Аңшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 27 наурыздағы № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 наурызда № 38248 тіркелді

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) аңшы куәлігінің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) қорықшы куәлігінің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) Аңшы және қорықшы куәліктерін беру қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрі
2026 жылғы 27 наурыздағы
№ 58 бұйрығына 1-қосымша

      Нысан

№ _____ аңшы куәлiгi



_________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________
Туған күнi _________ жылғы "____" ______________
Аңшы өтiлi _____________________ жылдан бастап.

      Куәлiктi берген __________________________________________________

      (аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің

      республикалық қауымдастығының атауы)

      ___________________________________________________________________

      (аңшы куәлігін берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы, тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса)

      Аңшылық минимумы бойынша тестілеуден өткені туралы белгi ________

      Берілген күні 20__жылғы "__"_________.

      20__жылғы "__"__________ дейiн жарамды.

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрі
2026 жылғы 27 наурыздағы
№ 58 бұйрығына 2-қосымша

      Нысан

Қорықшы куәлігі

Қорықшы куәлiгiнiң мұқабасы (көлемi 95х66 миллиметр, түсi қызыл, жазуы алтын түстес, ішкі фоны көгілдір түсті, баспаханалық тәсілмен жасалады)


Қазақстан Республикасы Республика Казахстан Қорықшы куәлігі Удостоверение егеря

Қорықшы куәлігінің iшкi бетi

_____________________________________
Аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы/
наименование субъекта охотничьего хозяйства
№ ____ қорықшы куәлiгi/
Удостоверение егеря №___



_______________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Туған күні жылғы "__"_________ жылғы/
Дата рождения "___" _________ года
Куәлiктi берген /Удостоверение
выдано________________________
(балық шаруашылығы субъектісінің
атауы)/(наименование субъекта
рыбного хозяйства)
________________________________
(куәлiктi берген адамның қолы, тегі,
аты-жөні)(бар болса)/(подпись лица,
выдавшего удостоверение, фамилия, инициалы)


Берілген күні 20__жылғы "__"____________. 20__жылғы "__"__________ дейiн жарамды /
Дата выдачи "__" ______ 20__года.
Действительно до "__"______ 20__ года

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрі
2026 жылғы 27 наурыздағы
№ 58 бұйрығына 3-қосымша

Аңшы және қорықшы куәлiктерін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аңшы және қорықшы куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, "Аңшы куәлігін беру" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін және аңшы және қорықшы куәлігін беру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аңшы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аң аулау құқығын алған жеке тұлға;

      2) аңшы куәлігі – жеке тұлғаның аң аулау құқығын куәландыратын белгiленген нысандағы құжат;

      3) аңшылық минимумы – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарайтын оқыту бағдарламасының арнайы қысқаша курсы, оны білу аңшы куәлігін беру үшін міндетті шарт болып табылады;

      4) қорықшы – бекітіліп берілген аңшылық алқаптар шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің арнайы уәкілетті адамы;

      5) қорықшы куәлігі – қорықшының құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат;

      6) аңшылық шаруашылығы субъектісі – бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын жүргiзетін жеке немесе заңды тұлға.

2-тарау. "Аңшы куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi

      4. Аңшы куәлігі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он жыл мерзімге беріледі.

      5. Аңшы куәлігін алуға мүдделі көрсетілетін қызметті алушы "Аңшылық минимумын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7545 болып тіркелген) бекітілген аңшылық минимумына оқытылады.

      Аңшылық минимумын оқыту аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы аңшылық минимум курсын аяқтағаны туралы сертификат (бұдан әрі – сертификат) алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-03/57 бұйрығымен бекітілген Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10415 болып тіркелген) сәйкес тестілеуден өтеді

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - Тізбе) баяндалған.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттардың көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызмет берушінің қарауына жібереді. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Аңшы куәлігін бірінші рет алған болса, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілген мерзімде толық болмаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) "жеке кабинетіне" өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және аңшы куәлігін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Аңшы куәлігін ауыстыратын болса көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және аңшы куәлігін не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Өтініштің Қағидалардың талаптарына сәйкестік фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде аңшы куәлігін дайындайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Тізбеде баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сонда сақталады.

      7. Аңшылар куәліктерінің тізілімі порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті алушының әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы көрсетілетін қызметті алушыға белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші басшылығының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті беруші оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      9. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

4-тарау. Қорықшы куәлігін беру тәртібі

      10. Аңшылық шаруашылығы субъектілері бекітіліп берілген аңшылық алқаптарында жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын қорықшылық қызметтің қызметкерлеріне қорықшы куәлігін береді.

      11. Егер қорықшы куәлігі жоғалған немесе жарамсыз (бүлінген) болған жағдайда, қорықшы куәлігінің телнұсқасы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде беріледі.

      12. Қорықшы жұмыстан босатылған кезде куәлік аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қайтарылады.

  Аңшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
1-қосымша

"Аңшы куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Аңшы куәлігі не дәлелді бас тарту Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және сонда сақталады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға ақылы көрсетіледі 2025 жылғы 18 шілдедегі "Қазақстан Республикасының салық кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 667-бабының 3-тармағы 1) тармақшасына сәйкес аңшы куәлігін (аңшы куәлігінің телнұсқасын) бергені (қайта ресімдегені) үшін төлемақы-2 АЕК.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) сертификаттың электрондық көшірмесі (аңшы куәлігін бірінші рет алған жағдайда). Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, аңшы куәлігін (аңшы куәлігінің төлнұсқасын) беру (қайта ресімдеу) үшін төлем туралы құжатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілетін хабарлама жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Заңның 19-1-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысан түрінде ЭЦҚ болған жағдайда ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алады. Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде рүқсат етілген пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильді қосымшасында және цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарау қажет.
Заңның 23-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрілігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті көрсетілетін қызметті берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

  Аңшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Өтініш

      Тегі _________________________________________________________

      Аты _____________ әкесінің аты (бар болса) ______________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________ Үйінің мекенжайы, телефоны

      ________________________________________________________директорына

      (аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің

      республикалық қауымдастығының атауы)

      Аңшы куәлігін ауыстыру үшін ұсынылады № ________________, берілген

      ___________________________________________________________

      (берілген күні және аңшы куәлігін берген ұйымның атауы (оны ауыстырған

      жағдайда).

      Аңшылық минимумы бойынша бағдарлама курсын аяқтағаны туралы сертификат

      20 жылғы "__" __________ (аңшы куәлігін бірінші рет алған жағдайда).

      ____________________________________ / ________________/

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ЭЦҚ)

  Аңшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Аңшы куәлiктерінің тізілімі

Аңшының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы

Аңшы куәлiгiнiң нөмiрi

Аңшы куәлігін беру / ауыстыру

Аңшы куәлігінің берілген/ауыстырылған күні

1

2

3

4

5

6







  Аңшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Өтініш

      Тегі ____________________________ Аты ________________

      әкесінің аты (бар болса) ___________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ________ Үйінің мекенжайы, телефоны __________

      _______________________________________________ директорына

      (аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы)

      Қорықшы куәлігін ауыстыру үшін ұсынылады № _________________, берілген

      ________________________________________________________

      (қорықшы куәлігін берген ұйымның атауы және берілген күні)

      ________________________________ / ________________/

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады