Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 27 наурыздағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 наурызда № 38219 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
  Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 27 наурыздағы
№ 35 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21532 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 9-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру тәртібін айқындайды.";

      6-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) туберкулез ауруы диагнозы қойылған әрбір науқасқа осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес туберкулез диагнозы қойылған науқас туралы шұғыл хабарлама толтырылады, ол күнтізбелік 3 күн ішінде аудандық (қалалық) фтизиопульмонологиялық ұйымға (бөлімшеге, кабинетке) және аумақтық бөлімшеге жіберіледі. Өліміне себепші болған "Белсенді туберкулез" диагнозы қайтыс болғаннан кейін анықталған жағдайда диагнозды дәрігер-фтизиатрдың растауы ұсынылады және аумақтық бөлімшеге шұғыл хабархат беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27348 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Туберкулездің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне және медициналық көмек көрсету деңгейіне қарамастан медициналық ұйымдардың барлық мамандықтағы медицина қызметкерлері жүзеге асыратын:

      1) пациенттің медициналық көмекке жүгінуі кезінде;

      2) стационарлық және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде;

      3) медициналық қарап-тексеруді жүргізу кезінде;

      4) диагностикалық сынамалар және туберкулезге қарсы иммундау жүргізу кезінде науқастарды анықтауды қамтиды.

      4. Медициналық ұйымға туберкулезбен сырқаттануын көрсететін симптомдары бар пациенттер жүгінген кезде меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне және медициналық көмек көрсету деңгейіне қарамастан медициналық ұйымдардың мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21695 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-214/2020 бұйрық) бекітілген Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес рентгенологиялық және бактериологиялық зерттей отырып (қақырық жағындысын және патологиялық материалды молекулалық-генетикалық әдіспен зерттеу және микроскопия), толық клиникалық және құрал-саймандық зерттеп-қарау жүргізеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Халықтың ауру тәуекелі жоғары және міндетті флюорографиялық зерттеп-қарауға жататын нысаналы топтары арасында флюорографиялық зерттеп-қарау жоспарын жасау терапиялық учаскелер бөлінісінде аумақтық-өндірістік қағидат бойынша және тіркелген халықтың тіркелімі бойынша ай сайын және өсімі бойынша жүргізіледі. Емхана бойынша флюорографиялық зерттеп-қарау жоспарын бір ай ішінде осы ұйымның басшысы бекітеді және ФО-ның басшысымен, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің басшыларымен 5 жұмыс күні ішінде келісіледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Балалардағы туберкулезді ерте анықтау мақсатында туберкулинмен теріішілік аллергиялық сынама (Манту сынамасы) және рекомбинантты туберкулез аллергені бар сынама қолданылады. Туберкулин диагностикасы және рекомбинантты туберкулез аллергені бар сынама қою № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне және медициналық көмек көрсету деңгейіне қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың медицина қызметкерлері:

      1) аурудың клиникалық белгілері бар адамдар арасында молекулалық-генетикалық әдісті және қақырық жағындысының микроскопиясын және халықтың ауру тәуекелі жоғары және міндетті флюорографиялық зерттеп-қарауға жататын нысаналы топтары арасында флюорография әдісін пайдалана отырып, туберкулезді ерте анықтауды;

      2) латентті туберкулез инфекциясын анықтауды;

      3) бақыланатын емдеуді жүргізуді;

      4) халық арасында туберкулездің алғашқы белгілері және оның алдын алу әдістері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады.

      20. Меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне және медициналық көмек көрсету деңгейіне қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың медицина қызметкері қақырықты жинауды және оны зерттеу үшін зертханаға уақтылы жеткізуді жүзеге асырады. Қақырық жинауды ФО-да оқыған және жыл сайын қақырық жинау бойынша қайта даярлаудан өтетін медицина қызметкері жүргізеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне және медициналық көмек көрсету деңгейіне қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда және стационарлық жағдайларда флюорографиялық түсірімді және рентген түсірімді талдау ақпараттық жүйеге нәтижелерін енгізе отырып, медициналық ұйым басшысының бұйрығына сәйкес үш жұмыс күні ішінде екі кезеңде (екі рет оқу) жүргізіледі. Жеке медициналық кітапшалардағы жұмысқа рұқсат қайта (екінші) оқу нәтижесі негізінде қойылады.";

      24-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қақырықты жинау бөлмесінде тікелей қақырық жинау үшін пайдаланылатын үй-жайдың бір бөлігі бүкіл биіктігі бойынша жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан жасалған қалқамен бөлінеді. Қақырықты жинау бөлмесі бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен, ингалятормен, антисептикалық сабыны және антисептик ерітіндісі бар дозаторы бар қол жууға арналған раковинамен және қағаз немесе электр сүлгілермен, дезинфекциялық ерітіндісі бар сыйымдылықтармен, таза контейнерлерге және қақырығы бар контейнерлерге арналған сыйымдылықтармен жарақталады, үй-жайлардың ауа алмасу жиілігі сағатына кемінде он екі рет жергілікті желдету жүйесімен, патологиялық материалдың үлгілерін сақтауға арналған тоңазытқышпен жабдықталады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Туберкулезге қарсы профилактикалық егулердің жоспарын және медициналық ұйымдарды медициналық иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз етуді медициналық ұйымдардың басшылары бекітеді, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен 5 жұмыс күні ішінде келісіледі.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Профилактикалық егулер жоспарын егу жұмыстарын жүргізуге жауапты босандыру ұйымдарының және тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдардың, білім беру ұйымдары мен әлеуметтік мекемелердің (балалар үйі, интернаттық ұйымдар) медицина қызметкерлері жасайды.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Профилактикалық егулерді жоспарлау кезінде білім беру ұйымдарына, балалар үйлеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына, интернаттық ұйымдарға баратын балаларды есепке алу ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан жылына бір рет жүргізіледі.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Оқшаулаудың барлық нысанындағы туберкулез диагнозы қойылған әрбір науқасқа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21532 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрық) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес шұғыл хабархат толтырылады, ол күнтізбелік үш күнде ФО-ға (бөлімше, кабинет) және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесіне жіберіледі. Өлімге себепші болған "Белсенді туберкулез" диагнозы қайтыс болғаннан кейін қойылған жағдайда, сондай-ақ белсенді туберкулез анықталған барлық жағдайларда диагнозды фтизиатр-дәрігердің растауы ұсынылады және шұғыл хабархат № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрықпен көзделген тәртіппен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесіне жіберіледі.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Туберкулез инфекциясы ошағындағы санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар мыналарды қамтиды:

      1) туберкулезбен ауыратын науқасты туберкулезге қарсы препараттармен емдеу және бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқасты стационарлық жағдайда оқшаулау;

      2) науқас анықталған күннен бастап үш апта мерзімде байланыста болған адамдарды бастапқы зерттеп-қарау (клиникалық-рентгенологиялық, Манту сынамасын қою, туберкулез рекомбинантты аллергені бар тест, молекулалық-генетикалық әдіспен зерттеу);

      3) көрсетілімдер бойынша байланыста болған адамдарға № ҚР ДСМ 214/2020 бұйрыққа сәйкес латентті туберкулез инфекциясына профилактикалық емдеу жүргізу;

      4) дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізу;

      5) медицина қызметкерлерінің (оның ішінде фтизиатр дәрігерлері) науқастар мен олардың отбасы мүшелерін санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимдерді сақтау, инфекция жұқтырудың алдын алуға бағытталған қорғау шаралары, ағымдағы дезинфекция жүргізу бойынша санитариялық оқыту.";

      47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Туберкулезбен ауыратындардың санын ТАНҰТ АЖ-да есепте туберкулезбен ауыратындардың нақты санымен салыстыруды ФО фтизиатрлары және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелерінің мамандары ай сайын жүргізеді. МСАК және ФО фтизиатрлары ай сайын аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелеріне туберкулезбен ауыратын науқастар туралы деректерді жібереді және туберкулез бойынша есептілікке салыстырып тексеру жүргізеді.

      48. Туберкулез ошақтарына әрбір бару нәтижелері "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-84 бұйрық) бекітілген № 278/е нысаны бойынша эпидемиологиялық зерттеп-қарау картасында көрсетіледі.";

      50, 51, 52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Бастапқы іс-шаралар бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқасты дайындалған медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен оқшаулауды және емдеуді, қорытынды дезинфекциялау жүргізуді және бақылауды, туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарды анықтауды және оларды ТАНҰТ АЖ -ға есепке қоя отырып, зерттеп-қарауды қамтиды.

      51. Науқасты бактерия бөлетін науқас ретінде есепке алғаннан кейін алғашқы үш жұмыс күні ішінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесінің бейінді маманы МСАК-тың фтизиатрларымен бірлесіп № ҚР ДСМ-84 бұйрыққа сәйкес № 278/е нысан бойынша "Туберкулездің бациллярлық нысанының ошағын эпидемиологиялық тексеру картасын" толтыра отырып, ошаққа бастапқы эпидемиологиялық зерттеп-қарау жүргізеді.

      52. Ошақты алғашқы зерттеп-қарау кезінде науқас және оның отбасы мүшелері (туыстары, таныстары, достары, көршілері) туралы мәліметтерді, оның ішінде науқастың жұмыс орны мен сипатын, оларды есепке қою үшін байланыста болған адамдардың тізімін анықтайды. Байланыста болған адамдардың тізімі соңғы үш ай ішінде науқаспен байланыста болған адамдарды ескере отырып нақтыланады.

      53. Туберкулезбен ауыратын науқастар тіркелген әр жағдайда (өкпеден тыс туберкулезді қоспағанда) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесінің бейінді маманы МСАК, ФО фтизиатр-дәрігерімен және осы ұйымның медицина қызметкерімен және оның басшысымен бірлесіп "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34998 болып тіркелген) сәйкес эпидемиологиялық тергеп-тексеру актісін жасай отырып, науқастың жұмыс (оқу) орны бойынша эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізеді.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Туберкулезбен ауыратын науқас туралы хабарламаны алғаннан кейін (өкпеден тыс туберкулезді қоспағанда) күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей МСАК, ФО фтизиатр-дәрігері және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесінің бейінді маманы санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарын тарта отырып, жұмыс (оқу) орнына эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізеді. Фтизиатр-дәрігерлермен және МСАК қызметкерлерімен бірлесіп байланыста болған адамдар тобын және ошақтың шекарасын аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесінің бейінді маманы айқындайды.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесінің бейінді маманы барлық байланыста болған адамдар туралы мәліметтерді зерттеп-қарау үшін меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне және медициналық көмек көрсету деңгейіне қарамастан тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымға және МСАК-тың фтизиатрына береді.";

      73-тармақ алып тасталсын;

      89 және 90-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның мамандарынан өтінім алған уақыттан бастап ауруханаға жатқызылған, оқшауланған, сауыққан немесе қайтыс болған кезден бастап бір тәулік ішінде дезинфекциялауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді.

      Қорытынды дезинфекция бактерия бөлетін туберкулез жағдайлары тіркелген кезде ошақта жүргізіледі.

      90. Қорытынды дезинфекциялауды науқас ошақтан шыққан және үйде қайтыс болған, тұрғылықты жері өзгерген кезде, көшкеннен кейін (пәтерлерді немесе бөлмені заттарымен өңдеу) барлық жағдайларда жүзеге асырады.

      Төсек жабдықтары (матрацтар, жастықтар, көрпелер) камералық дезинфекция әдісімен зарарсыздандырылады.";

      91-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын.

      3. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34998 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілген халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларында:

      көрсетілген қағидалардың 1-қосымшасы осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы
мемлекеттік органға
инфекциялық аурулар, улану
оқиғалары туралы ақпарат
(шұғыл хабархат) беру
қағидаларына 2-қосымша

Туберкулез ауруы диагнозы бар науқас туралы ШҰҒЫЛ ХАБАРХАТ

ЭКСТРЕННОЕ ИЗВЕЩЕНИЕ о больном c диагнозом туберкулез

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      (Фамилия, имя, отчество (при наличии)

      _____________________________________________________________________

      2. Жұмыс орны (Место работы) _________________________________________

      лауазымы (должность) _________________________________________________

      3. Жынысы (Пол) _____________________________________________________

      4. Туған күні (Дата рождения) ___________________________________________

      5. Отбасы жағдайы: үйленген (тұрмыс құрған), бойдақ (тұрмыс құрмаған), ажырасқан, жесір

      (Семейное положение: (женат, (замужем), холост (не замужем), разведен (а), вдовец (вдова) ___________________________________________________________________

      6. Қаралу күні (Дата обращения) _______________________________________

      жылы, айы, күні (год, месяц, число)

      7. Диагноз қойылған күн (Дата установления диагноза) ___________________

      8. Мекенжайы, елді мекен (Адрес, населенный пункт) ____________________

      көшесі (улица) ____________үй (дом), ______ пәтер (квартира)

      9. Қала тұрғыны, ауыл тұрғыны (жазыңыз)

      (Городской житель, сельский житель (вписать) ___________________________

      10. Толық диагнозы (Полный диагноз) __________________________________

      ___________________________________________________________________

      11. Жаңа жағдай/ Аурудың рецидиві (жазыңыз)

      (Новый случай/ Рецидив (прописать) ___________________________________

      12. Болжамды жұқтыру ошағы (Предполагаемый источник заражения)

      ___________________________________________________________________

      13. Диагноз зертханалық зерттеумен расталды ма, рентген деректері, туберкулез

      науқастарында Кох бацилласының (КБ) болуын көрсету;

      (Подтвержден ли диагноз лабораторным исследованием, данными рентгена, для

      туберкулезных больных указать наличие бациллы Коха (БК)

      ___________________________________________________________________

      14. Аурудың анықталуы: жүгінген кезінде, профилактикалық қаралу кезінде, стационарда зерттеп-қаралу кезінде (астын сызыңыз, жетпегенін жазыңыз)

      (Заболевание выявлено: при обращении, при профилактическом осмотре, при обследовании в стационаре (подчеркнуть, вписать недостающее)

      ____________________________________________________________________

      15. Байланыста болған адамдар туралы деректер (Данные о контактных лицах)

Р/с
№ п/п

ТӘА
(ФИО)

Туған күні
(Дата рождения)

Науқасқа қатысы
(Отношение к больному)

Мекенжайы
(Адрес)

Шақыртылған күні
(Дата вызова)

Зерттеп-қарауға тартылған күн
(Дата привлечения к обследованию)

Диагнозы









































      Дәрігер (Врач) ________________________________________________________

      ТАӘ (ФИО) Қолы (Подпись врача) _______________________________________

      Хабархат мынадай аурулардың түрлеріне толтырылады:

      (Извещение составляется на следующие формы заболеваний):

      1. Алғашқы туберкулез инфекциясы (Первичная туберкулезная инфекция)

      ______________________________________________________________________

      2. Өкпе туберкулезі (Туберкулез легких) ____________________________________

      3. Тыныс алу ағзалары туберкулезінің басқа түрлері

      (Другие формы туберкулеза органов дыхания) _______________________________

      4. Ми қабықтары мен орталық жүйке жүйелерінің туберкулезі

      (Туберкулез мозговых оболочек и центральной нервной системы) ______________

      5. Ішек, ішперде, шажырқай бездері туберкулезі

      (Туберкулез кишечника, брюшины и брызжеечных желез) _____________________

      6. Сүйек және буын туберкулезі (Туберкулез костей и суставов) _______________

      _____________________________________________________________________

      7. Несеп-жыныс ағзалары туберкулезі (Туберкулез мочеполовых органов)

      ______________________________________________________________________

      8. Басқа ағзалар туберкулезі (Туберкулез других органов) ____________________

      9. Милиар туберкулезі (Милиарный туберкулез) _____________________________

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласында
тергеп-тексеру жүргізу
қағидаларына 1-қосымша

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізілетін жағдайлардың тізбесі

      1. Тергеп-тексеру адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, мұндай факт тұлғалардың кең тобына қатысты болған және бұзушылықтарға жол берген нақты бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) анықтау талап етілетін жағдайларда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары негізінде келесі жағдайларда жүргізіледі:

      1) сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) радиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптардың сақтамалмауы;

      3) медициналық ұйымдарда және объектілерде медициналық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру, пайдалану және кәдеге жарату қағидаларының сақталмауы;

      4) ұйымдасқан ұжымдарда тамақтандыруды ұйымдастыруға және, тұру жағдайларына қойылатын талаптардың сақталмауы;

      5) жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары (автомобиль, теміржол, су, әуе) мен ұйымдарына қойылатын талаптардың сақталмауы;

      6) жуу, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын пайдалануға, қолдануға және сақтауға, зарарсыздандыруды, стерилизациялау, дезинфекциялау, дезинсекциялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптардың сақталмауы;

      7) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалауға жататын объектілерде иондамайтын сәулелену параметрлерінің және физикалық факторлардың гигиеналық нормативтер талаптарына сәйкес келмеуі;

      8) иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер, оның ішінде қайтыс болу;

      9) инфекциялық, паразиттік ауруларды және (немесе) уланулар, оның ішінде 1-кестеге сәйкес олардан қайтыс болу;

      2. Тергеп-тексеру мемлекеттік органдар немесе денсаулық сақтау объектілері беретін ақпарат және шұғыл хабарлама бойынша мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер, оның ішінде олардан қайтыс болу:

      ауыр ИКҚК – өмірге қауіпті немесе өлімге, емдеуге жатқызуға, айтарлықтай еңбек ету қабiлетiнен айырылуға немесе туа біткен аномалияға әкелген көріністер;

      топтық ИКҚК – егілген вакцина бойынша және (немесе) уақыты бойынша және (немесе) вакцинаны егу орыны бойынша байланысы бар ИКҚК-ға ұқсас 2 және одан көп жағдайлар;

      күтілетін жиіліктен жоғары немесе ерекше ауыр ИКҚК жағдайының тіркелуі;

      дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы сараптама ұйымының ұсынысы бойынша немесе орталық бақылау және қадағалау органының шешімі бойынша басқа ИКҚК (иммундаудың болжамды қатесі, ата-аналарға немесе жұртшылыққа айтарлықтай алаңдаушылық тудыратын жағдайлар);

      2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және (немесе) уланулар, оның ішінде 1-кестеге сәйкес олардан қайтыс болу;

      3) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды (оның ішінде уытты, радиоактивті, биологиялық және химиялық заттар, улар мен улы заттар, биологиялық және микробиологиялық организмдер мен олардың токсиндері, биологиялық құралдар мен материалдар) қолдану және пайдалану кезіндегі уланулар;

      4) кәсіптік қызметпен байланысты емес жіті сәулелік ауру, оның ішінде олардан қайтыс болу;

      5) жітінемесе созылмалы кәсіптік ауруларжәне (немесе) уланулар тіркелуі (күдігі), оның ішінде олардан қайтыс болу.

      3. Тергеп-тексерулер өнімді бақылау мақсатында сатып алу кезінде өнімді зерттеу нәтижелері бойынша келесі жағдайларда жүргізіледі:

      1) нормалау құжаттарына, стандарттау жөніндегі құжаттарға және (немесе) дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес өнімнің (тауарлардың) жарамдылық мерзімі немесе өндірілген күні белгісіз өнімдердің анықталуы;

      2) осы өнімнің атауы, қолданылу мақсаты, құрамы, сақтау және қолдану шарттары бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде өнімді таңбалаудың болмауы;

      3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормалау құжаттарында көзделген қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша өнімді (тауарларды) зертханалық зерттеу нәтижелерінің сәйкес келмеуі;

      4) таңбалауда өндіруші көрсеткен ақпаратқа сәйкес келмеуі;

      5) дайын тамақ өнімдерімен жанасуға арналмаған қаптамада тамақ өнімдерінің анықталуы.

      1-кесте

1. Инфекциялық аурулар:

1.

тырысқақ (A00)

аурудың әрбір жағдайы тіркелген кезде

2.

іш сүзегі (A01. 0)

3.

А, В, С, нақтыланбаған қылау (А01.1-А01.4)

4.

басқа да сальмонеллез инфекциялары (А02)

1) қоғамдық тамақтану және тамақ саудасы, сумен жабдықтау, мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың жіті ішек инфекциялары, сальмонеллезі кезінде;
2) мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, балалар үйлеріне және медициналық-әлеуметтік мекемелерге баратын балалар ауырған жағдайда;
3) психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсететін ұйымдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, балалар үйлерінің, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері ауырған жағдайда;
4) бір инкубациялық кезең ішінде бір ошақта аурудың үш және одан да көп жағдайлары тіркелген кезде.

5.

шигеллез (бактериялық дизентерия) (А03)

6.

басқа да бактериялық ішек инфекциялары (А04.0-04.5; А04.7-А04.9)

7.

Yersіnіaenterocolіtіca тудырған энтерит (иерсиниоз) (А04.6)

8.

амебиаз (А06)

9.

вирусты және басқа да нақтыланған ішек инфекциялары (А08)

10.

ротавирусты энтерит (A08.0)

11.

басқа айдарларда аурулардың жіктелмеген басқа да бактериялық тамақтан уланулар (А05)

бір инкубациялық кезең ішінде бір ошақта аурудың үш және одан да көп жағдайлары тіркелгенде

12.

туберкулез (А15, А16, А19)

туберкулез ауруы жағдайлары тіркелгенде

13.

оба (А20)

аурудың әрбір жағдайын тіркеу кезінде

14.

туляремия (А21)

15.

күйдіргі (А22)

16.

бруцеллез (А23)

17.

лептоспироз (А27)

18.

пастереллез (А28.0)

19.

листериоз (А32)

20.

сіреспе (А33-А35)

21.

дифтерия (А36)

22.

көкжөтел (А37)

23.

жәншау (А38)

24.

желшешек (В01)

бір ұйымдасқан топта үш және одан да көп байланысты іс тіркелген кезде.

25.

менингококк инфекциясы (А39)

аурудың әрбір жағдайын тіркеу кезінде

26.

нақтыланбаған бактериалдық менингит (G 00.9)

27.

легионерлер ауруы (А48.1)

28.

орнитоз, пситтакоз (А70)

29.

риккетсиозы (А75-А79)

30.

жіті полиомиелит (А80)

31.

нақтыланбаған және басқа да параличті жіті полиомиелиті (А80.3)

32.

құтырма (А82)

33.

буынаяқтылар арқылы берілетін вирусты қызбалар мен вирусты геморрагиялық қызбалар (А92-А99)

34.

сары қызба (А95)

35.

қызылша (В05)

36.

қызамық (В06)

37.

аусыл (В08.8);

38.

вирусты гепатит (В15-В18)

39.

созылмалы вирусты гепатит

жаңадан анықталған жағдайды тіркеу кезінде

40.

эпидемиялық паротит (В26)

аурудың әрбір жағдайын тіркеу кезінде

41.

Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар

42.

жануарлардың және басқа да сүтқоректілердің шағуы және сілекейі

антирабиялық көмек көрсетудің бұзылуы анықталған кезде

43.

дифтерия қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.2)

аурудың әрбір жағдайын тіркеу кезінде

2. Паразиттік аурулар:

44.

 Лайм ауруы (A69.2)

аурудың әрбір жағдайын тіркеу кезінде

45.

вирустық кене энцефалиті (А84)

46.

дерматофития, оның ішінде эпидермофития, трихофития, микроспория, фавус (В35)

47.

безгек (В50-В54)

48.

лейшманиоз (В55)

49.

гельминтоздар (В65-В83)

50.

трихинеллез

51.

Тениаринхоз

52.

Тениоз

53.

Аскаридоз

54.

Трихоцефалез

55.

Описторхоз

56.

Дифиллоботриоз

57.

Эхинококкоза

58.

Альвеококкоз

59.

энтеробиоз

білім беру объектілерінде және білім беру объектілеріне баратын балалардың үй ошақтарында-үш және одан да көп жағдай, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында және интернаттық ұйымдарда-әрбір жағдайда

60.

гименолепидоз

білім беру объектілерінде және білім беру объектілеріне баратын балалардың үй ошақтарында-үш және одан да көп жағдай, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында және интернаттық ұйымдарда-әрбір жағдайда

61.

лямблиоз

балалардың ұйымдасқан топтарында аурудың үш және одан да көп жағдайлары тіркелген кезде

62.

педикулез (В85)

бір ұйымдасқан ұжымда бір-бірімен байланысты үш және одан да көп жағдайды тіркеу кезінде (білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінде)

63.

қышыма (В86)

бір ұйымдасқан ұжымда бір-бірімен байланысты үш және одан да көп жағдайды тіркеу кезінде (білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінде)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады