ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 40-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (тоқтата тұру, күшін жою) қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Министр промышленности и строительства Республики Казахстан |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 120 Бұйрыққа 1-қосымша |
Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (тоқтата тұру, күшін жою) қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (тоқтата тұру, күшін жою) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 40-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, қолданысқа енгізу, тоқтата тұру және күшін жою тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидалардың ережелері мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілеріне қолданылады.
3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) әзірлеуші – мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеуді жүзеге асыратын ұйым;
2) ғылыми–техникалық кеңес (бұдан әрі – ҒТК) – мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру бойынша, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың басым бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ уәкілетті орган жанындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бағалау мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орган;
3) ережелер жинағы (бұдан әрі – ЕЖ) – ғимараттар мен имараттарды жобалау, салу, монтаждау, техникалық қызмет көрсету немесе пайдалану бойынша қолайлы шешімдерді қамтитын ерікті түрде қолдануды таңдаудың нормативтік техникалық құжаты;
4) қайта өңдеу – мемлекеттік нормативтік құжатты мазмұнының едәуір өзгеруімен (көлемінің 35 %-дан астамы), құрылымының және (немесе) атауының өзгеруімен, өзектілендірілуімен, сондай-ақ оған жаңа және (немесе) неғұрлым прогрессивті ережелердің енгізілуімен қайта қарау;
5) қолайлы шешім –– қолдану еріктілігі таңдалған нормативтік техникалық құжаттарда және техникалық кодификацияланған нормаларда (бұдан әрі – ТКН) келтірілген, нәтижелі талапты қанағаттандырудың нормативтік бекітілген әдісі;
6) құрылыс нормалары (бұдан әрі – ҚН) – техникалық регламенттердің талаптарын нақтылайтын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің қолдануы үшін міндетті нәтижелі талаптарды қамтитын нормативтік техникалық құжат;
7) құрылыстағы басшылық құжаттар (бұдан әрі – ҚБҚ) – қызметті ұйымдастыруға міндетті талаптарды белгілейтін және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің өзара қарым-қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
8) құрылыстағы ұлттық техникалық нормалау институты – мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға осы Кодексте белгіленген тәртіппен айқындалған заңды тұлға;
9) мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу – жаңа нормативтік құжаттарды әзірлеу және қолданыстағы мемлекеттік нормативтік құжаттарды қайта өңдеу жөніндегі қызмет;
10) мемлекеттік нормативтік құжаттарды түзету – нормативтік талаптар мен ережелерді екі немесе екіұшты түсіндіруді болдырмау, қайталанулар мен қайшылықтарды, сондай-ақ оларды цифрлық форматқа одан әрі аудару мүмкіндігімен өзекті емес нормативтік сілтемелерді жою жолымен мемлекеттік нормативтік құжаттың мәтінін редакциялау;
11) мемлекеттік нормативтік құжаттарды цифрлық форматқа көшіру – құрылыс объектілерінің ақпараттық моделдерінің нормативтік талаптарға сәйкестігіне автоматтандырылған сараптама жүргізу мақсатында компьютерлік өңдеуге (түсіндіруге) жататын, мемлекеттік нормативтік құжаттың талаптарын құру;
12) мемлекеттік нормативтік құжаттың ережесі – талаптар, қағидалар, ұсынымдар мен ескертпелер формасы бар нормативтік техникалық құжат мазмұнының құрылымдық элементі;
13) мемлекеттік нормативтік құжаттың ұсынылатын ережесі – кеңес немесе нұсқауды қамтитын ереже;
14) нәтижелі талаптар – объектінің пайдалану және жұмыс сипаттамаларына қойылатын, оларды қанағаттандыру тәсілдерін немесе шешімдерін белгілемейтін және ҚН мен ҚБҚ, сондай-ақ ТКН ережелерінде келтірілген, міндетті сипаттағы ең аз қажетті талаптар;
15) нәтижелі шешім – нәтижелі талапты қанағаттандыратын, қолайлы шешімге балама әдіс. Нәтижелі шешімдер, нәтижелі талапты толық қанағаттандыратын, ғылыми негізделген және тәжірибелік-эксперименттік сынақтан өткен шешімдерге негізделеді;
16) нормалаудың ұйғарымды әдісі – белгілі бір көлемді жайғастыру, құрылмалық және өзге де шешімдерді, материалдарды, бұйымдарды, жабдықтарды, жұмыс сипаттамаларын, дайындау, монтаждау әдістерін, пайдалану жағдайларын, қабылдау тәртібін және мақсатқа жетудің басқа да құралдарын белгілейтін құрылыс объектілерінің элементтік сипаттамасын көздейтін әдіс;
17) нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесі (мемлекеттік нормативтік құжаттар) – нормативтік құқықтық актілер, қала құрылысы және техникалық регламенттер, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттар жүйесі, олардың ережелері адамның өмір сүруі мен тіршілік етуінің қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларын қамтамасыз етеді;
18) нормативтік техникалық құжат–техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат;
19) нормативтік техникалық құжаттарды жетілдіру – халықаралық тәжірибені, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ескере отырып, техникалық деңгейді және өзекті талаптарды қолдау мақсатында мемлекеттік нормативтік құжаттарды жаңарту (әзірлеу, техникалық түзету, цифрлық форматқа көшіру);
20) пікір – мемлекеттік нормативтік құжаттардың жобаларын қарау нəтижелері бойынша ұсынылған жазбаша құжат;
21) сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтары – нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттардың, кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобалары мен үлгілік жобалық шешімдерінің, құрылыс конструкцияларының, салааралық қолданылатын материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың, жұмыстарды жүргізу технологияларының, құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардың жүйеленген тізбелері;
22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
23) талаптың ресімделетін бөлігі – мемлекеттік нормативтік құжаттағы талаптың сандық және (немесе) есептелетін сапалық сипаттамалары белгілі және анықталған, ақпараттық модельдерді тексерудің ақпараттық жүйесінде қолдануға арналған ережелер жиынтығы түрінде машинада оқылатын форматқа түрлендіруге болатын бөлігі;
24) техникалық кодификацияланған нормалар - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі техникалық нормалау объектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік техникалық құжат;
25) тиімді нормалау әдісі – бұл ұйғарымдық процестерге, әдістер мен процедураларға емес, қажетті, өлшенетін нәтижелерге бағытталған нормалау тәсілі. Бұл нормалау әдісі, осы нәтижелердің қалай алынғаны туралы нақты нұсқауларсыз, нәтижелікке (белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге) негізделген;
26) цифрлық формат – бағдарламалық қамтамасыз ету немесе ақпараттық жүйелер арқылы сақтауға және өңдеуге арналған цифрлар тізбегі түріндегі деректер (құжаттар, кескіндер және сол сияқтылар).
2-тарау. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібі
1-Параграф. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібі
4. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, техникалық түзету және цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру келесілерді қалыптастыруды қамтиды:
әзірленуге, техникалық түзетуге және мемлекеттік нормативтік құжаттардың цифрлық форматына (бұдан әрі – Перспективтік номенклатура) үш жыл мерзімге аударылуға жататын перспективтік номенклатураның;
әзірлеуге, техникалық түзетуге және цифрлық форматқа ауыстыруға жататын мемлекеттік нормативтік құжаттардың жылдық тізбесі.
5. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеуге, техникалық түзетуге және цифрлық форматқа ауыстыруға жататын үш жыл мерзімге қалыптастырушы перспективалық номенклатураға енгізу жөніндегі ұсыныстарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері, оның ішінде құрылыстағы ұлттық техникалық нормалау институты уәкілетті органға еркін нысанда ресімделген өтінім түрінде ұсынады.
6. Өтінімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың құрылымына сәйкес нормативтік техникалық құжаттарды жетілдіру қажеттілігінің негіздемесі, орындау мерзімдері және негіздер болған кезде болжамды көлемі (беттер саны) көрсетіледі.
7. Ұсынылған өтінімді уәкілетті орган өтініш берілген құжатты перспективалық номенклатураға енгізудің орындылығын белгілеу үшін тіркелген кезден бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарайды.
8. Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган тақырыптардың басымдылығы мен өзектілігін, сондай-ақ жұмыстарды жылдар бойынша орындау мерзімдерін ескере отырып, Перспективтік номенклатура қалыптастырады.
9. Әзірлеуге, техникалық түзетуге және цифрлық форматқа ауыстыруға жататын мемлекеттік нормативтік құжаттардың жылдық тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, техникалық түзету және цифрлық форматқа ауыстыру жөніндегі жұмыстардың тақырыптық жоспары түрінде Перспективтік номенклатураға енгізілген басым және өзекті тақырыптардан қалыптастырылады.
Қалыптастырылған тақырыптық жоспарды уәкілетті орган бекітеді және қаржыландыруды бөлу мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламаға енгізіледі.
10. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері Кодекстің 40-бабының 5-тармағына сәйкес нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесін жетілдіруге қатысады.
11. Мемлекеттік нормативтер:
1) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, сынақтар және өлшеулер нәтижелерін;
2) халықаралық, өңірлік стандарттарды, ұйымдардың стандарттарын, шет мемлекеттердің стандарттарын және ғимараттар мен имараттарды жобалау, салу және пайдалану процестеріне қойылатын талаптарды белгілейтін өзге де құжаттарды;
3) жаңа технологиялар мен құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылмаларын қолдану тәжірибесін ескере отырып әзірленеді.
12. Техникалық түзетуге оларды нормалаудың, ТКН-ға ауыстырдың және (немесе) талаптың цифрлық моделіне ауыстырудың нәтижелі әдісіне сәйкес келтіру мақсатында әрүрлі мақсаттағы мемлекеттік нормативтер жатады.
13. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу бір күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Техникалық түзетумен және цифрлық форматқа көшірумен мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ бір шарт шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізу негіздері болған кезде, әзірлеу мерзімі жылдар бойынша жұмыс көлемін бөле отырып ұлғайтылады.
14. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, техникалық түзету және цифрлық форматқа көшіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру төменде келтірілген кезеңдерге бөлінеді.
Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша:
1-кезең – мемлекеттік нормативтік құжатты әзірлеуді ұйымдастыру;
2-ші кезең – бірінші редакциядағы мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасын (кейінгі және аралық редакцияларды қоса алғанда) әзірлеу, нормалаудың тиісті бағыты бойынша мемлекеттік органдардың пікірлері мен жауаптарын алу (мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеуді, техникалық түзетуді және (немесе) цифрлық форматқа ауыстыруды ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – ұйымдастырушы) айқындайды), Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қорытындыларын алу;
3-кезең – әзірлеушінің түпкілікті редакциясында мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасын дайындау, оны ұйымдастырушыға келісу және ұсыну;
4-кезең – мемлекеттік нормативтік құжатты (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда) қарау, қабылдау (бекіту немесе мақұлдау) және Қазақстан Республикасының Әділет органдарында тіркеу;
5-кезең – мемлекеттік нормативтік құжатты қолданысқа енгізу.
Мемлекеттік нормативтерді техникалық түзету бойынша: мемлекеттік нормативтерді әзірлеу жөніндегі кезеңдерге ұқсас.
Мемлекеттік нормативтік құжаттарды техникалық түзету бойынша: мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу сатыларына ұқсас:
1-кезең – мемлекеттік нормативтік құжатты цифрлық форматқа көшіруді ұйымдастыру;
2-кезең – мемлекеттік нормативтік құжаттар талаптарының ресімделетін бөлігінен автоматтандырылған тексерулердің тестілік модельдерін жасау;
3-кезең – мемлекеттік нормативтік құжаттар талаптарының ресімделетін бөлігінен автоматтандырылған тексерулердің тестілік үлгілерін көрсету және ұйымдастырушыға атқарылған жұмыстарды ұсыну;
4-кезең – ұйымдастырушының жұмыстарды қарауы, қабылдауы (мақұлдауы).
Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, техникалық түзету және цифрлық форматқа көшіру кезінде кезеңнің құрамында орындалатын кезеңдерді біріктіруге немесе жекелеген жұмыстарды бөлуге жол беріледі.
15. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеушіні таңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабының немесе "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-тарауының нормаларын сақтай отырып жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу шартта белгіленген шарттар мен мерзімдерге, сондай-ақ осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
17. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде олардың мазмұны мынадай талаптарды ескере отырып жазылады:
1) мемлекеттік нормативтік құжаттардың ережелері міндетті және ұсынылатын болып бөлінеді.
Міндетті ережелер ең төменгі қажетті немесе ең жоғары рұқсат етілген деңгейде белгіленеді, ұсынылатын ережелер озық жетістіктерді ескере отырып, экономикалық негізделген және тәжірибеде дәлелденген шешімдер деңгейінде белгіленеді.
Нормативтік құжаттардың мемлекеттік нормативтерінің қағидаттарына сәйкес сөзсіз сақталуға жататын ережелер міндетті болып табылады.
Ұсынылған ережелерге тұтынушының нақты қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне немесе өндіріс жағдайларына сәйкес өзгеретін ережелерді жатқызады;
2) ҚР ҚБҚ (Қазақстан Республикасының басшылық құжаттары) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманың процестерді ұйымдастыру және оларды басқару бөлігіндегі нормаларын нақтылайтын ережелерді қамтиды.
ҚР ҚБҚ құрамында мыналар көзделеді:
ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі процестерін ұйымдастыруға мен басқаруға қойылатын міндетті талаптар;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін нормалар;
3) TКН мыналарды қамтиды:
осы нормативтік техникалық құжатты қолдану кезінде қол жеткізілуге тиіс техникалық нормалау мақсаттары;
нәтижелі талаптар-техникалық нормалау мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық нормалау объектілерінің сапалық сипаттамалары;
қолайлы шешімдер-нәтижелі талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық нормалау объектілерінің техникалық сипаттамалары;
верификация әдістері -есептік, құжаттамалық, аспаптық, автоматтандырылған рәсімдерді, сондай-ақ өлшенетін және тексерілетін өлшемшарттар негізінде нәтижелік талаптардың орындалуын дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін сараптамалық пікірді қамтитын нәтижелік шешімдердің нәтижелік талаптарға сәйкестігін растау тәсілдері;
4) ҚН нормалаудың нәтижелі әдісінің негізінде әзірленеді және нормалаудың мақсаттарын және техникалық реттеу объектілеріне қойылатын міндетті нәтижелі, пайдалану талаптарын анықтайтын ережелерден тұрады.
