"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қызметінің қағидалары, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Мына:
1) "Бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алатын еншiлес ұйым қызметі қағидаларын, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 61 қаулысының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 16795 болып тіркелген);
2) "Бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алатын еншiлес ұйым қызметі қағидаларын, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 61 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 51 қаулысының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 наурызда № 22353 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 14 қаулысымен бекітілген |
Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қызметінің қағидалары, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге қойылатын талаптар
1. Осы Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қызметінің қағидалары, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 30-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қызметінің тәртібін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Қағидалардың мақсаттары үшін стрестік активтер деп мыналар түсініледі:
1) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларының 10-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкес құнсыздану белгілері анықталған барлық жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде банктерге қойылатын талаптар, сондай-ақ шартты міндеттемелер Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 61 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36994 болып тіркелген);
2) жылжымалы және жылжымайтын мүлік және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасын өндіріп алуды қолдану (өзге де қамтамасыз ету) және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде банк бұрын сатып алған аяқталмаған құрылыс объектілері;
3) жылжымалы және жылжымайтын мүлік, оның ішінде банктік қарыз шарты бойынша борышкерге қатысты жүргізілетін оңалту рәсімі немесе банкроттық рәсімі шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың кері қайтарып алу нәтижесінде банк бұрын сатып алған аяқталмаған құрылыс объектілері.
3. Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым Банктер туралы Заңның 30-бабы 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерінен басқа, стрестік активтерінің сапасын жақсарту мақсатында мынадай қызмет түрлерін:
1) меншікті мүлікті жалға (мүліктік жалдауға), қаржылық лизингке, сенімгерлік басқаруға беруге және (немесе) уақытша өтеулі пайдалануға берудің өзге де нысандарын пайдалануға, оның ішінде;
Заңның 30-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік;
банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына өндіріп алу (өзге де қамтамасыз ету) және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына кері қайтарып алу нәтижесінде стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым сатып алған мүлік;
стрестік активтердің сапасын жақсарту шеңберінде стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым жаңадан құрған және (немесе) сатып алған мүлік;
2) Қазақстан Республикасында еншілес ұйымдар құру;
3) банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына өндіріп алу (өзге де қамтамасыз ету) және (немесе) банк активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымға берген банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін қайтарып алу нәтижесінде банк бұрын иеленген акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдардағы үлестік қатысудың өзге де нысандарын (оның ішінде дауыс беру құқығын іске асыру және дивидендтер немесе өзге табыс алу арқылы) сатып алуға және өткізуге;
4) меншікті мүлкін сату, оның ішінде:
Банктер туралы заңның 30-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік;
банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану (өзге де қамтамасыз ету) және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына кері қайтарып алу нәтижесінде стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым иеленген мүлік;
стрестік активтердің сапасын жақсарту шеңберінде стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым жаңадан құрған және (немесе) иеленген мүлік;
5) Стрестік активтерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) көрсетілген Іс-шараларды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қарыздар беруді;
6) "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында сәйкес стрестік атиквтерге қатысты активтерді секьюритилендіру және жобалық қаржыландырудың мәмілелер жүргізу;
7) жер учаскелерін және (немесе) аяқталмаған құрылыс объектілерін, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілерін салуға (салуды аяқтауға) және (немесе) оларды пайдалануға беруге байланысты көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде жобалау және мердігерлік ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін сатып алу;
8) банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану (өзге қамтамасыз ету) және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін қайтарып алу нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен мүлікпен және (немесе) мүліктік кешенмен тығыз байланысты жылжымалы мүлікті сатып алуға қатысу;
9) стрестік активтерді сату және (немесе) басқару нәтижесінде алынған ақшаны мына мақсаттарға пайдалану:
өз шығындарын жабу;
бас банкке дивидендтер төлеу;
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген еншілес ұйымдардың жарғылық капиталына салым енгізу;
Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған бағалы қағаздарды сатып алу;
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде депозиттер ашу
10) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен кепіл ұстаушының стрестік активтерді басқару барысында стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның өз бетінше жасаған кепіл шарттары бойынша құқықтарын іске асыру;
11) қаржы ұйымдарының, бағалаушылардың, аудиторлардың және басқа да кәсіби консультанттардың стрестік активтердің құнын бағалау, сенімгерлік басқару, қайта құрылымдау және (немесе) қалпына келтіру (арттыру) бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
12) Іс-шаралар жоспарына сәйкес стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым сатып алған мүлікке және (немесе) мүліктік кешенге байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (лицензияланатын қызмет түрлерін қоса алғанда) өндіру және өткізу;
13) агенттік, риэлторлық, консультациялық, заңгерлік қызметтерді қоса алғанда, стрестік активтерді сатып алуға және басқаруға байланысты заңды тұлғаларға ақылы негізде қызметтер көрсету, сондай-ақ кредитордың мүдделерін үшінші тұлғалар алдында және сотта ұсыну;
14) өз қажеттіліктері үшін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу;
15) қатысу арқылы стрестік активтер бойынша кепілге салынған мүлікті сатып алу:
банк өткізетін соттан тыс сауда-саттықта (аукционда);
борышкердің кепілге қойылған мүлікті дербес өткізу рәсімдерінде;
банкроттық рәсімдері, оңалту рәсімдері немесе атқарушылық іс жүргізу шеңберінде жүргізілетін электрондық аукционда;
16) консорциум құру (бірлескен қызмет туралы шарт жасасу) және (немесе) инвестордың жарғылық капиталына қатысу арқылы инвесторлармен бірлесіп стрестік активтерді басқару;
17) егер стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қабылдаған стресстік активтерді жақсарту жөніндегі шаралар еншілес ұйымның стресстік активтерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары мен бизнес-жоспарының орындалуына әкеп соқпаған жағдайда, өз балансынан үмітсіз қарыздарды есептен шығару.
4. Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым Іс-шаралар жоспары болған кезде стрестік активтерді иеленуді және (немесе) басқаруды жүзеге асырады.
Іс-шаралар жоспарында мыналар:
1) активтердің және (немесе) қамтамасыз ету түрлері бойынша төмендегідей бөлінген стрестік активтердің түрлері:
аяқталған коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлік;
салынып жатқан коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлік;
жер учаскелері;
жеке және заңды тұлғалар қарыз алушыларға талап ету құқықтары (бұл ретте, корпоративтік қарыз алушылар экономиканың түрлері (салалары) бойынша бөлінеді);
банктік қарыз шарты бойынша кепіл нысанасын өндіріп алу (өзге де қамтамасыз ету) және (немесе) банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін алу нәтижесінде банк бұрын сатып алған стрестік активтер;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген стрестік активтердің бағалау құны бойынша ақпарат;
3) стрестік активтерді басқарудың кезеңдік мерзімдері және еншілес ұйымның әр активті басқаруға бағытталған функциясы;
4) банк белгілеген активтердің әрбір түрін басқару мерзімдері;
5) стрестік активтің сапасын жақсартуға, бағытталған шаралардың сипаты, оның ішінде, бастапқы құнын жақсарту, қалыпқа келтіру, қалпына келтіру, қайта құрылымдау, қосымша қаржыландыру және капиталдандыру, жобалық қаржыландыру және (немесе) инвестициялау шеңберінде стрестік активтің құнын өсіру;
6) стрестік активтерді иелену мен пайдаланудан (іске асыру, секьюритилендіру, жалға беру, қаржы лизингі, сенімгерлік басқару немесе стрестік активтерді уақытша өтеулі пайдалануға берудің өзге де нысандарын пайдалану) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның кіріс алу көздері;
7) дауларды сотқа дейін шешу, шағым-талап өндірісі және ықтимал құқықтық және өзге де тәуекелдер шеңберінде жүргізілетін стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның іс-әрекеттерін сипаттау;
8) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның шығыстары мен кірістерін, сондай-ақ сатып алынған стрестік активтер бойынша банк алдындағы міндеттемелерді өтеуге (қызмет көрсетуге) арналған стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның қызметі кезеңіндегі ақша қаражатының қозғалысын болжау;
9) әкімшілік шығыстардың, оның ішінде стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды басқаруға және оның шаруашылық қызметіне тартылған бас банктің басшы қызметкерлеріне сыйақы беру бойынша әкімшілік шығыстардың мөлшері;
10) Іс-шаралар жоспарын орындауға мониторинг жүргізу негізінде стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның қызметі жөніндегі есепті жасауға қойылатын талаптар;
11) бас банктің және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның мониторингке және Іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлері жөніндегі ақпарат қамтылған.
5. Іс-шаралар жоспарын бас банктің директорлар кеңесі мақұлдауға тиіс. Директорлар кеңесі Іс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымға стрестік активтерді беру жүргізілмейді.
6. Бас банк стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның қызметіне бақылауды, оның ішінде стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның Іс-шаралар жоспарының және бизнес-жоспардың орындалуын жыл сайын тексеруді жүзеге асырады.
7. Бас банк қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның Іс-шаралар жоспарын орындағаны туралы, оның ішінде нақты кірістер мен шығыстар бойынша, сондай-ақ стрестік активтер бойынша ақша қаражатының қоғалысы бойынша мәліметтерді қоса алғанда, ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасына дейінгі мерзімде ұсынады.
Іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда бас банк уәкілетті органға бас банктің директорлар кеңесі оларды мақұлдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде әрбір стрестік актив бойынша жаңартылған Іс-шаралар жоспарын немесе қолда бар Іс-шаралар жоспарын ұсынады.
8. Еншілес ұйым заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акциялары және (немесе) қатысу үлестері бойынша алынған дивидендтерді, өзінің шығыстарын өтеу үшін Қағидалардың 3-тармағының 9) тармақшасында көзделген мақсаттары үшін осы активтерді сатудан түскен оң айырманың сомаларын (активтерді сату құнының оларды сатып алу құнынан және еншілес ұйымның берілген актив бойынша берешегі сомасынан асып түскен жағдайда) пайдаланады.
9. Еншілес ұйым сатып алатын (сатып алған) стрестік активтерге қойылатын талаптар:
1) Қағидалардың 2-тармағына және 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес анықталған, олар бойынша Іс-шаралар жоспарында еншілес ұйымның қызмет мерзімі ішінде оларды басқару және өткізу нәтижесінде кіріс алуы болжанған стрестік активтер объектілер болып табылады;
2) стрестік активті жақсартуды көздейтін, оның ішінде құрылысты аяқтау немесе стрестік актив құнын ұлғайтуға, сондай-ақ борышкерді оңалтуға бағытталған жұмыстарды және (немесе) іс-шараларды өткізу арқылы мыналарды қамтитын стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымның уәкілетті органы (бақылау кеңесі немесе атқарушы органы) мақұлдаған бизнес-жоспары бар:
берешектің бір бөлігін есептен шығару бойынша кредиторлар тарапынан қолдау жасау шаралары, төлемді өтеудің кестесін және кезеңділігін өзгерту, қаржыландыру мерзімдерін ұлғайту, негізгі борыш бойынша жеңілдік кезеңін ұлғайту, инвестициялық фазаны аяқтау мақсатында жобаны қосымша қаржыландыру, сондай-ақ қарызды қайта қаржыландырудың басқа да тәсілдері;
борышкердің жарғылық капиталын (капиталға қатысу үлестерін) ұлғайту бөлігінде борышкердің меншік иелері тарапынан болатын қолдау шаралары, борышкердің таза пайдасын кредиторлар алдындағы қарыз толық өтелгенге дейін борышкердің меншік иелері арасында бөлмеу, борышкердің бизнес-процестерін оңтайландыру;
стратегиялық инвестор тарапынан борышкер борышының бір бөлігін капиталға конвертациялау, айналым капиталын және (немесе) ең төменгі инвестициялық капиталды ұсыну бөлігінде қолдау шаралары;
3) аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша құрылыс бойынша шығыстар болжамы және құрылыс аяқталғаннан кейін жылжымайтын мүлік объектілерінің құнына жасалған талдау бар;
4) берілген (берілетін) талап ету құқықтары бойынша бас банк төменде аталған кредиттік тәуекелді төмендетудің кем дегенде екі шартын орындады (орындауда):
борышкерге берілген кредиттің жалпы мерзімін ұзарту, сондай-ақ берілген кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру;
сыйақы мөлшерлемесін, оның ішінде бұрын есептелген немесе капиталдандырылған, бірақ төленбеген сыйақыға қатысты төмендету;
бас банктің есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығаруды жүзеге асыруы.
10. Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым Банктер туралы заңның 30-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, оған бас банк берген, оның ішінде жарғылық капиталға салым арқылы берген және (немесе) бас банктен иеленген мүлікті банк және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында Банктер туралы заңның 28-бабының 6 тармағында белгіленген осындай мүлікті өткізудің жалпы (жиынтық) мерзімін ескере отырып, сауда-саттық жүргізу арқылы өткізуге міндетті.
11. Қағидалардың 10-тармағына сәйкес айқындалған мүлікті өткізу деп Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен осындай мүлікке меншік құқығының стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымнан жаңа меншік иесіне ауысуы түсініледі.
