"Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметінің өкілеттіктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 наурызда № 38214 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметінің өкілеттіктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10972 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидалары және аумағында бірыңғай кезекші-диспетчерлік "112" қызметінің өкілеттігін жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Төтенше жағдайлар туындаған, адамдардың өміріне қауіп төнген және денсаулығына зиян келтірген кезде және өзге де шұғыл көмек шараларын қабылдауды талап ететін жағдайларда БКДҚБ өзара іс-қимыл жасасатын кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің жұмысын үйлестіреді. Бұл үшін БКДҚБ орналасқан жерде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелермен, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы байланыс инфрақұрылымымен ықпалдасады.";

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады