аты, тегі,жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр қою орны* ________ ___________________

      (қолы)* (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы " " _____.

      Ескертпе: * мөр (бар болса) мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде) /басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
координаттары ведомосін
салыстырып тексеру актісіне
4-қосымша
Нысан

Желілі объекті полигонының алаңын көрсете отырып, желілі объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координаттар

Ұзындығы (метр)

X

Y

Полигон 1

1




2




Полигон алаңы, гектар

Полигон 2

5




6




Полигон алаңы, гектар

Полигон 3

11




12




Полигон алаңы, гектар


      Периметрі, метр: __________________________

      Ауданы, гектар ___________________________

      Ведомості жасаған: ____________________________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар

      болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр қою орны* ________ ______________________

      (қолы)* (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы " " ____.

      Ескертпе: * мөр (бар болса) мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде) /басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 3 сәуірдегі
№ 119 бұйрығына 2-қосымша
Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобасын жасау қағидаларына
15-қосымша
Нысан
Кімге_______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі/заңды
тұлғаның атауы)

Жобаланатын жер учаскесінің координаттары ведомосінің сәйкес келмеуі туралы акті №___

      Ұсынылған жобаланатын жер учаскесі координаттарының ведомосін мынадай деректермен салыстыру нәтижелері бойынша:

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: _____________

      (қолданыстағы учаскенің шекаралары өзгерген кезде көрсетіледі)

      Жер учаскесінің ауданы, гектар: ________________

      Жер учаскесінің нысаналы мақсаты:_____________________________________

      Жер учаскесінің орналасқан жері: _______________

      Жерлердің санаты:____________________________

      Жерге орналастыру жобасын әзірлеуші туралы ақпарат:

      __________________________ _________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), ____________________________________________

      тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Әзірленген күні: 20___жылғы " " ___________.

      Ұсынылған жобаланатын жер учаскесі координаттары бойынша жобаланатын жер учаскесінің шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеуі анықталды.

      Қосымша: жобаланатын жер учаскесінің шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасы және жобаланатын жер учаскесінің шекаралары координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі.

      _______________________сәйкессіздігі анықталды

      Арнайы белгілер ____________________________________________

      (бұрын жобаланатын жер учаскесіне қабаттасу бар; жобаланатын

      ___________________________________________

      жер учаскесі екі және оданда көп есептік орамдардың және басқалардың шекараларында тұр)

      Салыстырып тексеру жүргізген: ___________________________________________

      (маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Салыстырып тексерілген күн: 20___ жылғы " "

      ___________________________________________

      басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
координаттары ведомосінің
сәйкес келмеуі туралы актіге
1-қосымша
Нысан

Жобаланатын жер учаскесі шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасы

      "Оңтүстік – Солтүстік" бағыты

     


      Масштаб 1:

      Шартты белгілер:

      __________ жобаланған учаске;

      __________ шектес учаске;

      __________ қабаттасу;

      __________ сәйкессіздік.

      Қабаттасудың жалпы ауданы, гектар:__________.

      __________________________________________

      мөр (бар болса) мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
координаттары ведомосінің
сәйкес келмеуі туралы актіге
2-қосымша
Нысан

Жобаланатын жер учаскесінің шекаралары координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координатттар

Ұзындығы (метр)

X

Y

1




2




3




4




      Жобаланатын жер учаскесінің шекаралары координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған координаттарға сәйкес келеді

      Периметрі, метр: _______

      Ауданы, гектар _______

      Ведомості жасаған:_____________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр қою орны* ________ ______________________

      (қолы)* (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы " " _____.

      Ескертпе: * мөр (бар болса) мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде) /басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
координаттары ведомосінің
сәйкес келмеуі туралы актіге
3-қосымша
Нысан

Желілі объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасы

      "Оңтүстік – Солтүстік" бағыты

     


      Масштаб 1:

      Шартты белгілер:

      __________ жобаланған учаске;

      __________ шектес учаске;

      __________ қабаттасу;

      __________ сәйкессіздік.

      Қабаттасудың жалпы ауданы, гектар:____________.

      ____________________________________________

      Мөр (бар болса) мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Жобаланатын жер учаскесінің
координаттары ведомосінің
сәйкес келмеуі туралы актіге
4-қосымша
  Нысан

Желілі объект полигонының алаңын көрсете отырып, желілі объектілер алып жатқан жобаланатын жер учаскесі шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координаттар

Ұзындығы (метр)

X

Y

Полигон 1

1




2




Полигон алаңы, гектар

Полигон 2

5




6




Полигон алаңы, гектар

Полигон 3

11




12




Полигон алаңы, гектар


      Периметрі, метр: _______________

      Ауданы, гектар ________________

      Ведомості жасаған: ____________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр қою орны* __________ ____________________ (қолы)* (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы " " _____.

      Ескертпе: * мөр (бар болса) мен басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде) /басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады