ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларында:
3-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) цифрлық объект "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасы (бұдан әрі – Цифрлық объект) – Заңда айқындалған тәртіппен ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою Цифрлық объекті арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.
5. Тұрғынжайға мұқтаждарды Цифрлық объектіге есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы Көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында авторландырылады және өзінің өтінім берілетін жеке кабинетін ашады.";
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Заңның 69-бабына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж деп танылған, мынадай талаптарға жауап беретін Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары, қандастар Цифрлық объекті арқылы есепке алынады:";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Цифрлық объекті арқылы тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою кезінде Көрсетілетін қызметті алушы Заңның 74-бабының 1-тармағында айқындалған адамдарға тиесілігін көрсетеді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Заңның 74-бабының 1-тармағында айқындалған адамдарға тиесілілігінің болмауы Цифрлық объектіде тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қоюдан бас тартуға негіз болып табылмайды.";
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Цифрлық объекті арқылы қол қояды және Көрсетілетін қызметті берушіге "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қоюға өтінішті береді.";
13-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушыға және оның отбасы мүшелеріне қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігін тексеруді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелер арқылы жүргізеді.";
15-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Цифрлық объектіде тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайлары бар болған немесе болған;";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды Цифрлық объектіде тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою туралы шешімді есепке қою туралы хабарламаны не есепке қоюдан уәжді бас тартуды жібере отырып, көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды және өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының азаматына, қандасқа Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде және ұялы байланыс операторымен берілген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, оның абоненттік нөміріне мәтіндік хабарлама түрінде жіберіледі.";
көрсетілген Қағидаға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
"Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті ұлттық даму институты мәртебесіне ие, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын | Жоқ. |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | цифрлық объект "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасы (бұдан әрі – Цифрлық объект) www.otbasybank.kz. |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
1) тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ азаматтарды есепке қою кезінде - 1 (бір) жұмыс күні; |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны |
1) тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ азаматтарды есепке қою кезінде - электрондық (толығымен цифрландырылған); |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Қазақстан Республикасының тұрғынжайға мұқтаж азаматтарын, қандастарды есепке қою туралы хабарламаны не есепке қоюдан уәжді бас тарту. |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден сағат 18.30-ге дейiн, түскі үзiлiспен сағат 13.00-тен 14.30-ге дейін; |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ азаматтарды есепке қою кезінде: |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