ҚН техникалық реттеудің әртүрлі объектілеріне қатысты қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарын, құрылыс объектілері сапасының қажетті деңгейін, құрылысқа, жобалауға және құрылысқа арналған инженерлік ізденістер бойынша жалпы техникалық талаптарды, сондай-ақ жоспарлау мен құрылысқа, ғимараттар мен имараттарға, құрылыс құрылмаларына, инженерлік жабдықтың негіздері мен жүйелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ құрылыс өнімінің пайдалану сипаттамаларын нақтылайтын ережелерді қамтиды.
ҚН құрамында келесілер көзделеді:
құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған, оны өндіру және пайдалану процестерін ұйымдастыру мен жүргізу әдістеріне қойылатын талаптар;
қолайлы және қауіпсіз тіршілік ортасын қалыптастыру нормалары мен ережелері;
ғимараттарға, имараттарға, олардың құрылмалық элементтеріне және инженерлік жабдықтар жүйелеріне, сондай-ақ жекелеген үй-жайларға қойылатын нәтижелі талаптар;
құрылыста қолдануға жарамдылығын және құрылыс құрылмалары мен инженерлік жүйелердің беріктігін қамтамасыз ететін материалдардың қасиеттеріне қойылатын талаптар;
өрт және түтін таралуының алдын алу, адамдарды эвакуациялауды, құрылмалардың отқа төзімділігін, өрт сөндіру командаларының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша өрт қауіпсіздігі талаптары;
техникалық регламенттер мен санитариялық қағидалардың гигиеналық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын қанағаттандыру үшін қажетті сипаттамалар;
ғимараттар мен имараттарды пайдалану барысында материалдық және энергетикалық ресурстарды ұтымды жұмсауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін талаптар.
Техникалық регламенттің мақсаттарына қол жеткізу үшін және пайдалану сипаттамаларын тікелей нормалау мүмкін болмаған жағдайда, оның ішінде бақылау әдістерінің болмауына байланысты қажет болған жағдайларды қоспағанда, ҚН құрылмалық және көлемді жайғастыру шешімдеріне, материалдардың нақты түрлері мен маркаларын қолдануға қатысты нормалаудың ұйғарымды әдісінің ережелерін қамтымайды. Осы сипаттамалар нормалаудың ұйғарымды әдісінің тиісті ережелерін белгілеу арқылы жанама түрде реттеледі.
ҚН, ғимараттар немесе имараттар арналған өндірістің технологиялық процестеріне қойылатын талаптарды қамтымайды.
ҚН-да қолданудың ерікті таңдау құжаттарына сілтемелер жоқ;
5) ЕЖ - ресми танылғандар ретінде ұсынылған, тәжірибеде өзін-өзі ақтаған ережелер-техникалық регламенттер мен ҚН талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қолайлы шешімдер, сондай-ақ "Қосымша талаптар" бөлімі түрінде ҚН-мен регламенттелмеген жекелеген мәселелер бойынша ережелер қажетті толықтығымен келтіріледі.
ЕЖ, атап айтқанда, келесілерді қамтиды:
инженерлік ізденістер жүргізу және жобалау бойынша жұмыстарды орындау қағидалары, әзірленетін жобалық және технологиялық құжаттаманың құрамы мен нысандары;
ғимараттар мен имараттарды салу және пайдалану барысында өндірісті ұйымдастыру жөніндегі ережелер, жұмыстарды жүргізу тәсілдері мен әдістері;
қала құрылысы және типологиялық шешімдерді, сондай-ақ әлеуметтік нормативтерді қолдану жөніндегі ұсынымдар;
құрылыс құрылмаларын, ғимараттар мен имараттардың негіздерін және олардың инженерлік жүйелерін есептеу және жобалау, қызмет ету мерзімін болжау, ғимараттардың, имараттардың және олардың элементтерінің ұзақ мерзімділігі мен жөндеуге жарамдылығын қамтамасыз ету;
ғимараттардың, имараттардың және олардың бөліктерінің көлемдік-жоспарлау және құрылмалық шешімдерін таңдау жөніндегі ұсынымдар;
пайдалану режимінің әр түрлі сипаттамалары бар және әртүрлі климаттық жағдайларда ғимараттар мен имараттарды салу кезінде құрылыс құрылмаларының элементтерін, инженерлік жүйелерді, бұйымдар мен материалдарды қолдану ережелері.
ЕЖ нормативінде осы ережелер жинақтары әзірленген техникалық регламенттердің, ҚН-ның ережелерін қайталауға жол берілмейді;
6) жобалаудың еуропалық стандарттарына (Еурокодтарға) ұқсас ережелер жинағы – ҚР ЕЖ EN, Еуропалық стандарттау комитеті (CEN) шығарған Еурокодтың толық мәтінін (қосымшаларды қоса алғанда) қамтиды.
ҚР ЕЖ EN нормативіне Ұлттық қосымшасы Еурокодта ұлттық деңгейде шешім қабылдау үшін ашық қалдырылған параметрлер туралы ақпаратты ғана қамтиды. Ұлттық деңгейде (NDP) белгіленетін бұл параметрлер Қазақстан Республикасындағы ғимараттар мен инженерлік құрылыстарды жобалауға ғана қолданылады.
ҚР ҚЖ EN (СП РК EN) көтергіш конструкциялары мен жекелеген конструктивтік элементтердің параметрлерін жобалаудың, есептеудің және айқындаудың жалпы қағидаттары мен қағидаларын белгілейді. ҚР ҚЖ EN құрылыстың дәстүрлі әдістеріне және инновациялық қолдану аспектілеріне қолданылады, бірақ стандартты емес конструкциялар немесе баламалы шешімдерді әзірлеу үшін сарапшыларды тартуды талап ететін арнайы шешімдер үшін қағидаларды қамтымайды;
7) нормативтік-техникалық құралдар (ҒТҚ), технологиялық жобалау нормалары, үлгілік технологиялық карталар, құрылыстың әдістемелік құжаттары түріндегі нормативтік техникалық құжаттар Техникалық регламенттер мен ҚН талаптарын, сондай-ақ ЕЖ қолайлы шешімдерін іске асыру үшін практикамен тексерілген ережелерді (есептеулер, мысалдар, технологиялық және техникалық сипаттамалар мен түсіндірмелер, әдістемелер) қамтиды.
18. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды құру, баяндау, ресімдеу осы Қағидалардың және ҚР СТ 1.5 "Ұлттық стандарттардың және стандарттау жөніңдегі ұсынымдардың құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды қолдану негізінде әзірленетін нормативтік техникалық құжаттарды құру, баяндау, ресімдеу, мазмұны мен белгілеу тәртібі ҚР СТ 1.9 "Ұлттық стандарттар мен алдын-ала ұлттық стандарттар ретінде қолданылатын халықаралық, өңірлік және шет мемлекеттер стандарттарының құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес жүргізіледі.
19. ҚБҚ мәтіні "Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м. а. 2023 жылғы 5 шілдедегі № 464 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33048 болып тіркелген) және "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларының" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 448 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33023 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 464 және № 448 бұйрықтар) талаптарына сәйкес ресімделеді.
20. Мемлекеттік нормативтік құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады.
21. ҚБҚ қоспағанда, мемлекеттік нормативтік құжаттардың мұқабасының нысаны осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес ресімделеді.
22. ҚБҚ қоспағанда, мемлекеттік нормативтік құжаттарға арналған "Алғы сөз" құрылымдық элементінің нысаны осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.
23. ҚБҚ қоспағанда, мемлекеттік нормативтік құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі шмуцтитулдары (бірінші беті) осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес ресімделеді.
24. ҚБҚ қоспағанда, мемлекеттік нормативтік құжаттардағы "Нормативтік сілтемелер" құрылымдық элементінде құжаттың мәтінінде сілтемелер бар (берілген) нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттардың тізбесі қамтылады. Сілтемелер тізімі "Осы құрылыс нормаларын (нормативтік - техникалық құралдар, ережелер жинақтары) қолдану үшін мынадай сілтемелер пайдаланылады:" сөздерден басталады.
Тараудың соңында келесі мазмұндағы ескертпе көрсетілуі қажет:
"Ескертпе – Осы мемлекеттік нормативтік құжатты пайдаланған кезде "Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттар тізбесі", "ҚР Ұлттық стандарттары мен ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің каталогы" және "Мемлекетаралық стандарттар каталогы" ақпараттық каталогтары бойынша жыл сайын жасалатын анықтамалық құжаттардың қолданылуын ағымдағы жылғы жағдай бойынша және ай сайын шығарылатын тиісті ақпараттық бюллетеньдерге - ағымдағы жылы жарияланған стандарттардың журналдары мен ақпараттық көрсеткіштері бойыншатексерген орынды. Егер сілтемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы нормативті пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) стандартты басшылыққа алған жөн, егер сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылған болса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлігінде қолданылады.".
Нормативтік сілтемелер тізбесіне нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың толық белгілері мен атауы келесі ретте белгілердің тіркеу нөмірлерінің (болған жағдайда) өсу тәртібінде енгізіледі:
нормативтік құқықтық актілер иерархиясындағы заңдық күшке байланысты заңнамалық және заңға тәуелді актілер, техникалық регламенттер, бұйрықтар;
ҚБҚ;
ТКН;
мемлекетаралық нормативтер;
ҚН;
жобалау және құрылыс жөніндегі қағидалардың мемлекетаралық жинақтары;
ЕЖ;
НТҚ;
мемлекетаралық стандарттар;
Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген ұлттық стандарттар, сондай-ақ шет мемлекеттердің стандарттары.
2-Параграф. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды келісу тәртібі
25. Әзірлеуші Шартта ұйымдастырушы айқындаған ұйымдарға тиісті кері байланыс алу мақсатында түсіндірме жазбасы бар әзірленген мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасын жібереді. Мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасы бойынша кері қайтарып алу әзірлеушіге жобаны қарауға алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей беріледі.
Ұйым көрсетілген мерзімде кері қайтарып алуды ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу шартта белгіленген мерзімдерге сәйкес жалғасады, ал егер шартта өзгеше көзделмесе, мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасы осы ұйыммен келісілген болып есептеледі.
Ұсынылған пікірлер бойынша шешілмеген келіспеушіліктер болған кезде, әзірлеуші мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кеңес ұйымдастырады. Кеңес қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді және ескертулер мен ұсыныстардың жиынтық кестесіне енгізіледі.
26. "Қызметтік пайдалану үшін" деген белгісі бар мемлекеттік нормативтік құжаттардың жобалары тікелей ұйымдастырушы пікірін алу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына жіберіледі.
27. Әзірленетін мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасы бірінші редакцияда түсіндірме жазбамен бірге уәкілетті органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес әзірленген мемлекеттік нормативтік құжаттың ісіне кіретін құжаттар тізбесіне сәйкес оны қарау және істі қалыптастыру үшін ұсынылады.
28. Әзірлеуші мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасы түпкілікті редакцияда ұсынылғанға дейін мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасын шартта айқындалған тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдар қайта қарауды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға бұрын алынған пікірлер ескеріле отырып, пысықталған редакцияда қарауға жіберіледі.
29. Мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасын түпкілікті редакцияда дайындау тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың алған жауаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
30. Мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасы түпкілікті редакцияда ұйымдастырушыға мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық жеткізгіштерде және шартта, ілеспе хатта және қосымшаларда анықталған мөлшерде беріледі:
1) төмендегілер қамтылған мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасына түсіндірме жазба:
мемлекеттік нормативтік құжатты әзірлеу мен қолданудан экономикалық тиімділіктің негіздемелері;
мемлекеттік нормативтік құжатты әзірлеу үшін негіздер;
мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасын ұйымдардың қарауына жіберу және кері байланыс алу туралы мәліметтер;
мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасын әзірлеу кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік техникалық құжаттар туралы ақпарат;
әзірлеуші туралы мәліметтер;
2) мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасы бірінші редакцияда жіберілген ұйымдардың тізбесі;
3) мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасы бірінші (аралық) және түпкілікті редакцияда қарауға жіберілген мемлекеттік органдар мен ұйымдардан алынған сын-пікір;
4) бірінші (аралық) және түпкілікті редакциядағы мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстардың қалыптастырылған жиынтық кестесі;
5) қолданыстағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың күшін жою туралы немесе жаңа мемлекеттік нормативтердің қолданысқа енгізілуіне байланысты оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар.
31. Мемлекеттік нормативтік құжаттар жобасының түпкілікті редакциясы "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттарды қоспағанда, ҒТК қарауына енгізіледі.
32. Техникалық түзету жүргізілген мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасын келісу жөніндегі жұмыстардың құрамы мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарға ұқсас.
33. Мемлекеттік нормативтік құжаттың цифрландырылған жобасы шартта айқындалған мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісіледі.
3-Параграф. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібі
34. Нормативтердің мемлекеттік нормативтік құжаттарының тіркеу (есептік) нөмірлері 100 нөмірден басталатын БК қоспағанда, 00 (01) нөмірінен басталады.
35. Мемлекеттік нормативтік құжаттың шифры салалық сыныптамада біріктірілген барлық деңгейдегі құжаттар белгілерінің есептік-тіркеу бірлігін қамтамасыз етеді және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің нормативтік базасы туралы ақпаратты тиімді сақтау, тарату және пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Шифр құрылымына берілген схемаға сәйкес "нүкте" және "дефис" белгілерімен ажыратылатын, белгілеудің әріптік және сандық (Х) элементтері кіреді.
ХХ ХХ – мемлекеттік нормативтік құжаттардың аббревиатурасы;
Х. – кешен;
ХХ – шағын кешен;
- ХХ – тіркеу (есепке алу) нөмірі;
- ХХХ – бекіту жылы.
Мысал – ҚР ҚН 1.02-03-2022, ҚР ЕЖ 3.02-144-2022.
Мемлекеттік нормативтік құжатқа өзгертулер енгізіліп қайта шығарылған шифрға <*> элементі қосылады, мысалы: ҚР ҚН 1.02-03-2022*, ҚР ЕЖ 3.02-144-2022*.
Мемлекеттік нормативтік құжаттың өзгертілген тармақтары сондай-ақ жұлдызшамен белгіленеді.
36. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекітуді Кодекстің 24-бабының 63) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.
37. Мемлекеттік нормативтік құжатты қабылдау кезінде қажеттілігіне қарай ол әзірленген мемлекеттік нормативтік құжаттың күші жойылады.
38. Мемлекеттік нормативтік құжаттардың ережелеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ғылыми-техникалық негіздемеге, әлемдік тәжірибені талдау және қаржы-экономикалық есеп-қисап (өзгерістер мен толықтыруларды іске асыру қаржылық шығындардың көбеюіне немесе азаюына әкеп соғатын жағдайларда) қоса берілетін салыстырмалы кесте түрінде ұсынылады.
Мемлекеттік нормативтердің ережелеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізделуі, ғылыми-техникалық негізі, әлемдік тәжірибені талдауы және қажет болған жағдайда қаржылық-экономикалық есебі болуы тиіс.
Құрылыс материалдары мен бұйымдары бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 435 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32783 болып тіркелген) бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы" Техникалық регламенттің 14-тармағына сәйкес ілеспе құжаттама ұсынылады.
39. "Қызметтік пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттарды қоспағанда, мемлекеттік нормативтік құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар ҒТК қарауына және мақұлдауына шығарылады.
40. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу күні бейімделу кезеңі ескеріле отырып, бірақ олар бекітілген күннен бастап 6 (алты) айдан ерте емес белгіленеді.
Төтенше жағдайлардың салдарларының алдын алу немесе жою, Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын орындау қажет болған жағдайларда, сондай-ақ ҒТК отырысында осындай ұсынымдар мақұлданған жағдайларда уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік нормативтік құжаттарды, сондай-ақ оларға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қолданысқа енгізу мерзімін қысқартуға жол беріледі.
41. Мемлекеттік нормативтік құжаттардың немесе олардың жекелеген нормаларының қолданылуы уәкілетті органның бұйрығымен белгіленген мерзімге тоқтатыла тұрады. Мемлекеттік нормативтік құжаттардың немесе олардың жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары, қадағалау органдарының нұсқамалары негізінде және олар жойылғанға дейін мемлекеттік нормативтердің ережелерінде қайшылықтар болған кезде тиісті бұйрықпен жүзеге асырылады.
42. Мемлекеттік нормативтік құжаттардың немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы белгілі бір мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. Мемлекеттік нормативтік құжаттардың немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке бұйрықпен жүзеге асырылады.
43. ҚБҚ мемлекеттік тіркеу № 464 және № 448 бұйрықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
44. Қолданыстағы мемлекеттік нормативтік құжаттар туралы мәліметтер Кодекстің 45-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес уәкілетті орган қалыптастыратын "Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттардың тізбесі" және "Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттардың тізбесі" каталогтарында орналастырылады.
45. Мемлекеттік нормативтік құжаттарды уәкілетті орган белгіленген мерзімдерде нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорына нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру, жүргізу және сүйемелдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 944 бұйрығымен бекітілген нормативтік техникалық құжаттардың, ресми басылымдардың көшірмелерін тарату қағидаларына сәйкес жолдайды. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18090 болып тіркелген).
46. Жаңадан әзірленген және қолданысқа енгізілген мемлекеттік нормативтік құжаттардың ережелері, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар бұрын қолданыста болған нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес жобаланған және салынған қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарға қолданылмайды.
Қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды өзгерту (реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, қайта жабдықтау, техникалық қайта жарақтандыру, реставрациялау, күрделі жөндеу) кезінде осы Қағидалардың 44-тармағында көрсетілген каталогтарға енгізілген қолданыстағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың ережелері қолданылады.
47. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектісі техникалық нормалау объектілерінің нормативтік сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында тиімді шешімдермен қатар ТКН-да верификациялау әдістері көрсетілген нәтижелі шешімдерді қолданады.
48. Қолданудың ерікті таңдауының нормативтік техникалық құжаттарында белгіленген ережелер нәтижелі шешімдер (баламалы құжаттар) болмаған жағдайда объектілерді жобалау және салу кезінде міндетті түрде сақталуға жатады.
49. Әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік нормативтік құжаттарда қайшылықтар болған жағдайда жоғарырақ деңгейдегі құжаттың нормалары қолданылады.
Бір деңгейдегі мемлекеттік нормативтік құжаттарда қайшылықтар болған жағдайда, қолданысқа кейінірек енгізілген құжаттың нормасы, немесе қолданысқа кейінірек енгізілген құжатқа сәйкес келетін норма қолданылады.
| Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік нормативтік құжаттардың құрылымы
1. Ұйымдастыру әдістемелік нормативтік құжаттар | |
1.01 Стандарттау, нормалау, сертификаттау | Құрылыстағы стандарттау, нормалау және сертификаттау бойынша жұмыстардың мақсаттары, міндеттері, объектілері, әдіснамасы және ұйымдастырылуы. |
1.02 Құрылысқа арналған инженерлік іздестірулер және жобалау | Құрылыс, жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарына арналған инженерлік іздестірулердің құрамы, жалпы талаптары және оны жүргізу тәртібі. Жобаларды келісу, сараптама жүргізу және бекіту тәртібі. Қала құрылысы және жобалау-сметалық құжаттаманың түрлері, мазмұны және ресімделуі. |
1.03 Өндіріс | Құрылысты ұйымдастыру, технологиялық дайындау және құрылысты жүргізудің жалпы қағидалары, құрылысты механизациялау, құрылыс процесіндегі еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету. Сапасын бақылау және құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау. Құрылыс бұйымдары және материалдарының өндірісін ұйымдастыру. Технологиялық және атқарушылық құжаттаманың түрлері, мазмұны және ресімделуі. |
1.04 Пайдалану | Ғимараттар мен имараттардың құрылыс құрылмаларына және инженерлік жабдықтары жүйелеріне техникалық қызмет көрсетудің, зерттеп-қараудың және жөндеудің жалпы қағидалары. Жөндеу-пайдалану құжаттамаларының түрлері, мазмұны және ресімделуі. |
1.05 Сәулет және қала құрылысы қызметі | Сәулет және қала құрылысы органдарының бірыңғай жүйесінің құрылымын және функцияларын анықтайтын ұйымдастыру-әдістемелік ережелер. Оған қатысушылардың сәулет қызметін жүзеге асыру қағидалары әдістері. |
2. Жалпы нормативтік техникалық құжаттар | |
2.01 Құрылыс ғимараттарының сенімділігінің негізгі ережелері | Құрылыс ғимараттарының, инженерлік жүйелердің, құрылмалардың және материалдардың қауіпсіздігін, пайдалануға жарамдылығын және ұзақтығын қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары. Сенімділіктің негізгі ұғымдары, құрылыс ғимараттарын жауапкершілік дәрежелері, жүктемелері және алуан түрлердің әсерлері бойынша жіктеу. Іркілістерді жіктеу, есептеме моделдерінің параметрлері және құрылыс ғимараттары, құрылмалар және негіздер сенімділігі бойынша нормативтік талаптарды белгілеу қағидаттары. Құрылыстағы статистикалық қабылдау бақылауының негіздері. |
2.02 Өрт қауіпсіздігі | Қала құрылысы, көлемді-жоспарлау, конструктивтік міндеттерді шешу кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары, отқа төзімділігі және өрт қауіптілігі бойынша ғимараттарды, құрылыстарды және олардың элементтерін жіктеу, эвакуация жолдары және қауіпсіздік аймақтары. Құрылыс құрылмалары, материалдары мен бұйымдарының өрт-техникалық көрсеткіштері, есептеудің, бақылау әдістерінің және сынақтардың қағидаттары. |
2.03 Қауіпті геофизикалық әсерлерден қорғану | Қауіпті геофизикалық әсерлердің (сейсмика, лайкөшкіндер, опырылулар, қар көшкіні, сел, төзу, қазбалы, карстық, су басатын, су астында қалатын аумақтар және басқалар) негізгі сипаттамалары және олардан инженерлік қорғану қағидаттары. Құрылысқа арналған инженерлік іздестірулерге, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қала құрылысы, көлемдік-жайғастыру, құрылмалық және құрылыс-технологиялық іс-шараларға, сондай-ақ инженерлік қорғаныс имараттарын пайдалануға қойылатын талаптар. |
2.04 Ішкі климат және зиянды әсерлерден қорғау | Үй-жайлардың жылу, ауалық-ылғалдық, акустикалық және жарықтық режимін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары. Қоршаған орта әсерінің сипаттамалары (соның ішінде климаттық әсерлер, вибрация, шу, сәуле шығару, уытты бөліністер және басқалар). Осы әсерлерден адамдардың денсаулығын қорғаудың есептік әдістері және құрылмалық қамтамасыз ету, бақылау және сынау әдістері. |
2.05 Біркелкі өзара алмасушылық және үйлесімдік | Құрылыстағы біркелкі өзара алмасушылықты және үйлесімдікті қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары, мөлшерді үйлестіру ережелері, геометриялық параметрлердің рұқсат етілуі. Өлшемдер және дәлдікті бақылау әдістері. |
3. Қала құрылысы, ғимараттар мен имараттар бойынша нормативтік техникалық құжаттар | |
3.01 Қала құрылысы | Өндірістік күштерді таратып орналастыру, орналастырудың, аумақтардың ауыларалық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымын дамытудың негізгі ережелері, аумақтарды, қоныстарды және олардың жекелеген бөліктерін жоспарлау және салу. |
3.02 Тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен имараттар | Тұрғын, қоғамдық, өндірістік және қоймалық ғимараттар, құрылыстар мен олардың бөліктерін жіктеу және оларға қойылатын техникалық талаптар. Жұмыстарды жүргізудің негізгі ережелері, қабылдау ережелері, бақылау мен сынау әдістері. |
3.03 Көлік құрылыстары | Автомобиль және темір жолдарының, метрополитен, теңіз, өзен, әуе, өндірістік және қала көлігінің құрылыстары мен элементтерін жіктеу, жүктемелер және әсер етулер, геометриялық параметрлер және оларға қойылатын техникалық талаптар. Есептеу, жобалау және жұмыстарды жүргізу бойынша негізгі ережелер, қабылдау ережелері, бақылау мен сынау әдістері. |
3.04 Гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар | Тоғандарға, арналарға, бөгеттерге, жағаны бекіту және өзге құрылыстарды жіктеу, жүктемелер және әсер етулер, геометриялық параметрлер және оларға қойылатын негізгі талаптар. Есептеу, жобалау және жұмыстарды жүргізу бойынша негізгі ережелер, қабылдау ережелері, бақылау мен сынау әдістері. |
3.05 Магистральдық және кәсіпшілік құбырлар | Құбырлар мен газ, мұнай және мұнай өнімдеріне арналған қоймаларды жіктеу, жүктемелер және әсер етулер, геометриялық параметрлер және оларға қойылатын негізгі талаптар. Есептеу, жобалау және жұмыстарды жүргізу бойынша негізгі ережелер, қабылдау ережелері, бақылау мен сынау әдістері. |
3.06 Мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік қорғалатын топтарына қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету | Мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік қорғалатын топтарына қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету бойынша негізгі ережелер мен жалпы талаптар. |
4. Ғимараттар мен имараттарды, сыртқы желілерді инженерлік қамтамасыз етуге арналған нормаланған құжаттар | |
4.01 Сумен жабдықтау және канализация | Жүйелер мен тұтынушыларды жіктеу, сыртқы желілерге, құрылыстарға және олардың орналасуына, ішкі жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар. Су тұтыну нормалары, суды даярлау және қалдық суларды тазалау. Жобалау және жұмыстарды жүргізу, пайдалану режимі бойынша негізгі ережелер. Санитариялық-техникалық жабдықтар, арматура, аспаптар және канализация құбырлары. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
4.02 Жылумен жабдықтау, жылыту, ауаны желдету және ауабаптағыш орнату | Жүйелер мен тұтынушыларды жіктеу, сыртқы желілерге, құрылыстарға және олардың орналасуына, торапты суға, ішкі жүйелері мен жабдықтарына қойылатын техникалық талаптар. Жылуды тұтыну нормалары, шығарындыларды тазалау, қосалқы жылу ресурстарын қолдану. Жобалау, және жұмыстарды жүргізу, пайдалану режимі бойынша негізгі ережелер. Жылыту аспаптары, арматура, ауа арналары. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
4.03 Газбен қамту | Жүйелерді жіктеу, газ құбырларына, жабдықтарына және сөндіретін құрылғыларға техникалық талаптар. Газды тұтыну нормалары. Жұмыстарды жобалау және жүргізу, пайдалану режимі бойынша негізгі ережелер. |
4.04 Электрмен қамту | Желілер және тұтынушыларды жіктеу. Жұмыстарды жобалау және жүргізу бойынша негізгі ережелер. Электр қондырғыларының ережелері. |
4.05 Қоқысты жою | Қоқысты жою жүйелеріне, жабдықтарға, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, жою және кәдеге жарату жүйелерін ұйымдастыруға қойылатын техникалық талаптар. Жобалау, монтаждау және пайдалану бойынша негізгі ережелер. |
5. Құрылыс құрылмаларына және бұйымдарына арналған нормативтік техникалық құжаттар | |
5.01 Ғимараттар мен имараттардың негіздері және іргетастары | Жер қабаттарын жіктеу және олардың есептік сипаттамалары. Негіздер мен қадалық іргетастарды есептеу және жобалау әдістері. Жұмыстарды жүргізу, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
5.02 Тас және арматураланған тас құрылмалары | Ғимараттар мен имараттардың тасқа және арматураланған тас құрылмаларына жалпы талаптар. Құрылмалар мен олардың қосындыларын есептеу және жобалау әдістері, құрылмаларды тұрғызу, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
5.03 Темiрбетон және бетон құрылмалар | Монолиттік, құрама және құрама-монолиттік бетон және темірбетон құрылмаларға қойылатын жалпы талаптар. Құрылмалар мен олардың қосылыстарын есептеу және жобалау әдістері, құрылмаларды әзірлеу және тұрғызу, тоттанудан қорғау, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Зауытта әзірленген темірбетон және бетон құрылмалар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
5.04 Металл құрылмалар | Тиімді жылытқышы барды қоса алғанда, болат және алюминий қоспаларынан жасалған тіреу және қоршау құрылмаларына қойылатын жалпы талаптар. Құрылмалар мен олардың қосылыстарын есептеу және жобалау әдістері, құрылмаларды әзірлеу және тұрғызу, тоттанудан қорғау, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Зауытта дайындалған металл құрылмалар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
5.05 Ағаш құрылмалар | Ғимараттар мен имараттардың ағаш құрылмаларына қойылатын жалпы талаптар. Құрылмалар мен олардың қосылыстарын есептеу және жобалау әдістері, құрылмаларды әзірлеу және тұрғызу, тоттанудан қорғау, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Ағаш құрылмалар және зауытта жасалған бұйымдар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
5.06 Басқа материалдардан жасалған құрылмалар | Асбестцементті және басқа материалдардан жасалған құрылмаларға қойылатын жалпы талаптар. Құрылмалар мен олардың қосылыстарын есептеу және жобалау әдістері, құрылмаларды әзірлеу және тұрғызу, тоттанудан қорғау, пайдалану режимі және жай-күйін болжау бойынша негізгі ережелер. Зауытта дайындалған құрылмалар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
5.07 Терезелер, есiктер, қақпалар мен олардың аспаптары | Бұйымдарға қойылатын жалпы талаптар. Бұйымдар және жабдықтаушы бөлшектерге арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6. Құрылыс материалдары және бұйымдарына арналған нормативтік құжаттар | |
6.01 Қабырғалық қалау материалдары | Кірпішке және түрлі материалдардан қабырғалық тастарға жалпы талаптар. Нақты түрге, типтеріне, маркілеріне арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.02 Минералды тұтқыр заттар | Цементке және басқа тұтқыр заттарға қойылатын жалпы талаптар. Нақты түрге, типтеріне, маркілеріне арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.03 Бетондар және ерітінділер | Әртүрлі бетондарға, бетон қоспаларына, құрылыс ерітінділеріне қойылатын жалпы талаптар. Нақты бір түрге арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.04 Қиыршықтас, малтатас және құрылыс жұмыстарына арналған құм | Қиыршықтасқа, малтатасқа, құмға жасанды және табиғи кеуекті толтырғыштарға қойылатын жалпы талаптар. Нақты бір түрге арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.05 Жылуды оқшаулайтын, дыбыс оқшаулайтын және дыбыс сіңіргіш материалдар | Минералды мақта бұйымдарына ұяшықты бетоннан жасалған бұйымдарға, пенопласт негізіндегі тақталарға және өзге жылуды оқшаулайтын материалдарға қойылатын жалпы талаптар. Нақты бір түрге арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.06 Жаппа, гидрооқшаулағыш және герметикаландырғыш материалдар және бұйымдар | Орама жаппа материалдарына, жаппа мастикаларына, оқшаулайтын және қымтайтын материалдарға қойылатын жалпы талаптар. Нақты бір түрге арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.07 Әрлеу және қаптау материалдары | Полимерлік, керамикалық, ағаш және басқа да әрлеу және қаптау материалдар мен бұйымдарына қойылатын талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.08 Асбестцемент бұйымдары | Асбестоцементті тегіс және толқынды табақтарға, құбырларға, экструзия бұйымдарына қойылатын талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.09 Жол материалдары | Асфальтобетонға, асфальтобетонды қоспаларға және басқа да жол материалдарына қойылатын талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
6.10 Құрылыстық шыны | Құрылысқа арналған табақ шынысына және шыныдан жасалынған бұйымдарына қойылатын талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
7. Құрылыс ұйымдарын жабдықтау құралдарына арналған нормативтік құжаттары | |
7.01 Мобилдік ғимараттар мен имараттар | Жіктеу және жалпы техникалық талаптар. Ғимараттар мен имараттардың нақты түрлеріне арналған техникалық шарттар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
7.02 Құрылыс ұйымдарын жабдықтау | Мінбе және мінбе сатыларға, бетон жұмыстарға арналған қалыптарға, монтаж жабдығына және бекiткiштерге, қол құралына, пакеттеу және контейнерлеу құралдарына қойылатын жалпы техникалық талаптар. Қабылдау қағидалары, бақылау және сынау әдiстерi. |
7.03 Құрылыс индустриясы кәсіпорындарының мамандандырылған жабдығы | Жабдыққа, жабдық және қалыптар үшін майлауға қойылатын жалпы техникалық талаптар. Қабылдау ережелері, бақылау және сынау әдістері. |
8. Баға белгілеу мен сметалар бойынша нормативтік құжаттар | |
8.01 Құрылыстағы баға белгілеу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік құжаттар | Баға белгілеу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік ережелер. |
8.02 Инвестицияларды жоспарлау кезеңіндегі баға белгілеу және сметалар | Жобалау алдындағы құжаттама құрамында құрылыстың, реконструкциялаудың құнын айқындау қағидалары мен әдістері. |
8.03 Жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған баға белгілеу және сметалар | Құрылыстағы жобалау және іздестіру жұмыстарының құнын айқындау қағидалары мен әдістері. |
8.04 Жаңа құрылысқа, реконструкциялауға арналған баға белгілеу және сметалар | Жобалау құжаттамасы құрамындағы құрылыстың, реконструкциялаудың құнын айқындау қағидалары мен әдістері. Күрделі жұмсалымдарға қажеттілікті айқындауға арналған сметалық нормативтік база. |
8.05 Ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеуге арналған баға белгілеу және сметалар | Жобалау құжаттамасы құрамында ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың құнын айқындау қағидалары мен әдістері. Күрделі жұмсалымдарға қажеттілікті айқындауға арналған сметалық нормативтік база. |
8.06 Ғимараттар мен имараттарды жоюға арналған баға белгілеу және сметалар | Жобалау құжаттамасы құрамында жою жұмыстарының құнын айқындау қағидалары мен әдістері. Күрделі жұмсалымдарға қажеттілікті айқындауға арналған сметалық нормативтік база. |
8.07 Сметалық баға белгілеудің ресурстық технологиялық базасы | Құрылыс үшін материалдық және отын-энергетикалық ресурстары шығысының нормативтік көрсеткіштерін әзірлеудің және қолданудың қағидалары мен әдістемелері. Құрылыс өнімі элементтерінің еңбек сыйымдылығын айқындаудың қағидалары мен әдістері. Іске асырылған жобалардың электрондық дерекқоры. |
9. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құжаттар | |
9.01 Қала құрылысы кадастры | Қала құрылысы кадастрын құрудың және жүргізудің жалпы қағидалары. Қала құрылысы кадастры құжаттамаларының түрлері, мазмұны және ресімделуі. |
10. Сәйкестікті бағалау және мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдарының нормативтiк құжаттары | |
10.01 Сәйкестікті бағалау, бақылау, қадағалау | Ұйымдастыру-әдістемелік, құрамы, жалпы талаптар, жүргізу тәртібі, ұйымдастыру құрылымы |
11. Құрылыстағы мердiгерлiк жұмыстарға конкурстар (тендерлер) ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы нормативтiк құжаттар | |
| Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларына 2-қосымша Нысан 20___ жылғы "___"_____ № бұйрығымен бекітілген |
________________________________________________бөлімі бойынша
(бюджеттік бағдарламаның бөлімі және атауы)
Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, техникалық түзету және цифрлық форматқа көшіру жөніндегі жұмыстардың тақырыптық жоспары
Р/с | Нормативтік техникалық құжаттың атауы | __жылға арналған жоспар |
Тоқсандық жоспарлық игеру, | Аяқталу мерзімі | |||
I | II | III | IV | ||||
"Нормативтік құжаттарды, жобалық ұсыныстарды, техникалық шешімдерді әзірлеу" _____ бөлімі | |||||||
_________________________________іс-шара | |||||||
Іс-шара бойынша барлығы | |||||||
| Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Мемлекеттік нормативтік құжаттардың мұқабасы
| Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларына 4-қосымша Нысан |
АЛҒЫ СӨЗ | |
1 ӘЗІРЛЕГЕН: | _________ (әзірлеген ұйымның атауы) |
2 ҰСЫНҒАН: | _________ (уәкілетті орган) |
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН: |
_________ (уәкілетті органның)20ХХ жылғы |
ПРЕДИСЛОВИЕ | |
1 РАЗРАБОТАН: | _________ (организация разработчик) |
2 ПРЕДСТАВЛЕН: | _________ (уполномоченный орган) |
3 УТВЕРЖДЕН И ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ: |
приказом _______ (уполномоченного органа) |
Осы мемлекеттік нормативтік құжатты сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган ведомствосының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара көшіруге, көбейтуге және таратуға тыйым салынады. | |
| Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Мемлекеттік нормативтік құжаттың мемлекеттік/орыс тілдеріндегі шмуцтитулы (бірінші беті)
ҚР ТКН/ Х.ХХ-ХХ-20ХХ
ТКН РК
ҚР ҚН/ Х.ХХ-ХХ-20ХХ
СН РК/ Х.ХХ-ХХ-20ХХ
ҚР ЕЖ
СП РК
ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ/
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ЖИНАҒЫ
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН/
СВОДЫ ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
___________________________________________________________
МЕМЛЕКЕТТІК НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТЫҢ АТАУЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ
МЕМЛЕКЕТТІК НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТЫҢ АТАУЫ ОРЫС ТІЛІНДЕ
Енгізілген күні 20ХХ ХХ-ХХ
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
МӘТІН
____________________________________________________________
Ресми басылым
ҚР ҚЖ EN нормативтік техникалық құралдың (НТҚ) мемлекеттік/орыс тілдеріндегі шмуцтитулы (бірінші беті)
ҚР НТҚ Х.ХХ-ХХ-20ХХ
НТП РК Х.ХХ-ХХ-20ХХ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
НОРМАТИВТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ
НОРМАТИВНО-ТЕХНИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТЫҢ АТАУЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ
МЕМЛЕКЕТТІК НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТЫҢ АТАУЫ ОРЫС ТІЛІНДЕ
Енгізілген күні 20ХХ ХХ-ХХ
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
МӘТІН
___________________________________________________________________
Ресми басылым
| Мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларына 6-қосымша |
Әзірленген мемлекеттік нормативтік құжаттың ісіне кіретін құжаттардың тізбесі
1. Бірінші/түпкілікті редакцияларда мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасын ұсыну туралы әзірлеушінің хаты.
2. Әзірленген мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасына түсіндірме жазба.
3. Бірінші редакцияда әзірленген мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасы.
4. Сын-пікірлер алу үшін (сын-пікір алу туралы белгісімен) әзірленген мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасы жіберілетін ұйымдардың тізбесі.
5. Бірінші редакцияда әзірленген мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасы бойынша алынған сын-пікірлер (ескертулер мен ұсыныстар) түпнұсқасы.
6. Әзірлеуші ұйымның келісу отырысының хаттамалары (өткізілген жағдайда).
7. Бірінші редакцияда әзірленген мемлекеттік нормативтік құжат бойынша алынған пікірлер жиынтығы.
8. Әзірленген мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасы түпкілікті редакцияда олардың ескертулері мен ұсыныстары бойынша қалыптастырылған жиынтық кестемен қарауға жіберілген мемлекеттік органдардың тізбесі (қарау туралы жауапты алғаны туралы белгімен).
9. Тиісті мемлекеттік органдармен әзірленетін мемлекеттік нормативтік құжаттың жобасын қарауды растайтын түпнұсқа құжаттар.
10. Қолданыстағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың күшін жою туралы ұсыныстар немесе оларға жаңа мемлекеттік нормативтік құжатты енгізілуіне байланысты өзгерістер жобалары.
11. Мемлекеттік нормативтік құжаттың түпкілікті редакциясы.
12. Уәкілетті орган ведомствосының ҒТК хаттамалары.
13. ҒТК қаулысы.
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 120 Бұйрыққа 2-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 890 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16270 болып тіркелген).
2. "Мемлекеттiк нормативтердi әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтата тұру, күшiн жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 890 бұйрығына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 20 ақпандағы № 79 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20065 болып тіркелген).
3. "Мемлекеттiк нормативтердi әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтата тұру, күшiн жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 890 бұйрығына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 510 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21337 болып тіркелген).
4. "Мемлекеттiк нормативтердi әзiрлеу, келiсу, бекiту, тiркеу және қолданысқа енгiзу (қолданылуын тоқтата тұру, күшiн жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 890 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 314 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32444 болып тіркелген).
