ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық жариялануға жатады және 11.07.2026 ж. қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18997 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жерлердің пайдаланылуына және ұтымсыз пайдаланылуына мониторинг жүргізу кезінде алынған нәтижелерді мынадай деректерді пайдалана отырып талдайды:
Жерді қашықтықтан зондтау;
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жыл сайынғы жер балансы;
жер пайдаланушыға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының басы туралы мәлімет алуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы.
Жер пайдаланушыға тиесілі жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің жол берілетін нормасын айқындау үшін мониторинг жүргізу сәтінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының басы туралы мәліметтер пайдаланылады.
Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінің, жерлер балансының және жерлерді нақты пайдалану деректерімен Жерді қашықтықтан зондтау деректері арасында сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына деректерді нақтылау туралы сұраным жолдайды.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық жариялануға жатады және 2026 жылғы 11 шілдеде қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
