""Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 наурызда № 38206 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. ""Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 270 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34774 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) – жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға немесе олардың қамқоршыларына, заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жылжымайтын мүлік объектісінің тұрақты мекенжайын беру/жою жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, шарттар, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері, сот шешімдері, мұрагерлік құқығы және т.б.), қамқоршылықтың белгіленгенін растайтын құжат, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20610 болып тіркелген) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін тіркеуші органға жүгінуі қажет.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызмет көрсету немесе дәлелді бас тарту мерзімі Тізбенің 4-тармағында келтірелген.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Тізбенің 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде аудандар үшін көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Жылжымайтын мүлік
объектісінің мекенжайын
беру/жою" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
3-қосымша.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап мыналар былай белгіленсін:

      1) Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады:

      "3) "Мекенжай тіркелімі" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – "Мекенжай тіркелімі" ЦЖ) – Қазақстан Республикасының мекенжай өрiсiн біріздендіру және мекенжайлары туралы деректерді қалыптастыруға, жинақтауға және өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;";

      2) Қағидалардың 5-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz. "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жолдайды.";

      3) Қағидалардың 8-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

      "8. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, шарттар, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері, сот шешімдері, мұрагерлік құқығы және т.б.), қамқоршылықтың белгіленгенін растайтын құжатты, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінде жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20610 болып тіркелген) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін тіркеуші органға жүгінуі қажет.";

      4) Қағидалардың 11-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

      "11. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру немесе жою үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы объектінің орналасқан жеріне баруды жүзеге асырады, фотофиксация және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарап-тексеру актісін жасау арқылы объектінің бар немесе жоқтығын куәландырады, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру немесе жою туралы бұйрық дайындайды, "Мекенжай тіркелімі" ЦЖ-ге деректерді енгізуді жүзеге асырады.";

      5) Қағидалардың 14-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

      "14. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";

      6) Қағидалардың 16-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

      "16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.";

      7) Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 20 наурыздағы
№ 124 бұйрығына 1-қосымша
"Жылжымайтын мүлік
объектісінің мекенжайын
беру/жою" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

1. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру;
2. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою.

3.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру электрондық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін - 3 (үш) жұмыс күні;
аудандар үшін - 5 (бес) жұмыс күні.

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

1) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру туралы хабарлама-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою туралы хабарлама-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзілісі бар, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірілген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, шарттар, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері, сот шешімдері, мұрагерлік құқығы және т.б.), қамқоршылықтың белгіленгенін растайтын құжатты қызметті беруші ЭҮШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, шарттар, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері, сот шешімдері, мұрагерлік құқығы және т.б.), қамқоршылықтың белгіленгенін растайтын құжатты, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсатты қызметті беруші ЭҮШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
3) ғимараттар мен құрылыстарды бұзу актісінің электрондық көшірмесі.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда, Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабы 14) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы" бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларымен бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

11.

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар.

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

  бұйрығына 2-қосымша
  "Жылжымайтын мүлік
  объектісінің мекенжайын
  беру/жою" мемлекеттік
  қызметті көрсету
  қағидаларына
  1-қосымша

"Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

1. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру;
2. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою.

3.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру цифрлық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін - 3 (үш) жұмыс күні;
аудандар үшін - 5 (бес) жұмыс күні.

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған).

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

1) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру туралы хабарлама-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою туралы хабарлама-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

8.

Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрландыру объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзілісі бар, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірілген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, шарттар, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері, сот шешімдері, мұрагерлік құқығы және т.б.), қамқоршылықтың белгіленгенін растайтын құжатты қызметті беруші ЦҮШ арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, шарттар, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері, сот шешімдері, мұрагерлік құқығы және т.б.), қамқоршылықтың белгіленгенін растайтын құжатты, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсатты қызметті беруші ЦҮШ арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
3) ғимараттар мен құрылыстарды бұзу актісінің электрондық көшірмесі.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда, Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабы 14) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларымен бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

11.

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар.

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

  бұйрығына 3-қосымша
"Жылжымайтын мүлік
объектісінің мекенжайын
беру/жою" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
____________________________
____________________________
____________________________

Өтініш

      ____________________________________________________________________

      бойынша орналасқан:

      ____________________________________________________________________

      (облыс, қала (елді мекен) және объектінің орналасқан жері)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      мекенжай (ын) беруді/жоюды сұраймын.

      (қажеттісінің астын сызыңыз)

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі __________________________________.

      Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес

      деректерімді және мәліметтерді жинақтауға және өңдеуге келісім беремін.

      20__ жылғы "___" __________________

      Тапсырды _________________________

      (Қолы)

      Телефон нөмірі_____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады