"Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) ауыстыруға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 516 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 наурызда № 38230 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) ауыстыруға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33094 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) ауыстыруға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) ауыстыруға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы (бұдан әрі – сараптама комиссиясы) – жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беруге арналған өтініштерді қарау кезінде, сондай-ақ Кодексте көзделген өзге де жағдайларда ұсынымдар әзірлеу мақсатында құзыретті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Сараптама комиссиясының құрамын және ол туралы ережені құзыретті орган бекітеді;

      2) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шет елдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, шет елдердегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған, жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы" цифрлық объектісі (бұдан әрі – ЖҚПБП) арқылы жер қойнауын пайдалану келісімшарты, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия немесе өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жер қойнауын пайдалану келісімшарты, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия немесе өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуына, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өтінішті ЖҚПБП-да тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Тіркелген құжаттары бар өтініш ЖҚПБП-да тіркелудің бірегей есептік нөмірі, күні мен уақыты (сағаты, минуты) беріле отырып тіркеледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және талаптарға сәйкестігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде оларды сараптама комиссиясының қарауына шығарады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сараптама комиссиясы өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды он бес жұмыс күнінен аспайтын, ал ірі кен орындары бойынша – қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ЖҚПБП арқылы қарайды.

      Кодекстің 45-бабының 6-тармағына сәйкес өтінішті жан-жақты және толық қарау мақсатында көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан ұсынымдар әзірлеу үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ЖҚПБП арқылы сұратуға құқылы. Қосымша мәліметтер және (немесе) құжаттар сұратылған жағдайда тиісті өтінішті қарау мерзімдері осындай мәліметтер және (немесе) құжаттар ұсынылғанға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыға ЖҚПБП жеке кабинетіне хабарлама қалыптастырады және жібереді.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыға ЖҚПБП жеке кабинетіне хабарлама қалыптастырады және жібереді. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетінде оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды орналастырады.

      Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қатысты бөлігінде бас тарту үшін негіздер бар болған кезде көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тартуды жасап, оны ЖҚПБП арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (бұдан әрі - Бас прокуратура) келісуге жібереді.

      Бас прокуратура алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешіммен келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Бас прокуратурамен келісу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші инвесторлар тізіліміне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыны Бас прокуратураның жауабы келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП-дағы жеке кабинетіне жіберіледі.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      20. Қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен, өзгерткен және (немесе) толықтырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық кауіпсіздік комитетті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 19 наурыздағы
№ 121 Бұйрыққа 1-қосымша
"Жер қойнауын пайдалануға
арналған келісімшарт, барлауға
арналған лицензия немесе қатты
пайдалы қазбаларды өндіруге
арналған лицензия негізінде
туындаған жер қойнауын
пайдалану құқығын (жер
қойнауын пайдалану
құқығындағы үлесті)
ауыстыруға, сондай-ақ жер
қойнауын пайдалану құқығымен
байланысты объектілерді
ауыстыруға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 1-қосымша

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) ауыстыруға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру туралы өтініш

      __________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын.

      1. Сатып алынатын жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерге нұсқау: _______________________________________________________;

      2. Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысу негіздемесі: _________________________________________________________;

      3. Барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) сатып алу ниеті бар адамның осындай жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде қойылатын Кодекс талаптарына сәйкестігін растайтын қаржылық және техникалық мүмкіндіктері туралы мәліметтер (жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыру кезінде талап етілмейді):

      _____________________________________________________________________;

      4. Көрсетілетін қызметті алушы қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғалар, ұйымдар мен мемлекеттер туралы мәліметтер.

      Өзім (-іміз) туралы мәліметтерді ұсынамын:

      заңды тұлға үшін:

      атауы _______________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________

      телефон нөмірі (факс): ___________________________________________________

      ұялы телефон нөмірі: ____________________________________________________

      e-mail: _________________________________________________________________

      банк деректемелері: ______________________________________________________

      банк сәйкестендіру коды __________________________________________________

      банктің атауы ____________________________________________________________

      бенефициар коды __________________________________________________________

      Өтінішке қоса беріледі:

      1) ______________________________________________________________________

      2) ______________________________________________________________________;

      жеке тұлға үшін:

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      паспорттық деректер _____________________________________________________

      азаматтығы _____________________________________________________________

      телефон нөмірі (факс): ____________________________________________________

      ұялы телефон нөмері: _____________________________________________________

      e-mail: __________________________________________________________________

      банк деректемелері: _______________________________________________________

      банк сәйкестендіру коды ___________________________________________________

      банктің атауы ____________________________________________________________

      бенефициар коды __________________________________________________________

      Өтінішке қоса беріледі:

      1) ________________________________________________________________________

      2) _______________________________________________________________________;

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-дан деректері;

      Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.

      20 __ жылғы "___" __________ _______ сағат__________минут.

  Бұйрыққа 2-қосымша
"Жер қойнауын пайдалануға
арналған келісімшарт, барлауға
арналған лицензия немесе қатты
пайдалы қазбаларды өндіруге
арналған лицензия негізінде
туындаған жер қойнауын
пайдалану құқығын (жер
қойнауын пайдалану
құқығындағы үлесті)
ауыстыруға, сондай-ақ жер
қойнауын пайдалану құқығымен
байланысты объектілерді
ауыстыруға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 2-қосымша

"Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) ауыстыруға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Бір ай ішінде, ал ұлттық қауіпсіздік органдарының мүдделерін қозғайтын ірі кен орындары мен жер қойнауы учаскелері бойынша – өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды алған күннен бастап үш ай ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) ауыстыруға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру не дәлелді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесі

1) ЖҚПБП – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке және демалыс күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Республикадағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Рұқсат беру туралы өтініште:
1) алынатын жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) не жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге нұсқауды;
2) жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектінің ауысу негізін;
3) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру, уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) алу ниеті бар тұлғаның жер қойнауын пайдаланудың осындай құқығын беру кезінде қойылатын осы Кодекс талаптарына сәйкестігін растайтын оның қаржылық және техникалық мүмкіндіктері туралы мәліметтерді;
4) көрсетілетін қызметті алушының өтініште және оған қоса берілетін құжаттарда өзі туралы көрсетілген барлық мәліметтердің анық екендігі туралы жазбаша растауын;
5) көрсетілетін қызметті алушының атынан өтінішке қол қойған тұлғаның тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаты туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздердің бірі болған кезде лицензия беруден бас тартады:
1) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы;
2) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауына, оның ішінде жер қойнауын пайдалану құқықтарының шоғырлануына алып келсе;
3) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде құқықтардың шоғырлануына алып келсе;
4) егер рұқсат беру туралы өтініш осы Кодекс талаптарына сәйкес келмесе;
5) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына осы Кодексте тыйым салынған болса;
6) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы қолданылған әкімшілік жазаға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды немесе жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуге тыйым салынған жер қойнауы учаскесі бойынша жүзеге асырылатын болса;
7) мемлекет басым құқығын іске асыратын болса;
8) егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес келмейтін болса;
9) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
10) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
11) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
12) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
13) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы бірыңғай байланыс орталығы: 1465.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады