"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 14/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 сәуірде № 38287 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28566 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1)осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары жаңа редакцияда жазылсын";

      2)осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери-медициналық орталығы (департаменті) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Председатель Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
Е. Сагимбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 14/қе бұйрығына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2022 жылғы 21 маусымдағы
№ 29/қе бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат.

2-тарау. Объектілерге мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі – объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген Объектілерге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып жүгінеді.

      5. Көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және тіркеу жүзеге асырылады, олардың қабылданған күні, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі берілген күні көрсетіле отырып, олардың қабылданғаны туралы ерікті нысанда қолхат беріледі және басшыға қарауға беріледі, ол 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      6. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау мәртебесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды электрондық құжат нысанында жібереді.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар жиынтығын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      9. Құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының объектіге баруы туралы алдын ала хабардар ете отырып, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесінің құжаттарының талаптарына сәйкестігіне бару арқылы объектіні тексеруді жүзеге асырады. Оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде объектіні санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу актісі ресімделеді.

      10. Объектіні тексеру жүргізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші оң қорытынды бойынша санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24082 болып тіркелген) 290-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 66-бабында көзделген тәсілдердің бірімен алдын ала шешім туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес объектілерге көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіруге немесе ұсынуға мүмкіндігі болады.

      Тыңдау рәсімі ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      12. Қағаз жеткізгіште ресімдеген кезде объектілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды, олар мөрмен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.

      13. Портал арқылы жүгінген жағдайда нәтижелер электрондық құжат нысанында ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен оларға қол қойылады және көрсетілетін қызметті алушыға оның порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      14. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысын қайта бастау "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы объектілер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысын қайта бастау үшін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұзушылықтарды жою туралы портал арқылы жүгінеді.

      Өтінішке объектілерге арналған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті оны алған күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен бұзушылықтарды жою фактісін тексереді.

      Тексеру нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші:

      1)объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды;

      2)бұзушылықтарды жою расталмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға уәжді бас тарту жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші уәжді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 11-тармағында көзделген рәсімдерді жүзеге асырады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының ерікті өтініші бойынша тоқтатыла тұрған объектілерге арналған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысын қайта бастау "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті оны алған күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      16. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу объектіге тексеріп қарау жүргізбей:

      1)құжатта қателер (қате жазу) анықталған;

      2)өтініш беруші – дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

      3)өтініш беруші – заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) тұрған жері өзгерген;

      4)объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай тұрған жерінің мекенжайы өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.

      17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларда объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге негіз болған тиісті өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және объектілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Оң қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдейді не теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімдерде объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      18. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу объектілерге бұрын берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.

      19. Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден бас тартады.

      20. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 20-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Көрсетілетін қызметті алушы жоғары эпидемиялық мәні бар объектідегі қызметті тоқтатқан не заңды тұлға таратылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге қызметті тоқтатуды не заңды тұлғаны таратуды растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша өтінішпен не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар ете отырып, объектілерге арналған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      22. Объектілерге қағаз түрінде берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын алу үшін жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде объектілерге оң жақ жоғарғы бұрышта "телнұсқа" деген жазуы бар және бастапқы берілген күнін және оларды қайта ресімдеу күнін көрсете отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын береді.

      Егер объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қағаз түрінде берілген болса, оны электрондық форматқа аудару және электрондық нысанды алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен немесе портал арқылы жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын немесе электрондық форматқа ауыстырып беруді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      23. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" операторын хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші объектілерге мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын қосалқы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде жағымды шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушіге Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының объектілеріндегі
эпидемиялық мәні жоғары
объектінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
сәйкестігі туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау;
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу;
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату;
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын беру

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ҰҚК құрылымдық бөлімшесі

2.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) беру тәсілдері

"Цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі –портал) арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы

3.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны берген кезде: 13 (он үш) жұмыс күні;
2) Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысы қайта басталған кезде: 10 (он) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті алушының ерікті өтініші бойынша тоқтатыла тұрған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуы қайта басталған кезде: 3 (үш) жұмыс күні;
3) Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта ресімдеу кезінде: 4 (төрт) жұмыс күні;
4) Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуы тоқтатылған кезде: 3 (үш) жұмыс күні;
5) Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын берген кезде: 2 (екі) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызметтi және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлері (бар болса) тегін негізде көрсетіледі

7.

Жұмыс кестесі

1. Көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жоғарыда көрсетілген күндері сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жүзеге асырылады.
2. Порталда: (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) қағаз түрінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- осы Қағидаларға* 6-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынауларға) сәйкес тәуелсіз аккредиттелген зертханалар жүргізген объектілерді зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынаулар) хаттамаларының көшірмесі;
- объектінің кадастрлық паспорты (2023 жылдың 1 шілдесіне дейін объектінің техникалық паспорты);
2) портал арқылы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
- осы Қағидаларға* 6-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес тәуелсіз аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі;
- объектінің кадастрлық паспорты (2023 жылдың 1 шілдесіне дейін объектінің техникалық паспорты);
3) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау үшін:
- осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтардың жойылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу үшін:
- осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге негіз болған тиісті өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысын тоқтату үшін:
- осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды не таратылуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын беру үшін:
- осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады

9.

 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті қашықтан қол жеткізу режимінде көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар 1414, 8 800 080 7777

      Ескертпе:

      *Объектілерді зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22007 болып тіркелген) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларының 20-тармағында айқындалған мерзімдерге сәйкес келуге тиіс.

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының объектілеріндегі
эпидемиялық мәні жоғары
объектінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
сәйкестігі туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  ____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
___________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
___________________________
өтініш берушінің мекенжайы
____________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны

                                    Өтініш

      Сізден ________________________________________ (аудан, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________ бойынша орналасқан
__________________объектінің нысаналы мақсаты _______________ тексеруді және
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.
      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
      қолы, күні, айы, жылы
      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):___________.

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының объектілеріндегі
эпидемиялық мәні жоғары
объектінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
сәйкестігі туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Форма
А4 Форматы
Формат А4

            Санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп-қарау
      АКТІСІ / АКТ Санитарно-эпидемиологического обследования
                              №__________

      Мен (Біз) (Мною /Нами)___________________________________________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), (должность фамилия, имя,
отчество (при его наличии) (далее – Ф.И.О.)
___________________________________________________________________. Мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының атауы, (наименование органа
государственного санитарно-эпидемиологического надзора), мыналардың: (с участием)
____________________________________________________________________.
тексеруге қатысқан басқа мамандарды көрсетіңіз (указать других специалистов,
участвовавших в обследовании) ________________________________________.
қатысуымен мамандар болғанда:
(в присутствии)
лауазымды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға
(должность, Ф.И.О. должностного лица или индивидуального предпринимателя)
____________________________________________________________________. Басшысының
лауазымы, Т.А.Ә. немесе жеке тұлғаның, лауазымы, Т.А.Ә./
(Ф.И.О. руководителя юридического лица или Ф.И.О. физического лица)
____________________________________________________________________.
нысанның, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы
(наименование объекта, юридического лица или индивидуального предпринимателя)
____________________________________________________ тексеру жүргізілді (проведено
обследование).
____________________________________________________________________ тексеру түрін
көрсету (указать вид обследования)
(начато) 20___ жылғы (года) "__" _________ __ сағат (часов) __ минутта (минут) басталды.
      Тексеру кезінде мыналар анықталды (при обследовании установлено):
___________________________________________________________________
      Қорытынды
      (Заключение):___________________________________________________
санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтердің
(указать пункты нарушения требований санитарных правил)
___________________________________________________________________. және өзге де
нормативтік құқықтық актілердің талаптары бұзылған тармақтарды
көрсетіңіз/ (указать пункты нарушения гигиенических нормативов и иных нормативных
правовых актов)
___________________________________________________________________.
Қолдары (подписи) __________________________________________________
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының лауазымды тұлғасы
(должностное лицо государственного органа санитарно-эпидемиологического надзора
__________________________________________. басқа да қатысқан мамандар,
куәгерлер/участвовавшие другие специалисты,
свидетели)___________________________________________________________.
      Тексеру кезінде болдым және актінің данасын алдым (при обследовании присутствовал
и экземпляр акта получил) ________________________________.
заңды тұлға өкілінің немесе жеке кәсіпкердің немесе лауазымды тұлғаның лауазымы және
Т.А.Ә. (должность и Ф.И.О. представителя юридического лица или должностного лица, или
индивидуального предпринимателя)
__________________________________________________________________.
Қол қоюдан бас тарту туралы белгі
(отметка об отказе от подписи лица) _______________________________.
(окончено) 20 __ жылғы (года) "___" ___________ ___ сағат (часов) ___ минутта (минут)
аяқталды.
      Акт (акт составлен в) ___ данада жасалды (экземплярах) "__" ______ 20___жыл (год).

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының объектілеріндегі
эпидемиялық мәні жоғары
объектінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
сәйкестігі туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

  ____________________________
мемлекеттік органның атауы
___________________________
басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
_________________________
өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
___________________________
өтініш иесінің байланыс телефоны

                                    Өтініш

      Сізден ____________________________________ санитариялық-эпидемиологиялық
қорытындыны жаңартуды, қайта ресімдеуді, оның қолданылуын тоқтатуды сұраймын
қажетінің астын сызу керек)
____________________________________________________________________
(санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны берген органның атауы, берілген нөмірі,
күні)
______________________________________________________________
берілген объектінің атауы, орналасқан мекенжайы: аудан, көше, үй, пәтер, жобаның атауы
      Мынадай негізде (негіздерде)*:
      1) құжатта қателер (қате жазу) анықталған_____________;
      2) өтініш беруші – дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы
өзгерген_______________;
      3) өтініш беруші - заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) тұрған жері
өзгерген______________;
      4) объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай тұрған жерінің мекенжайы
өзгерген______________________________________________.
      Осы өтініш арқылы:
      1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылады және оларға рұқсат
құжатын беру және бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін
екендігі;
      2) қызметтің осы түрімен айналысуға өтініш беруге соттың сұрау салмағаны;
      3) барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетінін және дұрыс болып
табылатыны;
      4) өтініш берушінің рұқсат құжатын алу кезінде цифрлық жүйелердегі "Дербес деректер
және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабынының 4-тармағына
сәйкес қорғалатын құпияларды құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді
пайдалануға келісім беретіні расталады.
      Қолы, күні, айы, жылы.
      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):_____________.
      * Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімделген жағдайда
толтырылады.

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының объектілеріндегі
эпидемиялық мәні жоғары
объектінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
сәйкестігі туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

  _______________________________
мемлекеттік органның атауы
________________________
басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
___________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
___________________________
өтініш берушінің мекенжайы
____________________________
өтініш берушінің байланыс
телефоны

                              Өтініш

      Сізден ___________________________ (аудан, көше, үй, пәтер) (объектінің атауы)
________________ бойынша орналасқан __________ (себебін көрсету) __________ объект
бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын, электрондық
форматқа аударып (қажетінің астын сызу керек) беруіңізді өтінемін.
      Бұрын берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының № ____ 20__
жылғы ________.
      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
      қолы, күні, айы, жылы
      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):___________.

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық қауіпсіздік
органдарының объектілеріндегі
эпидемиялық мәні жоғары
объектінің халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
сәйкестігі туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
6-қосымша

Cанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар)

Зерттеулер (сынақтар) түрлері

Өлшеулер немесе сынама алу орны

1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Барлық топтардың киініп-шешінетін орны, ойын бөлмесі, жатын бөлмелері, музыкалық (спорттық) кабинеттер, медициналық үй-жайлар, изолятор, бассейндер (бар болса)

Суды зерттеу:


1) орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су құбыры жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

су тарату крандары – ғимаратта, ас блогында (бөлек блокта орналасқан кезде)

2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде жергілікті сумен жабдықтау көздерінен алынатын ауыз су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер)

құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары

3) бар болған жағдайда жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан алынатын су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер)

екі жерде – бассейн ваннасының тайыз және терең бөліктерінде су айдыны бетінен 25-30 сантиметр (бұдан әрі – см) тереңдікте, сүзгіден кейінгі су

4) әкелінетін сумен жабдықтау кезіндегі ауыз су

суды сақтауға арналған ыдыстар

Электромагниттік өрістің, электростатикалық өрістің кернеулігі

Компьютерлік және мультимедиялық сыныптар (кабинеттер) (бар болса)

Жасанды жарықтандыру деңгейі

Ойын үй-жайлары, оқу кабинеттері, музыка, спорт залы, медициналық үй-жайлар

1. Білім беру және тәрбиелеу объектілері, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұратын жерлері

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Қабылдау бөлмелері, жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, компьютерлік сыныптар

Суды зерттеу:


1) орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су құбырлары жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)

су тарату крандары – ғимаратта, ас блогында (бөлек блокта орналасқан кезде)

2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде жергілікті сумен жабдықтау көздерінен алынатын ауыз су (бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер)

құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары

3) бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулерге арналған су

жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан (бар болса)

4) әкелінетін сумен жабдықтау кезіндегі ауыз су

суды сақтауға арналған ыдыстар

Физикалық факторларды зерттеу:


1) электромагниттік және электростатикалық өрістердің кернеуі, шу

компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер (бар болса)

2) жасанды жарықтандыру деңгейі

оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, өзін-өзі дайындау бөлмелері, оқу залы, медициналық кабинет

2. Сауықтыру және санаторлық объектілер, базалар, демалыс орындары, медициналық-әлеуметтік оңалту объектілері

Бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су

Ас блоктары

Бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық, вирусологиялық көрсеткіштерге зерттеулерге арналған су

Жабық, ашық жүзу бассейндері, ванналар, жағажайлар (бар болса)

Паразитологиялық, бактериологиялық көрсеткіштерге (жылдың жылы мезгілінде)

Топырақ, құм (құм, жағажай бар болса)

Микроклиматты зерттеу: температура (жылыту кезеңінде), салыстырмалы ылғалдылық

Жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, кітапхана, мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен демалуға арналған үй-жайлар, компьютерлік сыныптар, қызметтік-тұрмыстық, кір жуатын бөлме, кір жуатын жер (кір жуу орны), асхана залы, буфет, физиотерапиялық кабинет, массаж кабинеті, медициналық үй-жай, спортзал, секциялық сабақтар өткізуге арналған бөлме, рекреация, вестибюль, киініп-шешінетін орын, ас үй, спорт залының киім ауыстыратын бөлмесі, үй-жайлар бассейн ваннасынан, себезгі (бар болса)

Жасанды жарықтандыру деңгейі

Оқу, ойын бөлмелері мен үйірме бөлмелері, жатын бөлмелері, дене шынықтыру және бассейн залы, демалыс

Микробиологиялық, физика-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық көрсеткіштер

Емдік балшық (бар болса)

3.Қоғамдық тамақтану объектілері, борттық тамақтану объектілері, көліктегі (теміржол, әуе, су және автомобиль) қоғамдық тамақтану объектілері

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың салқын кезеңінде)

Өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

Су тарату крандары – ғимаратта, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Тоңазытқыш және технологиялық жабдықтар жұмыс істеген кезде желдету жабдығынан болатын шу (тұрғын үйлердің кіріктіріліп-жапсарлас салынған үй-жайларында)

Желдету қондырғылары, жабдықтары орналасқан жерлерде

Жарықтандыруды өлшеу

Өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары, келушілерге арналған зал

5. Тамақ өнімдерін өндіру, өңдеу объектілері

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы (жылдың суық кезеңінде)

Өндірістік үй-жайлар, қойма үй-жайлары

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

Су тарату крандары – ғимаратта (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Тоңазытқыш және технологиялық жабдықтың жұмысы кезінде желдету жабдығынан шу (тұрғын ғимараттарда, кіріктірілген-жапсарлас үй-жайларда)

Желдету қондырғыларын, жабдықтарды орналастыру орындары

6. Денсаулық сақтау объектілері

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Ерекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, емшара бөлмесі, манипуляциялық, стерилдеу бөлімшелері, жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, босандырудан кейінгі палаталар, бокстар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталары

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

Ғимаратқа кірген және шыққан кездегі су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Жарықтандыруды өлшеу

Ерекше режимдегі үй-жайлар: операциялық, емшара, манипуляциялық, бейінді мамандардың қабылдау кабинеттері (офтальмолог, хирург, акушер-гинеколог, травматолог, стоматолог), жаңа туған нәрестелерге арналған палаталар, реанимация залдары, қарқынды терапия палаталар, қан дайындау үй-жайлары

Шу деңгейі

Операциялық үй-жайлар

Электрлік және магниттік өрістерді өлшеу

Физиотерапиялық, диагностикалық кабинеттердегі жұмыс орындарында

Дозиметриялық өлшеулер

Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындары, аралас үй-жайлар мен аумақ

7. Дәрілік заттарды дайындау объектілері

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа алмасу жиілігі

Ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерилдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау орындары, асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындау үй-жайлары, сақтау үй-жайлары

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

Ғимаратқа кірген және шыққан кездегі су тарату крандары

Жарықтандыруды өлшеу

Ассистенттік, дәріханалық ыдысты стерилдеу, дистилляциялау, өлшеп-орау орындары, асептикалық жағдайларда дәрілік нысандарды дайындау үй-жайлары, сақтау үй-жайлары, қызмет көрсету залы

8. Өндірістік объектілер

Микроклимат параметрлерін зерттеу

Жұмыс орындары

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

Физикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары

Дозиметриялық өлшеулер

Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеген кезде жұмыс орындары

Жұмыс аймағы ауасының параметрлерін зерттеу

Жұмыс орындары (зиянды химиялық заттардың көздері болған кезде)

9. Радиотехникалық объектілер

Электромагниттік өрістер деңгейі

Өндірістік үй-жайлар, санитариялық- қорғаныш аймағының шекарасы, құрылысты шектеу аймағы

10. Радиациялық қауіпті объектілер

Физикалық факторлар және иондалмаған сәулелену параметрлерін зерттеу

Физикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары

Дозиметриялық өлшеулер

Жұмыс орындары, жапсарлас үй-жайлар, ұйымның аумағы

11. Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар мен көлік құралдары (теміржол, су, әуе)

Микроклимат параметрлерін зерттеу (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы)

Жұмыс және жолаушылар орындары

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

Конструкциясында сумен жабдықтау жүйесі көзделген көлік құралдары үшін

Физикалық факторлардың параметрлерін (шу, діріл) және иондаушы емес сәулеленуді зерттеу

Жұмыс және жолаушылар орындары

Көлік құралдары үй-жайларының ауасындағы зиянды заттарды зерттеу, сондай-ақ шаңдылық

Жұмыс және жолаушылар орындары

12. Шаруашылық ауыз сумен жабдықтау объектілері

Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулер

Су алу нүктелері

Жер үсті көздеріне арналған паразитологиялық көрсеткіштерге суды зерттеу

Су алу нүктелері

Суды радиологиялық зерттеу

Сумен жабдықтаудың жаңа көздері үшін

13. Су объектілері (мәдени-тұрмыстық мақсаттағы), демалыс орындары

Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер

Пайдалану орындары

Топырақты паразитологиялық зерттеулер

Жағажайлар (бар болса)

14. Тамақ өнімдерін көтерме сақтау және (немесе) өткізу объектілері, химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттар мен пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік препараттарды сақтау және тасымалдау объектілері

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Қойма үй-жайлары, жұмыс орындары

Жарықтандыруды өлшеу

Жұмыс орындары

Тұрғын ғимараттарда және өзге мақсаттағы ғимараттарда орналасқан объектілер үшін шу мен дірілді өлшеу

Жұмыс істеп тұрған жабдықтан, оның ішінде желдеткіш жабдықтан

Электромагниттік және сәулеленудің өзге де түрлерін зерттеу

Физикалық факторлар көзі болған кезде жұмыс орындары

Зиянды заттардың құрамына жұмыс аймағының ауасын зерттеу (өнеркәсіптік үлгідегі тоңазытқыш жабдықтарын пайдаланатын объектілер үшін)

Жұмыс орындары

15. Патогендігі I-IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін зертханалар

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Зерттеуге арналған үй-жайлар, жұмыс орындары

Жарықтандыруды өлшеу

Жұмыс орындары

Шу мен дірілді өлшеу

Жұмыс істеп тұрған жабдықтан, оның ішінде желдеткіш жабдықтан

16. Спорттық-сауықтыру мақсатындағы объектілер, бассейндер, моншалар, сауналар

Суды бактериологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу

Су тарату крандары (орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде); құдықтар, ұңғымалар, каптаждар, бұлақтар, су тарату крандары (орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде)

Суды бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеу

Жабық жүзу бассейндерінен және ванналардан (бар болса)

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, 1 сағаттық ауа алмасу жиілігі

Вестибюль, киім ілетін орын, киініп-шешінетін бөлме, жуынатын бөлме, себезгі, булау бөлмесі, қызметкерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар

17. Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектілері, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, жемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) буып-түю жөніндегі жұмыс жүзеге асырылатын объектілер

Микроклиматты зерттеу: температура, салыстырмалы ылғалдылық

Қойма үй-жайлары, жұмыс орындары

Жарықтандыруды өлшеу

Жұмыс орындары

Тұрғын ғимараттарда және өзге мақсаттағы ғимараттарда орналасқан объектілер үшін шу мен дірілді өлшеу

жұмыс істеп тұрған жабдықтан, оның ішінде желдеткіш жабдықтан

Электромагниттік және сәулеленудің өзге де түрлерін зерттеу

физикалық факторлардың көзі болған жағдайда жұмыс орындары

Зиянды заттардың құрамына жұмыс аймағының ауасын зерттеу (өнеркәсіптік үлгідегі тоңазытқыш жабдықтарын пайдаланатын объектілер үшін)

жұмыс орындары

  бұйрығына 2 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2022 жылғы 21 маусымдағы
№ 29/қе бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

2-тарау. Жобаларға мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі – жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген Жобаларға мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып жүгінеді.

      4. Көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және тіркеу жүзеге асырылады, олардың қабылданған күні, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі берілген күні көрсетіле отырып, олардың қабылданғаны туралы ерікті нысанда қолхат беріледі және басшыға қарауға беріледі, ол 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды электрондық құжат нысанында жібереді.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар жиынтығын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      8. Құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері объектіге бармай-ақ 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне құжаттарға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.

      9. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізгеннен кейін тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың оң қорытындысы болған кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) 290-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 66-бабында көзделген тәсілдердің бірімен алдын ала шешім туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіруге немесе ұсынуға мүмкіндігі болады.

      Тыңдау рәсімі ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

      11. Қағаз жеткізгіште ресімдеген кезде жобаларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды, олар мөрмен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.

      12. Портал арқылы жүгінген жағдайда нәтижелер электрондық құжат нысанында ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен оларға қол қойылады және көрсетілетін қызметті алушыға оның порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      13. Жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу:

      1) құжатта қателер (қате жазу) анықталған;

      2) өтініш беруші – дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

      3) өтініш беруші - заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) тұрған жері өзгерген;

      4) объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай тұрған жерінің мекенжайы өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.

      14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларда жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге негіз болған тиісті өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Оң қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдейді не теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімдерде жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      15. Жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу объектілерге бұрын берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден бас тартады.

      17. Жобаларға қағаз түрінде берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын алу үшін жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде объектілерге оң жақ жоғарғы бұрышта "телнұсқа" деген жазуы бар және бастапқы берілген күнін және оларды қайта ресімдеу күнін көрсете отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын береді.

      Егер жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қағаз түрінде берілген болса, оны электрондық форматқа аудару және электрондық нысанды алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен немесе портал арқылы жүгінеді.

      18. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" операторын хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші жобаларға мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын қосалқы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде жағымды шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушіге Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздік
органдарының объектілеріндегі
адамға әсер ететін физикалық
факторлардың көздері,
санитариялық қорғау
аймақтарын белгілеу,
пайдалануға берілген
объектілердің белгіленген
санитариялық-қорғаныш
аймақтарын өзгерту бойынша
нормативтік құжаттама
жобаларының халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
сәйкестігі туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
-адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері бойынша, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу бойынша, нормативтік құжаттаманың жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;
-пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;
-санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу;
санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын беру

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ҰҚК құрылымдық бөлімшесі

2.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) беру тәсілдері

"Цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі –
портал) арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы

3.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны берген кезде: 12 (он екі) жұмыс күні;
2) Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта ресімдеу кезінде: 4 (төрт) жұмыс күні;
3) Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын берген кезде: 2 (екі) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызметтi және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

электрондық (ішінара цифрландырылған)/
қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Жобалардың сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлері (бар болса) тегін негізде көрсетіледі

7.

Жұмыс кестесі

1. Көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жоғарыда көрсетілген күндері сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жүзеге асырылады.
2. Порталда: (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады

8.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Кіші түрлері бойынша рұқсат беру үшін:
1) адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері бойынша, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу бойынша, нормативтік құжаттаманың жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
-осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
-қоршаған ортаға зиянды заттардың, физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары, шекті жол берілетін төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
2) пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
- осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
- санитариялық күзет аймағының, санитариялық-қорғау аймақтарының нормативтік құжаттамасы жобасының электрондық көшірмесі (есептік (алдын ала), белгілеу үшін);
- (белгіленген (түпкілікті) үшін) шынайы зерттеулер мен өлшемдердің жылдық циклінің хаттамасы;
3) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу үшін:
- осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
- санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге негіз болған тиісті өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын беру үшін:
- осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады

9.

 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті қашықтан қол жеткізу режимінде көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар 1414, 8 800 080 7777

  "Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздік
органдарының объектілеріндегі
адамға әсер ететін физикалық
факторлардың көздері,
санитариялық қорғау
аймақтарын белгілеу,
пайдалануға берілген
объектілердің белгіленген
санитариялық-қорғаныш
аймақтарын өзгерту бойынша
нормативтік құжаттама
жобаларының халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
сәйкестігі туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  ____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
_________________________
өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
___________________________
өтініш иесінің байланыс телефоны

                                    Өтініш

      Сізден _________________________________________________________
            (жобаның атауы)
жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді және
анитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.
      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
      Қосымша (құжаттардың көшірмелері): ___________.
      Қолы, күні, айы, жылы.

  "Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздік
органдарының объектілеріндегі
адамға әсер ететін физикалық
факторлардың көздері,
санитариялық қорғау
аймақтарын белгілеу,
пайдалануға берілген
объектілердің белгіленген
санитариялық-қорғаныш
аймақтарын өзгерту бойынша
нормативтік құжаттама
жобаларының халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
сәйкестігі туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
  3-қосымша

      Нысан

  ____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
_________________________
өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
____________________________
өтініш иесінің мекенжайы
___________________________
өтініш иесінің байланыс телефоны

                              Өтініш

      Сізден_______________________________________________________ санитариялық-
эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуді сұраймын
____________________________________________________________________
(санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны берген органның атауы, нөмірі, берілген
күні)
      Мынадай негізде (негіздерде):
      1) құжатта қателер (қате жазу) анықталған__________________________;
      2) өтініш беруші – дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы
өзгерген__________________________;
      3) өтініш беруші - заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) тұрған жері
өзгерген________________;
      4) объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай тұрған жерінің мекенжайы өзгерген
____________________________.

      Осы өтініш арқылы:

      1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылады және оларға рұқсат
құжатын беру және бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін
екендігі;
      2) қызметтің осы түрімен айналысуға өтініш беруге соттың сұрау салмағаны;
      3) барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетінін және дұрыс болып
табылатыны;
      4) өтініш берушінің рұқсат құжатын алу кезінде цифрлық жүйелердегі "Дербес
деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабынының 4-
тармағына
сәйкес қорғалатын құпияларды құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісім беретіні расталады.
      Қолы, күні, айы, жылы.
      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):__________.

  "Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздік
органдарының объектілеріндегі
адамға әсер ететін физикалық
факторлардың көздері,
санитариялық қорғау
аймақтарын белгілеу,
пайдалануға берілген
объектілердің белгіленген
санитариялық-қорғаныш
аймақтарын өзгерту бойынша
нормативтік құжаттама
жобаларының халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілерге
сәйкестігі туралы санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

  ____________________________
басшысының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
___________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
___________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі
___________________________
өтініш берушінің мекенжайы
____________________________
өтініш берушінің байланыс телефоны

                              Өтініш

      Сізден ___________________________ (аудан, көше, үй, пәтер) (объектінің атауы)
________________ бойынша орналасқан __________ (себебін көрсету) __________
жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын, электрондық
форматқа аударып беруіңізді өтінемін (қажетінің астын сызу керек).
      (қажетінің астын сызу керек).
      Бұрын берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының № ____ 20__
жылғы ________.
      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
      қолы, күні, айы, жылы
      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):___________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады