ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙРАМЫН:
1. "Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36695 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 90) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 90) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру тәртібін айқындайды.";
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) алу үшін тапсырыс беруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Е-лицензиялау "Мемлекеттік деректер базасы" цифрлық жүйесіндегі "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алуға өтініш береді.";
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.";
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.";
он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Цифрлық жүйелер істен шыққан жағдайда, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламалар жіберуге кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі техникалық іркілістер пайда болған кезден бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін дереу шаралар қабылдайды (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.";
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетінші, сегізінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы бұйрықтың 1-тармағының он үшінші абзацы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.".
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беруге өтініш
Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін қарауыңызды және
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы)
объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беруіңізді сұраймын.
Объектінің орналасқан жері: ________________________________________________
Тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің № және күні
____________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басшы
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____________________
(күні)
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2026 жылғы 26 наурыздағы № 126 бұйрығына 2-қосымша Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларына 2-қосымша |
