Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 наурызда № 38247 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларында:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын цифрлық жүйе.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жібереді.

      Өтініште көрсетілген деректерге сәйкес көрсетілетін қызметті беруші қажетті мәліметтерді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы сұратады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      10. Мемлекеттік корпорация өтінішті цифрлық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";

      14-тармақтын 1) және 2)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күннен бастап осы Қағидалардың мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден деректерді қарауды жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы өтінішті құжаттармен бірге осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін – 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, отбасының кірісін растайтын құжаттарды (тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда), отбасы құрамын, жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманы (тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда), балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтерді, банктік шотты, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шотты, коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттарды, телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесін, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шотты сәйкестікке тексереді.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы құрамы Қағиданың 25-тармағына сәйкес анықталады";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      17. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға, "цифрлық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына Бірыңғай байланыс орталығына осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.";

      көрсетілген Қағидаға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35912 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларында:

      4-тармақтың екінші, үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган цифрлық жүйелер арқылы:

      1) отбасының бірге тұратын барлық мүшелеріне тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы туралы мәліметтерді;

      2) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан есепке қою үшін өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тиесілі тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді;

      3) мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан есепке қою үшін өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде тиесілі тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді алады.

      Өтініш беру кезінде өтініш берушілерден цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.";

      8-тармақтың екінші, үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган цифрлық жүйелер арқылы:

      1) отбасының бірге тұратын барлық мүшелеріне тіркелген тұрғылықты жерінің мекенжайы туралы мәліметтерді;

      2) мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан есепке қою үшін өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тиесілі тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді;

      3) мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан есепке қою үшін өтініш берушіге және оның отбасының бірге тұратын мүшелеріне меншік құқығында соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде тиесілі тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді алады.

      Өтініш беру кезінде өтініш берушілерден цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.".

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 30 наурыздағы
№ 130 бұйрығына 1-қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсету
қағидаларына 1-қосымша
нысан
________________________
_____________ басшысына
азамат (ша) ______________
аты-жөні, әкесінің аты (бар
болса) және жеке сәйкестендіру
нөмірі өтініш берушінің
мекенжайы:
________________________
(елді мекеннің атауы,
тұрғылықты жерінің мекенжайы, телефоны)

Өтініш

      Мен __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      _________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы) тұрғын үй иесі (жалдаушы), жеке куәлігінің

      нөмірі, берген органның атауы

      _________________________________________________________________

      менің отбасыма жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй үшін төлем

      тағайындауды сұраймын, ______ адам саны, тұрғылықты жері мекен-жайы:

      __________________________________________________________________.

      Менің отбасымның құрамы:

Жеке сәйкестендіру номері

Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Туыстық қатынасы

Әлеуметтік мәртебесі

1






2






3






      Менің дербес деректерімді, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағымен қорғалатын құпияны құрайтын, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту үшін қажетті цифрлық жүйелерде қамтылған әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйелеріндегі мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Цифрлық жүйелерде қамтылған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__жылғы "___" __________ ___________________ азаматтың (-шаның) қолы

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 30 наурыздағы
№ 130 бұйрығына 2-қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсету
қағидаларына 2-қосымша

"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы";
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы: www. egov. kz.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

6 (алты) жұмыс күн

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі

1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа Қазақстан Республикасының;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Мемлекеттік корпорацияға:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
банктік шоты;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
2) "цифрлық үкіметтің" веб-порталға:
мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
банктік шотының электрондық көшірмесі;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алу үшін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады