"Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 наурызда № 38255 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жерлерді резервте қалдыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11337 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жерлерді резервте қалдыру қағидаларында:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі – жүргізу тәртібі Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;";

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мемлекеттік жер кадастры – Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы, санитариялық қорғау аймақтары, жер пайдаланудың есепке алынуы және жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға резервте қалдырылатын жер учаскелері бойынша мәліметтерді, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінен олардың орналасқан жерінің ахуалдық схемасын ұсынады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Жергілікті атқарушы органның жерді резервке қою туралы шешімінің көшірмесі ол қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдарға және Мемлекеттік корпорацияға оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесіне енгізу үшін жіберіледі.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Жерлерді резервке қою жөніндегі іс-қимылды тоқтату туралы шешімнің көшірмесі ол қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінен резервке қойылған жерлер туралы мәліметтерді 3 (үш) жұмыс күні ішінде алып тастау үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап соң қолданысқа енгізілетін алтыншы абзацты қоспағанда, 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады