"Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 18-02/144 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 сәуірде № 38297 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 18-02/144 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7605 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 19, 20, 21, 22, 23 және 24-тармақтармен толықтырылсын:

      "19. Ветеринариялық препараттар серияларының (партияларының), жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін сатып алынатын ветеринариялық препараттардың НТҚ-ға сәйкестігін айқындау, НТҚ-да ветеринариялық препаратқа көрсетілген зертханалық және нысаналы жануарларды бақылау әдістері бойынша жүргізіледі.

      20. Ветеринариялық препараттар серияларының (партияларының), жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар жүргізу мақсатында сатып алынатын ветеринариялық препараттардың НТҚ-ға сәйкестігін айқындау үшін келіп түскен сериялардың (партиялардың) жалпы көлемінен ветеринариялық препараттар серияларының (партияларының) 30%-ы мынадай арақатынаста (көлемде) іріктеледі:

      келіп түскен 3 серияға (партияға) дейін 1 серия зерттеуге жатады;

      келіп түскен 6 серияға (партияға) дейін 2 серия зерттеуге жатады;

      келіп түскен 10 серияға (партияға) дейін 3 серия зерттеуге жатады;

      келіп түскен 15 серияға (партияға) дейін 5 серия зерттеуге жатады;

      келіп түскен 20 серияға (партияға) дейін 7 серия зерттеуге жатады;

      келіп түскен 30 серияға (партияға) дейін 9 серия зерттеуге жатады;

      келіп түскен 40 серияға (партияға) дейін 11 серия зерттеуге жатады;

      келіп түскен 50 серияға (партияға) дейін 13 серия зерттеуге жатады.

      21. Мемлекеттік ветеринариялық ұйым осы Қағидалардың 20-тармағында айқындалған мөлшерде ветеринариялық препараттардың іріктелген үлгілерін НТҚ-да көрсетілген талаптарға сәйкестігін айқындау жөнінде іс-шаралар жүргізеді.

      22. Кәсіпкерлік субъектілері жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне дау тудырған, ветеринариялық препараттар серияларының (партияларының) НТК талаптарына сәйкессіздігін анықтаған жағдайларда, сондай-ақ жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін растау немесе нақтылау қажет болған жағдайда, мемлекеттік ветеринариялық ұйым сериялардың (партиялардың) іріктелген көлемінен ветеринариялық препараттардың үлгілерін халықаралық референттік зертханаларға НТК талаптарына зерттеулер жүргізу үшін жібереді.

      23. Осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдар жүргізген зерттеулердің қорытындылары бойынша мемлекеттік ветеринариялық ұйым алынған ақпаратты талдайды, жануарлардың саулығы мен өмірі үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкелуі мүмкін анықталған жанама әсерлер, ветеринариялық препараттың тиімділігі туралы тәуекелдің жай-күйін бағалайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық препараттардың іріктелген серияларына (партияларына) жүргізілген зерттеулер туралы актін ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына жолдайды.

      24. Ветеринариялық препараттар сериялары (партиялары) референттік зертхана мен халықаралық референттік зертханалардың сынау нәтижелері бойынша НТҚ талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ЖАО және ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері ветеринариялық препараттарды толық ауыстыру үшін оларды иесіне қайтару мақсатында "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның негізгі қоймаларына бүлінген ветеринариялық препараттар серияларының (партияларының) қалған ветеринариялық препараттардың жиналуын және жеткізілуін қамтамасыз етеді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан  Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 111 Ветеринариялық
препараттардың, жемшөп пен
жемшөп қоспаларының және
(немесе) антибиотиктерi,
гормондары және биологиялық
стимуляторлары бар
ветеринариялық
препараттардың, жемшөп пен
жемшөп қоспаларының
серияларының (топтарының)
ветеринариялық нормативтердің
талаптарына сәйкестігін
айқындау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

     



20____ жылғы "____" ________ № __сараптама актісі (сынақ хаттамасы)

Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы және мекенжайы


Үлгінің атауы, типі, маркасы, сериясы


Үлгінің сынаққа келіп түскен күні
Үлгінің алынған күні
Дайындаушы (ел, кәсіпорын)
Партия өлшемі (көлемі), массасы
Сынама саны
Нормативтік құжаттың белгіленуі
Сынақтар жүргізілген күн
Сынақтар түрі


      Сыртқы беті

      Сараптамалар (сынақтар) нәтижелері/ 20____ жылғы "____" № __

Р/с №

Зерттеулер/сынақтар атауы

Зерттеулер/сынақтар әдістемелеріне нормативтік құжат

Көрсеткіштердің нормаланатын мәні

Зерттеулер/сынақтар нәтижелері/






      Сынақтар нәтижесі бойынша қорытынды:

      НТҚ сәйкес қолданылған бақылау материалдары (диагностикумдар)

      __________________________________________________________________

      Сынақтарды жүргізу шарттары:

      ___________________________________________________________________

      санитариялық нормаларының талаптарына сәйкес

      Ескертпе: осы сараптама актісін (сынақ хаттамасын) зерттеу/сынақ жүргізген ветеринариялық зертхананың рұқсатынсыз толықтай немесе ішінара қайта шығаруға немесе тираждауға болмайды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады