"Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 42 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 13 наурыздағы № 16 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 наурызда № 38179 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. "Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Қазақстан Республикасының туристік қызметі туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына, сондай-ақ "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген), "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізу және (немесе) Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласындағы заңнамасының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында туристік қызмет саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежесіне жатқызу мақсатында тәуекелдер көрсеткіштерін айқындау үшін әзірленді.";
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы Өлшемшарттарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
      2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
      3) елеулі бұзушылық – "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына сапалы туристік қызмет алуға кедергі жасайтын талаптардың бұзушылығы;
      4) елеулісіз бұзушылық – туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына дұрыс ақпарат алуды шектейтін бұзушылық;
      5) өрескел бұзушылық – Заңда белгіленген туристік агенттік қызметтің (бұдан әрі – турагенттік қызмет) қызметінің басталғаны туралы хабарламаның, туристік қызмет көрсету және туристік оператор (бұдан әрі – туроператор) қалыптастырған туристік өнімді іске асыру шарттарының, екінші деңгейдегі банкпен шығу туризмі саласындағы туроператордың банктік кепілдік жасасқан шартының, әрбір туристік өнімнен ақшаны аударғандығын куәландыратын, төлем құжатының, туристті міндетті сақтандыру шартының жоқтығы, сонымен қатар туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына саяхаттың ерекшеліктері туралы берілетін мәлімет бойынша растаудың бар болуы;
      6) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
      7) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      10) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) біліктілік талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеруден (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігін тексеру) босату процесі;
      11) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;
      12) туристік қызмет саласындағы бақылау объектілері (бұдан әрі – бақылау объектілері) – туристік қызмет саласындағы бақылау субъектісіндегі меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі мемлекеттік бақылауға жататын мүлік;
      13) туристік қызмет саласындағы бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері) – туроператорлар, туристік агенттер (бұдан әрі –турагент), сондай-ақ Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтер, экскурсоводтар, туризм нұсқаушылары.
      14) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.";
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) туристік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.
      Бірінші кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы обьективті өлшемшарттар бойынша Бақылау субьектілерін (обьектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:
      1) жоғары тәуекел;
      2) орташа тәуекел;
      3) төмен тәуекел.
      Обьективті өлшемшарттар тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында. туристік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
      Обьективті өлшемшарттармен тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында туристік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
      Екінші кезеңде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы субьективті өлшемшарттар бойынша бақылау субьектілерін (обьектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:
      1) жоғары тәуекел;
      2) орташа тәуекел;
      3) төмен тәуекел.
      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) мыналарға:
      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;
      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;
      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.";
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы талдауға және бағалауға жататын, субъективті өлшемшарттар бойынша деректерді қалыптастырады.
      Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
      Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
      Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты, оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.
      Осы Өлшемшарттардың 11-тармағында айқындалған ақпарат көздерінің негізінде 1-қосымшаға сәйкес туристік қызмет субъектілеріне бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу үшін талаптардың бұзушылық дәрежелері және осы 2-қосымшаға сәйкес туристік қызмет субъектілерінің талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін талаптардың бұзушылық дәрежелері айқындалады.";
      14 және 15 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
      15. Осы Өлшемшарттардың 3-тармағына сәйкес бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат көздерін жинайды және деректер базасын қалыптастырады.
      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Қағидалардың (SC) 13-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
      Rарал = SP + SC , мұнда
      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
      SC – осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
      Есеп мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.".
      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастыруды;
      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны "Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды;
      4) осы бірлескен бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының қырық үшінші, қырық төртінші және қырық бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
__________А. Амрин
      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
__________Е. Мырзабосынов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады