"Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 наурызда № 38249 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларында:

      2-тармақта:

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) "Жеке басты биометриялық сәйкестендіру" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – біреуі автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйедегі дактилоскопиялық ақпаратты, ал екіншісі автоматтандырылған геномдық ақпараттық жүйедегі геномдық ақпаратты қамтитын екі кіші жүйеден тұратын цифрлық ресурс;";

      16), 16-1) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған дерекқоры (бұдан әрі – ҚАЖ ОАД) – тергеу изоляторларында, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жүріс-тұрысын есепке алу бойынша цифрлық жүйе;

      16-1) материалдық жеткізгіштер – дактилоскопиялық немесе геномдық ақпараты бар дактилоскопиялық немесе ақпараттық карталар, магниттік, цифрлық немесе өзге де жазба түрлерін жеткізгіштер;

      17) микросхема (түйіспелі немесе түйіспейтін интерфейстері бар чип) – жеке басты куәландыратын құжат иесі туралы ақпарат осы құжаттың ішінде орналастырылған цифрлық жеткізгіш;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) цифрлық дактилоскопиялық карта – цифрлық нысандағы дактилоскопиялық карта.";

      5-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жол жүру құжатын алғаш ресімдеген, сондай-ақ қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды және дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты верификациялау рәсімінен өткізуді жүзеге асырады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Дактилоскопиялық ақпаратты жинау адамның екі қолының он саусағының және (немесе) екі қолы алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректерді дактилоскопиялау арқылы алуды және осы Қағидаларда белгіленген дербес деректердің тиісті цифрлық жүйесіне енгізуді қамтиды. Бұл ретте дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамның дербес деректері оның екі қолының он саусағының және (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректері бар "ЖБС" ААЖ-дағы дербес сәйкестендіргішпен байланысты болады.";

      29-тармақтың төртінші бөлігіне орыс тіліндегі нұсқасына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Цифрлық немесе қағаз дактилоскопиялық карта осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес толтырылады. Қағаз дактилоскопиялық карта қара, қара-көк немесе күлгін пасталы шарикті қаламмен баспа әріптерімен толтырылады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Бояу әдісімен дактилоскопиялау кезінде ресімделген дактилоскопиялық карта планшетті электрондық сканердің көмегімен цифрлық форматқа ауыстырылады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Дактилоскопиялық тіркеуден бұрын өткен адамдардың дербес деректері бөлігіндегі дактилоскопиялық ақпарат өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілгеннен кейін жаңа ақпаратпен ауыстырылады, бұл ретте алдыңғы деректер "ЖБС" ААЖ-бен интеграцияланған цифрлық жүйелерде архивтеледі.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Қызметкер биологиялық материал алынған сотталған адам туралы деректерді "ЖБС" ААЖ-бен интеграцияланған ҚАЖ ОАД-ның цифрлық жүйесіне енгізеді.";

      98-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Келіп түскен биологиялық материалды есепке алу Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық бөлімшесінде "ЖБС" ААЖ-да цифрлық түрде және картотекада қағаз жеткізгіште жүргізіледі.";

      104-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жойылған биологиялық материалдың ақпараттық картасы "ЖБС" ААЖ-да цифрлық түрде және осы Қағидаларда белгіленген геномдық ақпаратты сақтау мерзімі өткенге дейін картотекада қағаз түрінде сақталады.";

      140-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "140. Өтініш беруші дактилоскопиялық ақпаратты цифрлық түрде алу үшін "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – веб-портал) не ішкі істер органдары көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшелеріне жазбаша өтініш береді.

      Көші-қон қызметінің қызметкері дактилоскопиялық ақпаратты цифрлық түрде ұсыну туралы жазбаша өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде ҚБҚ базасы бойынша өтініш берушінің дактилоскопиялық тіркеуден өткені туралы мәліметтерді тексереді.";

      143-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Өтініш беруші геномдық ақпаратты цифрлық түрде алу үшін веб-портал арқылы не Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық бөлімшесіне жазбаша өтініш береді.

      Ішкі істер министрлігі жедел-криминалистикалық бөлімшесінің қызметкері геномдық ақпаратты цифрлық түрде беру туралы жазбаша өтініш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "ЖБС" ААЖ дерекқоры бойынша өтініш берушінің геномдық тіркеуден өткені туралы мәліметтерді тексереді.";

      144-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жинауды, геномдық тіркеуге жататын адамдардың биологиялық материалын және дербес деректерін алуды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері "ЖБС" ААЖ цифрлық ресурсының автоматтандырылған жұмыс орындарына дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратқа қызметтік жұмысы бойынша тікелей рұқсаты жоқ лауазымды және өзге де адамдарды жібермейді;";

      үшінші абзацтың:

      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) дактилоскопиялық, геномдық ақпараттарға, "ЖСБ" ААЖ-дың цифрлық ресурсына, цифрлық жүйелерге (ақпаратты цифрлық жеткізгіштерге) қолжетімділік жүзеге асырылуы мүмкін үй-жайларды (жұмыс кабинеттерін) ашық қалдыруға, сондай-ақ оларды жұмыстан тыс уақытта мөрлемей қалдыруға;";

      10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) автоматтандырылған цифрлық жүйелерге санкцияланбаған қолжетімділіктен бақылау және қорғау құралдарын қамтамасыз етусіз автоматтандырылған есепке алуды жүргізуді жүзеге асыруға рұқсат бермейді.";

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2026 жылғы 31 наурыздағы
№ 228 бұйрығына
қосымша
Дактилоскопиялық және
геномдық тіркеуді жүргізу
қағидаларына
6-қосымша
Ішкі істер министрлігі/
Министерство внутренних дел

"Жеке басты биометриялық сәйкестендіру" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі дерекқоры бойынша уәкілетті мемлекеттік органның сұрау салуы/Запрос уполномоченного государственного органа по базе данных автоматизированной информационной системы "Биометрическая идентификация личности"

      ____________________________________________________________________

      (сұрау салудың себебі мен негізін заң нормасына сілтеме жасай отырып

      көрсету)/(указать__________________________________________________________

      _________ причину и основания запроса со ссылкой на норму закона)

      Мына адамның:

      прошу:

      (керек емесі сызып тасталсын)

      представить копию дактилоскопической/геномной информации следующего лица:

      (ненужное зачеркнуть)

      Тегі/Фамилия|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      Аты/Имя |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      Әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)/Отчество (если оно

      указано в документе, удостоверяющем личность) |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      Туған күні/Дата рождения Күні/День |__|__| Айы/Месяц |__|__| Жылы/Год |__|__|__|__|

      Туған жері/Место рождения |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|

      тұрғылықты жері немесе болатын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер/сведения о регистрации по месту жительства или месту пребывания

      ___________________________________________,

      ЖСН (бар болса)/ИИН (при наличии) |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|__|;

      (керек емесі сызып тасталсын)

      дерекқор бойынша қоса беріліп отырған анықталмаған адамның немесе танылмаған мәйіттің дактилоскопиялық/геномдық ақпаратын тексеруді сұраймын./проверить по базе данных прилагаемую дактилоскопическую/геномную информацию неустановленного лица или неопознанного трупа.

      (ненужное зачеркнуть)

      Ұсынылатын ақпарат/Представляемая информация

      ____________________________________________________________________

      цифрлық немесе қағаз түріндегі дактилоскопиялық/геномдық

      ақпарат/дактилоскопическая/геномная информация в цифровом или бумажном виде

      Сұрау салуға бастамашы лауазымды адам/Должностное лицо-инициатор запроса

      ____________________________________________________________________

      (бастамашының тегі, аты-жөні, лауазымы мен қолтаңбасы)/(фамилия, инициалы,

      __________________________________________________________________________

      должность и подпись инициатора)

      20____ ж./г. "____"_____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады