Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2026 жылғы 17 наурыздағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 наурызда № 38220 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12457 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кассациялық сатыдағы сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында хаттама жүргізілмейді, бұл ретте сот отырыстарының аудио-, бейнежазбалары осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген мақсаттарда пайдаланылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімі:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігі басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігінің басшысы
Н. АХМЕТЗАКИРОВ

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады