"Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 255 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 сәуірде № 38346 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 255 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 35607 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға қойылатын біліктілік талаптарында:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде төлем қызметтерін көрсетуге арналған есептік тіркеуден өту;".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін мен лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде олардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз ету.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетектішік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарын жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және цифрлық даму

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады