Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 38 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 сәуірде № 38311 болып тіркелді

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-5-бабы 3-тармағына, "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 38 қаулысымен
бекітілді

Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру қағидалары

      1. Осы Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 12-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң) 29-5-бабы 3-тармағына, "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Коллекторлық қызмет туралы заң) 19-1-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның (бұдан әрі – өзін-өзі реттейтін ұйым) бюджетін жасауға қойылатын талаптарды, өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері туралы мәліметтерді және өзін-өзі реттейтін ұйымның өзін-өзі реттейтін ұйымның тізілімінен шығарылған, оның қызметі барысында жасалған, сондай-ақ оның мүшелерінің (қатысушыларының), басқа өзін-өзі реттейтін ұйымның немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметіне қатысты құжаттар мен мәліметтерді беру тәртібін айқындайды.

1-тарау. Өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджетті жасауына қойылатын талаптар

      2. Өзін-өзі реттейтін ұйымның бюджетін, сондай-ақ оған өзгерістер енгізуді өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органы бекітеді.

      Бюджетте Микроқаржылық қызмет туралы заңның 29-5-бабы 7-тармағында, Коллекторлық қызмет туралы заңның 19-1-бабы 6-тармағында көзделген құжаттарды уәкілетті органға ұсынған күнге өзін-өзі реттейтін ұйымның банктік шотындағы ақша қалдығы туралы, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйым қаражатының мынадай:

      өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) кіру және мүшелік жарналары;

      банктік шот және банктік салым шарттары талаптарында екінші деңгейдегі банктерде ақша орналастырудан түсетін кірістер;

      өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) кәсіпкерлік қызметіне, коммерциялық немесе кәсіптік мүдделеріне байланысты ақпараттық материалдарды сату қызметтерінен, білім беру қызметтерін көрсетуден алынған қаражат;

      дереккөздерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да түсімдер түріндегі жоспарланатын түсімдерінің мөлшері туралы мәліметтер қамтылады.

      3. Бюджетте осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өзін-өзі реттейтін ұйымның шығыстары туралы мәліметтер қамтылады, оның ішінде:

      өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдарына, мамандандырылған органдар қызметкерлеріне не қаржылық қызметтерді тұтынушылардың, микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының), берешегі оның мүшесіне (қатысушысына) берілген борышкерлердің және берешегін сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу жөніндегі қызметтерді коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) көрсететін кредиторлардың жолданымдарын қарау жөніндегі өзін-өзі реттейтін ұйым қызметкерлеріне еңбегіне ақы төлеу бойынша;

      Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы, микроқаржылық қызмет туралы, коллекторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын әзірлеу бойынша;

      өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тізілімін жүргізу және өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелігіне кандидаттар ұсынатын, оның ішінде өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелігіне қабылдау үшін ұсынылатын құжаттарды қарау бойынша;

      өзін-өзі реттейтін ұйым туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру бойынша;

      ұсыным туралы талаптары микроқаржылық қызмет, коллекторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген есептілікті, ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды дайындау және уәкілетті органға ұсыну бойынша;

      өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды иелену, сондай-ақ өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне бақылауды жүзеге асыру барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету, ақпаратты алу, пайдалану, өңдеу және сақтау кезінде қорғау жөнінде шаралар қабылдау бойынша;

      өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары талаптарының, өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік ету (қатысу) шарттарының, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымның өзге де құжаттарының сақталуына мүшелерге (қатысушыларға) тексеру жүргізу бойынша;

      оның мүшелері (қатысушылары) ұсынатын қаржылық қызметтерді тұтынушылардың, берешегі оның мүшесіне (қатысушысына) берілген борышкерлердің және берешегін сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу жөніндегі қызметтерді оның мүшесі (қатысушысы) көрсететін кредиторлардың жолданымдарын қарау және өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) өздерінің жолданымдарын қарау бойынша;

      өзін-өзі реттейтін ұйымның ережелері мен стандарттарын бұзғаны үшін өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты ықпал ету шараларын қолдану бойынша;

      өз мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық және (немесе) өзге де есептілігін талдауды жүзеге асыру бойынша;

      өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін қамтамасыз ету бойынша (үй-жайларды жалға алуға, коммуналдық төлемдерге, негізгі құралдар мен тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алуға, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-талдамалық материалдарды жариялауға арналған шығыстар).

      4. Бюджетте шығыстардың мынадай түрлері көрсетіледі:

      1) өзін-өзі реттейтін ұйымның басқарушы қызметкерлерінің және бақылау функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;

      2) мүшелердің (қатысушылардың) қызметіне бақылауды жүзеге асыруға байланысты шығындар, оның ішінде іссапар шығыстары, сыртқы ақпараттық-анықтамалық жүйелерге ақы төлеуге арналған шығыстар, мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге арналған шығыстар, ақпаратты алу, пайдалану, өңдеу және сақтау кезінде қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      3) өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстар.

      5. Бюджетке бюджетті жасау кезінде пайдаланылған, оның ажырамас бөлігі болып табылатын сандық көрсеткіштерді көрсете отырып, жоспарлы сметалық көрсеткіштердің негіздемелері (есептеулері) қоса беріледі.

      6. Бюджет ағымдағы күнтізбелік жылға және жоспарлы кезеңге (бір жылға) үтірден кейін бір ондық белгімен мың теңгемен жасалады.

      7. Бюджетте бюджет бекітілген өзін-өзі реттейтін ұйымның алқалы басқару органының отырысы хаттамасының күні мен нөмірі көрсетіледі.

2-тарау. Өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері туралы мәліметтер

      8. Өзін-өзі реттейтін ұйым Микроқаржылық қызмет туралы заңның 29-5-бабының 7-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасына, Коллекторлық қызмет туралы заңның 19-1-бабының 6-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның, коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері туралы мәліметтерді Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

3-тарау. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығарылған өзін-өзі реттейтін ұйымның оның қызметі барысында қалыптасқан, сондай-ақ оның мүшелерінің (қатысушыларының), басқа өзін-өзі реттейтін ұйымның немесе уәкілетті органның қызметіне қатысты құжаттар мен мәліметтерді ұсыну тәртібі

      9. Өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығарылған жағдайда, өзін-өзі реттейтін ұйым уәкілетті орган тиісті шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде оның қызметі барысында қалыптасқан, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйым мен оның мүшелері (қатысушылары), қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар, борышкерлер арасындағы құқықтық қатынастардан туындайтын құжаттар мен мәліметтерді мүшелерінің (қатысушыларының) құрамына оның мүшелері (қатысушылары) кірген басқа өзін-өзі реттейтін ұйымға не басқа қолданыстағы өзін-өзі реттейтін ұйым болмаған жағдайда уәкілетті органға беруді қамтамасыз етеді.

      10. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығарылған өзін-өзі реттейтін ұйымның құжаттары мен мәліметтері (бұдан әрі – материалдар) берілуге тиіс, қоса алғанда, бірақ мынадай құжаттар мен мәліметтермен шектелмейді:

      1) уәкілетті орган оны өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығару туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тізілімі;

      2) уәкілетті орган өзін-өзі реттейтін ұйымды өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығару туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылатын мүшелердің (қатысушылардың) оның тізілім істері;

      3) өзін-өзі реттейтін ұйымның тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы отырыстарының уәкілетті орган оны өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару туралы шешім қабылдаған жыл үшін, сондай-ақ уәкілетті орган өзін-өзі реттейтін ұйымды өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару туралы шешім қабылдаған жылдың алдындағы күнтізбелік 3 (үш) жыл үшін хаттамалары.

      Өзін-өзі реттейтін ұйымның тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы отырыстарының хаттамалары оларға барлық қосымшалар қоса беріліп, тапсырылады;

      4) уәкілетті орган өзін-өзі реттейтін ұйымды өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша қолданыстағы (барлық енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып):

      өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдары туралы ережелер;

      өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкері шеттетілген жағдайда міндеттерді ауыстыру тәртібі мен орындау мерзімдері;

      өзін-өзі реттейтін ұйымның мамандандырылған органдары туралы ережелер және олардың қызметін жүзеге асыру қағидалары;

      өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын, өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік ету (қатысу) шарттарын бұзу туралы істерді қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған органның шешімдеріне шағымдану тәртібі;

      өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар және (немесе) борышкерлер, және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де адамдар арасында туындайтын тұтыну дауларын қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған органның шешімдеріне шағымдану тәртібі;

      өзін-өзі реттейтін ұйым қызметкерлерінің кәсіптік этикасының қағидалары;

      өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тізілімін жүргізу және сақтау тәртібі;

      өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;

      өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты ықпал ету шараларын қолдану тәртібі;

      өзін-өзі реттейтін ұйымның мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету тәсілдерін пайдалану тәртібі;

      өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлерін, мүшелерін (қатысушыларын) кәсіптік оқыту, аттестаттау өткізу тәртібі;

      микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарау тәртібі;

      берешегі оның мүшесіне (қатысушысына) берілген және (немесе) басқаға берілген борышкерлердің және берешегін сотқа дейінгі өндіріп алу және реттеу жөніндегі қызметтерді коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) көрсететін кредиторлардың жолданымдарын қарау тәртібі;

      өзін-өзі реттейтін ұйымға кіру және мүшелік жарналардың мөлшері және (немесе) есептеу тәртібі, төлеу тәртібі бойынша қағидалар;

      өзін-өзі реттейтін ұйым өзінің интернет-ресурсында орналастыратын ақпараттың тәртібі, тізбесі, нысандары мен мерзімдері;

      өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті (қатысуды) ерікті түрде тоқтату қағидалары;

      өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, борышкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау стандарты (бар болса);

      өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тәуекелдерді басқару жүйесін басқару стандарты (бар болса);

      өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтау стандарты;

      өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындау стандарты;

      өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) микроқаржылық қызметті жүзеге асыру стандарты;

      5) уәкілетті орган өзін-өзі реттейтін ұйымды өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығару туралы шешім қабылдаған күні қолданылатын өзін-өзі реттейтін ұйымның мүліктік жауапкершілігіне байланысты құжаттар.

      Егер осы тармақта көзделген құжат өзін-өзі реттейтін ұйымның тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органының шешімімен уәкілетті орган өзін-өзі реттейтін ұйымды өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығару туралы шешім қабылдаған жылдың алдындағы күнтізбелік 3 (үш) жылдан бұрын не өзін-өзі реттейтін ұйымның өзге басқару органының шешімімен бекітілсе, беріліп отырған материалдардың құрамына уәкілетті орган өзін-өзі реттейтін ұйымды өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімінен шығару туралы шешім қабылдаған күнгі жағдай бойынша жарамды (осы құжатқа енгізілген барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып) осындай құжат енгізіледі.

      11. Материалдар өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде, ал өзін-өзі реттейтін ұйым таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда– өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен ерікті түрде шығару, өзін-өзі реттейтін ұйымды тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған кезде өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығарылған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде, бірақ көрсетілген өзін-өзі реттейтін ұйымды тарату немесе қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

      12. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген материалдарды қоспағанда, құжаттардың электрондық көшірмелерін (бар болса) қоса бере отырып, материалдардың түпнұсқалары, ал түпнұсқаларды беру мүмкін болмаған жағдайда, өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының басшысы куәландырған олардың көшірмелері берілуге жатады. Өзін- өзі реттейтін ұйым таратылған жағдайда, материалдардың көшірмелерін өзін-өзі реттейтін ұйымның тарату комиссиясының басшысы куәландырады.

      13. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген материалдар электрондық түрде электрондық жеткізгіште беріледі. Әрбір берілетін файлдың атауында ондағы материалдарға нұсқау болады.

      14. Осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген материалдар қағаз жеткізгіште (бар болса):

      1) құжаттарды қабылдауға жауапты уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі арқылы;

      2) бір данада;

      3) қораптарға салынып беріледі.

      Мыналар бөлек қораптарға салынады:

      осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген материалдар. Қораптарда бұл материалдар өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тізіліміне өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі туралы мәліметтерді енгізу туралы жазбаның тіркеу нөмірінің өсу тәртібімен жинақталады. Осы материалдар бар әрбір қорапта өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) туралы мәліметтерді өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тізіліміне енгізу туралы жазбаның тіркеу нөмірін, өзіне қатысты тізілім қалыптастырылған мүшенің (қатысушының) атауын қамтитын тізілім істерінің тізбесі көрсетіледі;

      осы Қағидалардың 10-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген материалдар. Қораптарда бұл материалдар хронологиялық тәртіпте орналастырылады. Осы материалдар бар әрбір қорапта хаттаманың күні мен нөмірі бар ондағы хаттамалардың тізбесі көрсетіледі;

      осы Қағидалардың 10-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген материалдар. Осы материалдар бар әрбір қорапта материалдардың атаулары бар олардағы материалдардың тізбесі көрсетіледі.

      15. Материалдар электрондық түрде және қағаз жеткізгіште берілетін материалдардың тізбесін қамтитын ілеспе хатпен бірге беріледі. Берілетін материалдардың тізбесі берілетін материалдардың атауын және олардың нысанын (қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында), электрондық жеткізгіштердің немесе қораптардың санын қамтиды.

      Материалдарды электрондық жеткізгіште беру кезінде электрондық құжаттарды оларды өзгертуден және көшіруден, электрондық құжатқа күрделі код белгілеуден, шифрлау құралдарынан қорғау функцияларының көмегімен қорғау қамтамасыз етіледі.

      Ілеспе хатқа өзін-өзі реттейтін ұйымның атқарушы басқару органының басшысы, ал таратылған жағдайда тарату комиссиясының басшысы қол қояды.

      16. Материалдарды алған күн олардың қабылдаушы өзін-өзі реттеуші ұйымда немесе уәкілетті органда тіркелген күні болып есептеледі.

      17. Берілген материалдарды осы Қағидалардың 10-тармағында келтірілген тізбеге сәйкестігі тұрғысынан қарауды қабылдайтын өзін-өзі реттейтын ұйымның жауапты қызметкерлері немесе уәкілетті органның жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.

      Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тізілімінің жұмыс істеуін тексеру қабылдайтын өзін-өзі реттейтін ұйымның жауапты қызметкерлері немесе уәкілетті органның жауапты қызметкерлері тексереді. Берілген материалдарды қарау және өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тізілімінің жұмыс істеуін тексеру қабылдайтын өзін-өзі реттейтін ұйым немесе уәкілетті орган материалдарды алған күннен кейінгі күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Материалдарды толық көлемде алмаған кезде қабылдайтын өзін-өзі реттейтын ұйым немесе уәкілетті орган материалдарды алған күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзін-өзі реттейтін ұйымға осындай хат жіберілген күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жетпейтін материалдарды беру қажеттілігі туралы жазбаша хабарлайды.

      Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) тізілімі жұмыс істемеген жағдайда, қабылдайтын өзін-өзі реттейтін ұйым немесе уәкілетті орган материалдарды алған күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жұмыс істеп тұрған тізілімін беру қажеттілігі туралы өзін-өзі реттейтін ұйымға осындай хатты жолдағаннан кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс ішінде жазбаша хабарлайды,

      18. Материалдарды беру тізілімнен шығарылған өзін-өзі реттейтін ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  Микроқаржылық қызмет
саласында өзін-өзі реттейтін
ұйымның және коллекторлық
қызмет саласында өзін-өзі
реттейтін ұйымның қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
қосымша
Нысан
фотоға арналған
орын

Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның, коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның басшы қызметкерлері туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      лауазымы, өзін-өзі реттейтін ұйымның атауы)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні мен жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса, күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5






      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5






      Ескертпе: осы тармақта көрсетілген тұлғалар болмаған жағдайда, барлық бағандарда "жоқ" деп көрсетіледі.

      4. Басшы қызметкердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      4-бағанда сенімгерлік басқарудағы басшы қызметкердің үлесін ескере отырып үлесті, сондай-ақ басшы қызметкер өзге адамдармен жиынтықта иелену нәтижесінде ірі қатысушы (ірі акционері) болып табылатын үлестер (акциялар) санын көрсету қажет.

      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер (басшы қызметкердің бүкіл еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органында мүшелігі) туралы мәліметтер, оның ішінде жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап, сондай-ақ басшы қызметкердің еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең де көрсетіледі):

 №

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Жұмыстан шығару, қызметтен босату себептері

Жетекшілік ететін бөлімшелер, негізгі функционалдық міндеттері

1

2

3

4

5

6







      Ескертпе:

      1) егер ұйым Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, 3-бағанда Қазақстан Республикасының бейрезидент – ұйымының тіркелген елі көрсетіледі;

      2) қаржы ұйымының дербес құрылымдық бөлімшесінің (департаменттің, басқарманың, филиалдың) басшысы (басшының орынбасары), қаржы басқарушысы және (немесе) атқарушы директорының лауазымына орналасқан жағдайда жетекшілік ететін бөлімшелер, осы ұйымда қаржылық қызметтер көрсетуге байланысты мәселелер көрсетіледі.

      6. Мына:

      банкке реттеу режимін қолданғанға;

      оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымын, филиалды лицензиядан айырғанға;

      қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге;

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін

      басшы қызметкер лауазымына тағайындалған күннің алдындағы он жыл ішінде адам қаржы ұйымының басшы қызметкері, филиал басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары немесе атқарушы органның мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшы орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтердің орынбасары, жеке тұлға – ірі қатысушы, қаржы ұйымының заңды тұлға – ірі қатысушысының (банк холдингінің), оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымының кемінде бір жылға дейін басшы қызметкері болып табылмағаны туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсетіңіз)

      7. Құжаттарды ұсынған күннің алдындағы соңғы он екі ай ішінде басшы қызметкердің қаржы ұйымындағы басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарылды ма және (немесе) ол қаржы ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокері филиалында қызметтік міндеттерін орындаудан қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы шеттетілді ме

      ____________________________________________________________________

      иә (жоқ)

      8. Басшы қызметкер құжаттарды ұсыну күннің алдындағы 3 (үш) жыл ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақшаларының немесе 36-бабының негізінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылды ма

      ____________________________________________________________________

      иә (жоқ)

      9. Басшы қызметкер құжаттарды ұсыну күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды ма

      ___________________________________________________________________

      иә (жоқ)

      10. Бұрын басшы қызметкер шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын дефолтқа жол берген қаржы ұйымының басқару органның басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға-эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғандығы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      иә (жоқ) (заңды тұлғаның атауы,

      ____________________________________________________________________

      лауазымы, жұмыс кезеңі)

      Көрсетілген талап мән-жайлар туындаған сәттен бастап 5 (бес) жыл ішінде қолданылады.

      11. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      12. Қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және өмір бойы қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылу құқығынан айыру түрінде қылмыстық жазаны қолдану туралы басшы қызметкерге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-4-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      _____________________________________________

      (өз қолымен баспа әріптермен толтырылады)

      Қолы ________________

      Күні _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады