БҰЙЫРАМЫН:
1. "Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33291 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларында:
11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"11.Өз жұмысын оның құрамы бекітілген күннен бастайтын Жас мамандарды және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторларын (PhD) және бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламалары бойынша докторантурада оқыған адамдарды жұмысқа бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) тұрақты жұмыс істейтін Комиссия болып табылады және Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмысқа дербес бөлу үшін оқуын аяқтайтын тиісті ЖЖОКБҰ және ДССҒҰ жанынан жыл сайын құрылады;";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмысқа бөлу және жіберу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Комиссия жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірмей қағаз тасығышта немесе электронды құжат нысанында ЖАО-ларға түлектердің санын (оның ішінде тегі мен аты-жөнін), олардың тұрғылықты тұратын жерін, алған мамандығы мен қай тілде оқығанын көрсетіп, олардың кейіннен тиісті ұйымдарға жұмысқа тұруы мақсатында бос жұмыс орындары болған жағдайда беруі үшін өтінімдер жібереді;
2) ЖАО 15 ақпаннан кешіктірмей осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өтінімдерге сәйкес ЖЖОКБҰ мен ДССҒҰ Комиссиясына қағаз тасығышта немесе электронды құжат нысанында мәлімделген мамандықтар бойынша кадрларға қажеттілік туралы ақпарат ұсынады;
3) тапсырыс берушілерге жасалған үшжақты келісімдердің талаптарына сәйкес бөлінетін нысаналы даярлық шеңберінде оқыған адамдарды қоспағанда, Комиссия жұмысқа бөлуді жүзеге асыру кезінде жас мамандардың, философия докторларының (PhD) және бейіні бойынша докторлардың өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын ескереді және жұмысқа бөлу олар жұмысқа келгенге дейін бос жұмыс орнын сақтау туралы кепілдікпен жұмыс фактісін немесе бос жұмыс орнының бар екенін растайтын жұмыс берушілерден ұсынылған құжаттар (кепілдік хаттар, өтініштер, анықтамалар, шарттар) негізінде жүзеге асырылады.";
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Заңның 47-бабының 17-2-тармағына сәйкес Комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының азаматтары мынадай жағдайларда:
1) Заңның 47-бабы 17-2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген шарттар сақталған кезде кейіннен жұмыспен өтеуден босату үшін әскери қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін әскерге шақыру бойынша немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген кезде;
2) шетелдік білім беру ұйымдарында резидентурада (ординатурада), магистратурада, аспирантурада, докторантурада оқуға түскен және оқуын аяқтаған кезде жұмыспен өтеу мерзімін кейінге қалдыру уақытын есептемегенде оқу кезеңінде жұмыспен өтеу бойынша міндеттерін кейінге қалдырады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген адамдар кейінге қалдыру мерзімі біткен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттерін орындауға кіріседі және жұмысқа орналастырылған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Операторды кейінге қалдыру мерзімінің өтуі және жұмыспен өтеу орны туралы жазбаша хабардар етеді.";
20. Бөлу сәтінде бос жұмыс орындары болмаған кезде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарына Комиссия жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркеу туралы өтініштермен жүгіну үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтарына не "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе "Электрондық еңбек биржасы" (портал enbek.kz) мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыспен өтеу мерзімінде жұмыс іздеп жүрген адам, жұмыссыз адам ретінде есепте тұрған уақытын есепке ала отырып, жолдамалар береді.";
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Комиссияның отырысы жыл сайын күндізгі, сырттай немесе қашықтық нысанында өткізіледі.
25. Комиссияға дәлелді себептерсіз келмеген Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары сырттай нысанда өздерінің қатысуынсыз бөлінеді.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген, ағымдағы жылы оқу бітіретін Қазақстан Республикасының азаматтарын дербес бөлу Комиссияның хаттамалық шешімімен жыл сайын 1 шілдеден кешіктірмей ресімделеді, оның негізінде ЖЖОКБҰ мен ДССҒҰ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмысқа жолдамалар дайындайды.
Хаттамалық шешімді осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдерде ресімдеуге қорытынды аттестаттаудың неғұрлым ерте немесе кеш мерзімдері және ЖЖОКБҰ мен ДССҒҰ-ның академиялық күнтізбесінде белгіленген жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын зерделеу аяқталған жағдайда, бірақ қорытынды аттестаттау аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей жол беріледі.
Бұл ретте Заңның 47-бабының 17-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бөлу туралы оларды хабардар етуді ЖЖОКБҰ мен ДССҒҰ хаттамалық шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмысқа жолдамалар беру арқылы жүзеге асырады.
Комиссияның хаттамалық шешімін отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбалары арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында, оның ішінде Оператордың ақпараттық жүйесінде ресімдеуге жол беріледі.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. ЖЖОКБҰ және ДССҒҰ жыл сайын бөлу туралы хаттамалық шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Операторға Комиссияның хаттамасын ұсынады және ағымдағы жылғы 15 тамыздан кешіктірмей Операторға бөлу жөніндегі барлық материалдарды қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық құжат нысанында жібереді.";
30-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген адамдарды қайта бөлу жөніндегі материалдарды ЖЖОКБҰ және ДССҒҰ Комиссиясы қайта бөлу туралы хаттамалық шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Операторға жібереді.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
