ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25100 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Беларусь Республикасы немесе Ресей Федерациясын қоспағанда, Қазақстан Республикасында өндірілген немесе басқа мемлекеттерден әкелінетін автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемін есептеу автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының әрбір түрі және санаты бойынша 4-қосымшаға сәйкес мынадай түрде жүргізіледі:
По = Базалық мөлшерлеме *коэффициент 1,
мұнда По – өндірушілердің (импорттаушылардың) төлеуіне жататын автокөлік құралының немесе өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының бір бірлігіне қатысты кәдеге жарату төлемі.
Беларусь Республикасы немесе Ресей Федерациясын қоспағанда, Қазақстан Республикасында өндірілген немесе басқа мемлекеттерден әкелінетін автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемін есептеу автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының әрбір түрі және санаты бойынша 4-қосымшаға сәйкес мынадай түрде жүргізіледі:
По = Базалық мөлшерлеме *коэффициент 2,
мұнда По – өндірушілердің (импорттаушылардың) төлеуіне жататын автокөлік құралының немесе өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының бір бірлігіне қатысты кәдеге жарату төлемі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жана редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
| Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі 2026 жылғы 20 наурыздағы № 54 Бұйрығына қосымша Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесіне 4-қосымша |
Автокөлік құралдарына және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты кәдеге жарату төлемінің базалық мөлшерлемесі және коэффициенттері
Автокөлік құралдарының және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының түрлері және санаттары | Базалық мөлшерлеме | Коэффициент 1 (Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясын қоспағанда, Қазақстан Республикасында өндірілген немесе басқа мемлекеттерден әкелінетін автокөлік құралдарына немесе өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты) | Коэффициент 2 (Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясынан әкелінетін автокөлік құралдары немесе өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты) |
1. М1 санаттағы, оның ішінде өтімділігі жоғары G санаттағы көлік құралдары, сондай-ақ квадроциклдерді, қарбалшықтажүргіш, қар жүргіштерді, мотовездеходтарды және трициклдерді қоспағанда, СЭҚ ТН 8703 кодтары тобына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары: | |||
гибридті күш қондырғысы бар көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар | 50 АЕК | 0 | 60 |
Қозғалтқыштың жұмыс көлемімен: | |||
1 000 см3 дейін | 50 АЕК | 1,5 | 22 |
1 001 см3 до 2 000 см3 дейін | 50 АЕК | 3,5 | 136 |
2 001 см3 до 3 000 см3 дейін | 50 АЕК | 5 | 164 |
3 001 см3 жоғары | 50 АЕК | 11,5 | 246 |
2. N1, N2, N3 санатындағы, оның ішінде G санатындағы жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары, сондай-ақ СЭҚ ТН 8701 20 101, 8701 20 901, 8704 және 8705 кодтарының топтарына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары ("X" санатындағы коммуналдық-жинау машиналарын қоспағанда) | |||
гибридті күш қондырғысы бар көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар | 50 АЕК | 0 | 60 |
Толық (техникалық рұқсат етілген ең жоғары) массасы: | |||
2,5 тоннаға дейін | 50 АЕК | 3,5 | 164 |
2,501 тоннадан 3,5 тоннаға дейін | 50 АЕК | 7,5 | 164 |
3,501 тоннадан 5 тоннаға дейін | 50 АЕК | 7,5 | 164 |
5,01 тоннадан 8 тоннаға дейін | 50 АЕК | 8 | 164 |
8,01 тоннадан 12 тоннаға дейін | 50 АЕК | 9,5 | 164 |
ершікті тартқыштардан басқа, 12,01 тоннадан 20 тоннаға дейін | 50 АЕК | 10,5 | 164 |
ершікті тартқыштардан басқа, 20,01 тоннадан 50 тоннаға дейін | 50 АЕК | 20,5 | 164 |
ершікті тартқыштар 12 тоннадан 50 тоннаға дейін* | 50 АЕК | 11 | 164 |
3. М2, М3 санатындағы, оның ішінде G санатындағы жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары, сондай-ақ СЭҚ ТН 8702 кодтары тобына енгізілген өзге де қозғалыс құралдары: | |||
гибридті күш қондырғысы бар көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар | 50 АЕК | 0 | 60 |
қозғалтқыштың жұмыс көлемімен: | |||
2 500 см3 дейін | 50 АЕК | 4 | 164 |
2 501 см3 до 5 000 см3 дейін | 50 АЕК | 8 | 246 |
5 001 см3до 10 000 см3 дейін | 50 АЕК | 10,5 | 246 |
10 001 см3 жоғары | 50 АЕК | 13,5 | 246 |
4. Қозғалтқыштың номиналды қуаты бар тракторлар: | |||
60 а.к.-ге дейін | 50 АЕК | 2 | 250 |
61 а.к.-дан 130 а.к.-ге дейін | 50 АЕК | 5,5 | 250 |
131 а.к.-дан 220 а.к.-ге дейін | 50 АЕК | 17 | 250 |
221 а.к.-дан 340 а.к.-ге дейін | 50 АЕК | 29 | 250 |
341 а.к.-дан 380 а.к.-ге дейін | 50 АЕК | 29 | 250 |
380 а.к.-дан жоғары | 50 АЕК | 40 | 250 |
5. Қозғалтқышының номиналды қуаты бар астық жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын комбайндар: | |||
160 а.к.-ге дейін | 50 АЕК | 9 | 250 |
161 а.к.-дан 220 а.к.-ге дейін | 50 АЕК | 23 | 250 |
221 а.к.-дан 255 а.к.-ге дейін | 50 АЕК | 32 | 250 |
256 а.к.-дан 325 а.к.-ге дейін | 50 АЕК | 38 | 250 |
326 а.к.-дан 400 а.к.-ге дейін | 50 АЕК | 38 | 250 |
400 а.к.-дан жоғары | 50 АЕК | 45 | 250 |
Ескертпе: * автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган берген жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат куәлігі болған кезде көлік компаниялары импорттайтын халықаралық тасымалдар үшін пайдаланылатын ершікті тартқыштарға қатысты 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін 0 коэффициенті қолданылады.
