Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 сәуірде № 38329 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы, 3-тармақтың үшінші, төртінші және бесінші, 4-тармағының қырық бесінші және қырық алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 2 сәуірдегі
№ 236 бұйрыққа қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13134 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. ІІМ әскери оқу орындарының магистратурасына және докторантурасына түсетін кандидаттардың құжаттарын қабылдауды қабылдау комиссиялары және (немесе) цифрлық жүйе арқылы оқуға қабылданған жылдың 1 маусымынан 10 шілдесіне дейін жүргізеді.".

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасына және докторантурасына түсетін кандидаттардың құжаттарын қабылдауды қабылдау комиссиялары және (немесе) цифрлық жүйе арқылы күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін жүргізеді.

      ІІМ жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 4 тамызынан 20 тамызына дейін, оқуға қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі."

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда оқуға қабылдау кезінде басым құқық білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханы бойынша неғұрлым жоғары бағасы бар оқуға кандидаттарға беріледі, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық шет тілі бойынша неғұрлым жоғары бағасы бар кандидаттарға беріледі.

      Содан кейін таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктер, сондай-ақ ІІМ оқу орындарының оқу процесіне соңғы жыл ішінде дәріскер ретінде қатысу тәжірибесі ескеріледі (ІІМ аппараты мен аумақтық полиция органдарының қызметкерлері арасында көрсеткіштер бірдей болған жағдайда)."

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 763 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18024 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      4-қосымшаны келесі мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "

5.

Медициналық мекемелер мен дағдарыс орталықтарының психологтарын, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог-психологтарын біліктілігін арттыру курстарында оқыту

36 сағат

64 000

      ".

      3. "Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында орын ауыстыру, жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22478 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) цифрлық автоматтандырылған дерекқор (цифрлық жүйе) – құқық қорғау қызметіне кіру мәселелері бойынша жоспарлауға, іріктеуге (құжаттарды қабылдауға) және персоналды басқаруға байланысты қызметті автоматтандыруға арналған ақпаратты жинауды, сақтауды, беруді және өңдеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен;

      7) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) – құқық қорғау органының цифрлық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылған, қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің қалыптасқан сандық мәні (өлшемшарттар).";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бойынша ауыстыруға ұсыну осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкіде жасалады және лауазымдар номенклатурасына сәйкес жеке құрам бойынша бұйрықтар шығаруға құқығы бар лауазымды адамдарға жолданады және ІІМ аппаратының мүдделі қызметтерінің, ІІО бөліністерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының басшыларымен келісуге тиіс.

      Әрбір жоғары тұрған басшы лауазымға бәсекеге қабілеттіліктің ең жоғары көрсеткішін (цифрлық рейтинг) алған кемінде бес кандидат ұсынылады.

      ІІМ аппараты мен аумақтық полиция органдарының қызметкерлері арасында бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштері (цифрлық рейтинг) бірдей болған жағдайда, басымдық соңғы жыл ішінде ІІМ оқу орындарының оқу процесіне лектор ретінде қатысу тәжірибесі бар кандидаттарға беріледі. Материалдар осы Нұсқаулықтың 16-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ресімделеді.".

      4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23230 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) қазіргі заманғы әлемдік ғылыми-технологиялық үрдістерге және дәлелді әдістерге бағдарлану (жүргізіліп жатқан зерттеулердің әлемдік ғылым мен технологиялардың өзекті бағыттарымен жүйелі арақатынасын, нәтижелердің практикалық қолданылуы мен тиімділігін қамтамасыз ететін дәлелді, жаңғыртылатын тәсілдер мен дәлелденген деректерді пайдалануды көздейді);

      9) инновацияларды енгізу мен трансферді оңтайландыру (ІІО қызметінде жаңа технологияларды, әдістер мен басқару шешімдерін әзірлеу, беру және практикалық қолдану процестерін жетілдіру).";

      5-тармақтың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ІІО-ның практикалық қызметіне және ІІМ білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне енгізу, сондай-ақ ІІО құрылымында нәтижелерді тарату;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. ІІО-ның ғылыми-зерттеу қызметі ІІМ-нің және ІІМ білім беру ұйымдарының Ғылыми-зерттеу қызметі жоспарларына сәйкес ІІМ бөліністерінің, аумақтық ІІО-ның өтінімдері бойынша, сондай-ақ ІІМ білім беру ұйымдарының бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

      Ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау және іске асыру кезінде мынадай өзара байланысты құралдар пайдаланылады:

      ғылыми пысықтауды және шешуді талап ететін практикалық проблемаға, оның өзектілігін, ІІО қызметі үшін маңыздылығын анықтау және Ғылыми-зерттеу қызметінің жоспарына енгізу қажеттілігін айқындау мақсатында талдау жүргізу және негіздеу;

      оны қолдану мүмкіндігін бағалаумен халықаралық тәжірибені зерделеу;

      ғылыми-зерттеу қызметін іске асыру тиімділігінің нақты нысаналы көрсеткіштерін белгілей отырып, жобалық басқару әдістерін қолдану;

      өтінімнен бастап енгізу актісіне және әсер туралы есепке дейін (ІІМ білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында) бүкіл циклдің цифрлық навигациясы.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге өтінім осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді. ІІМ құрылымдық бөліністерінің өтінімдеріне орындаушылар келісімін беруі керек.

      Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге арналған тапсырма осы Нұсқаулықтың 19-тармағында айқындалған құралдар ескеріле отырып қалыптастырылады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Тапсырыс беруші қорытынды есепті және барлық нәтижелерін алған күннен бастап бір ай ішінде ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін қабылдауды жүзеге асырады.

      Ғылыми зерттеу нәтижелерін қабылдау кезінде алынған нәтижелердің бекітілген өтінімге, тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына сәйкестігін талдауды қамтитын бағалау жүргізіледі.

      Бастапқы бағалау қорытындылары бойынша оң шешім қабылданған жағдайда, ғылыми зерттеу нәтижелері және осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген ғылыми зерттеу нәтижелерін қабылдау актісі ІІМ Ғылыми-техникалық кеңесінің (бұдан әрі – ҒТК) және ІІМ ҒТК бейінді секцияларының қарауына және бекітуіне шығарылады. Бекітілген қабылдау актісі орындаушыға жіберіледі.

      Ғылыми зерттеу нәтижелерін қабылдаудан бас тартқан жағдайда тапсырыс беруші орындаушыға пысықтау мерзімдерін көрсете отырып негіздеме жібереді. Пысықтау мерзімі – үш айдан аспайды.

      Ғылыми зерттеу нәтижелерін қабылдаудан бас тартуға ғылыми зерттеу жүргізуге арналған өтінімде баяндалған қойылатын талаптарға орындаудың сәйкес келмеуі және зерттеу тақырыбы бойынша қорытынды есеп пен материалдарды дайындау кезінде техникалық ресімдеуді сақтамау негіз болып табылады.";

      48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Нәтижелерді енгізуді сүйемелдеуді орындаушы жүзеге асырады.

      Тапсырыс беруші орындаушымен бірлесіп іске асыру жоспарын әзірлейді, оның ішінде:

      1) жауапты бөліністер мен лауазымды адамдардың тізбесі;

      2) апробация және көбейтудің (таратудың) күнтізбелік кестесі;

      3) қабылдануға (өзгертуге) жататын нормативтік актілердің тізбесі (қажет болған жағдайда);

      4) персоналды даярлау және оқыту жоспары (курстар, тағылымдамалар, нұсқамалар) (қажет болған жағдайда);

      5) енгізудің кемшіліктерін, тиімді енгізуге кедергі келтіретін себептер мен жағдайларды анықтау, жалпылау және талдау, теріс факторларды жою және тиімді енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу;

      6) енгізудің нысаналы индикаторлары.";

      49. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін ІІО-ның, жедел-қызметтік қызметіне және ІІМ білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне енгізу үш кезеңде жүзеге асырылады, олар Енгізу жоспарында бекітілуі тиіс:

      1) тапсырыс беруші айқындайтын, бірақ алты айдан аспайтын мерзімдегі пилоттық апробация;

      2) апробация нәтижелерін бағалау және болған жағдайда енгізу үшін кедергілерді жою (ұйымдастырушылық, құқықтық, техникалық);

      3) ІІО-ның барлық мүдделі бөлімшелеріне тарату.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін енгізгеннен кейін тапсырыс беруші қызметтің тиісті бейінінің ІІО ведомстволық бағынысты бөліністерінде енгізілген нәтижелердің тиісінше тұрақты пайдаланылуын және іске асырылуын бақылайды және нәтижелер енгізілген сәттен бастап бір жылдан кейін осы Нұсқаулыққа 12-қосымшаға сәйкес енгізудің тиімділігін бағалауды жүргізеді.

      Аяқталған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізудің тиімділігін бағалау мыналарды қамтиды:

      нәтижелерді енгізу дәрежесін талдау (толық, ішінара, енгізілмеген);

      әлеуметтік, экономикалық және басқарушылық әсерлерді анықтау;

      мультипликативті әсерді анықтау;

      ІІО қызметін дамытуға ғылымның үлесін бағалау.

      ІІО жедел-қызметтік жұмысында ғылыми-зерттеу жұмысының енгізілген нәтижелерін пайдалану және іске асыру тиімділігінің жағдайы туралы мәселе ІІМ ҒТК-нің бейінді секцияларының мәжілістерінде жылына кемінде екі рет және ІІМ ҒТК мәжілісінде жылына бір рет қаралады.";

      Нұсқаулыққа 1-қосымшаның 5.11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.11. Автоматтандырылған цифрлық жүйе.";

      Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 12-қосымшамен толықтырылсын.

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 2 сәуірдегі
№ 236 бұйрыққа 1 қосымша
"Қазақстан Республикасының
ішкі істер органдары жүйесінде
ғылыми-зерттеу қызметін
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа" 12-қосымша

      Нысан

Аяқталған ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізудің тиімділігін бағалау АКТІСІ

      1. Ғылыми-зерттеу жұмысының атауы: ___________________

      ______________________________________________________________

      2. Шығу нәтижесінің түрі: _______________________________________

      ______________________________________________________________

      3. Тапсырыс беруші-ІІМ бөлінісі: _________________________________

      ______________________________________________________________

      4. Жұмыстарды орындаушы (лар): ________________________________

      ______________________________________________________________

      5. Ғылыми зерттеуді орындау негізі: _____________________

      ______________________________________________________________

      (жоспар позициясының нөмірі, өтінім (бөлініс, шығыс күні мен нөмірі), бастама)

      6. Ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу күні мен мәліметтері:________

      _______________________________________________________________

      (енгізу актісінің күні, жұмыс сипаттамасы)

      7. Нәтижелерді енгізу дәрежесін талдау (толық, ішінара, енгізілмеген):

      _______________________________________________________________

      8. Әлеуметтік, экономикалық және басқарушылық әсерлерді анықтау:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      9. Мультипликативті әсерді бағалау:

      9.1. Зерттеу нәтижелерін таратқан (енгізген) ІІО бөліністерінің/өңірлерінің саны:

      _______________________________________________________________

      9.2. Зерттеу нәтижелері жаңа әдістемелерді, нұсқаулықтарды, регламенттерді, технологияларды әзірлеуге негіз болған бағыттар:__________________________

      _______________________________________________________________

      9.3. Зерттеу нәтижелері негізінде туындаған кейінгі жобалардың, әзірлемелердің, бастамалардың саны (бар болса):

      _______________________________________________________________

      9.4. Мультипликативті әсердің жалпы сипаты (қысқаша қорытынды): зерттеу нәтижелері қызметтің сабақтас бағыттарына әсер етті / көрсетпеді / ішінара әсер етті

      ________________________________________________________________

      10. ІІО қызметін дамытуға ғылымның үлесін бағалау:

      10.1. Ұйымдастырушылық және басқарушылық жақсартулар (процестерді оңтайландыру, басқару тиімділігін арттыру және т. б.): ____________________

      _______________________________________________________________

      10.2. Техникалық, ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету:_________

      ________________________________________________________________

      10.3. Кадр даярлығы және біліктілікті арттыру: _________________

      _______________________________________________________________

      10.4. Ғылымның қосқан үлесінің жалпы сипаттамасы (ғылыми жаңалығы, теориялық маңыздылығы, мәселенің пысықталу дәрежесі, одан әрі зерттеу перспективалары және т. б.).:

      ___________________________________________

      __________________________________________________________________

      Жетекші* ____________________________________________________

      (ІІМ бөлінісі – тапсырыс беруші) арнаулы (әскери) атақ

      _____________________ Т.А.Ә. (қолы)

      "____" ___________ 20____ ж.

      М.О. _____________________________

      * Актіге қол қою құқығы берілген басшының орынбасары қол қойған жағдайларда оның лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады