ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 68) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 68) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит қызметін жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу аттестатын (бұдан әрі – Аккредиттеу) алу үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқор" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – Портал) "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтініш береді.";
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2- қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.";
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, ғимараттың немесе үй-жайдың бар-жоғы, көрсетілетін қызмет алушы жұмыскерлерінің білімі және еңбек қызметі (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";
4-тармақтың сегізінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Цифрлық жүйенің ақауы болған жағдайда, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаларды жіберуге кедергі келтіретін өзге де жағдайлар туындаған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі техникалық істен шығудың пайда болуы анықталған сәттен бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін) шаралар қабылдайды";
9-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы бұйрықтың 1-тармағының он жетінші абзацы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.".
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы өтініш
Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы) өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына аттестат беруіңізді сұраймын.
Ұйымның орналасқан жері: ______________________________________
Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
куәліктің № және күні ____________________ ЖСН / БСН __________________
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Басшы _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда) _____________________ (күні)
