Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16, 43, 69, 118, 121-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Магистральдық құбыр туралы" туралы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес газ құбырын пайдалану кезеңіне "Бейнеу–Шымкент" Газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерді алып қоймай Бейнеу ауданында қауымдық сервитут, күзет аймағы және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтары анықтасын және белгіленсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "Бейнеу–Бозой–Шымкент" магистральдық газ құбырының күзет аймақтарында және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарында жерді пайдалану режімі белгіленсін.
3. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Бейнеу ауданы әкімдігінің назарына жеткізсін.
4. Бейнеу ауданының әкімдігі осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
5. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай |
| Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы ____________ | |
| № ____ қаулысына 1- қосымша |
"Бейнеу - Шымкент Газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут, күзет аймағы және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтары анықталып,белгіленетін жер учаскелерінің экспликациясы
№ | Нысаналы мақсаты | Жер санаты | Қауымдық сервитут белгілеу алаңы (гектар) | Күзет аймағын белгілеу алаңы, (гектар) | Ең аз қашықтық аймағының алаңы (гектар) | Жайылым (гектар) | Басқа жерлер, (гектар) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | ||
Бейнеу ауданы | |||||||||
1 | "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық құбырының желілік бөлігі мен SCADA (ТОБЖ) телекоммуникация жүйесін төсеу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеу (11м х 11м) | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; | 14,0715 | - | - | 14,0715 | - | ||
елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; | 57,4859 | - | - | 57,4859 | - | ||||
өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | 0,6516 | - | - | - | 0,6516 | ||||
Босалқы жерлер | 193,0400 | - | - | 193,0400 | - | ||||
Жиыны: | 265,3480 | - | - | 264,6964 | 0,6516 | ||||
2 | "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының желілік бөлігінің ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарын анықтау (300м х 300м) | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; | - | - | 414,2475 | 414,2475 | - | ||
елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; | - | - | 1375,7662 | 1375,7662 | - | ||||
өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | - | - | 33,1028 | - | 33,1028 | ||||
Босалқы жерлер | - | - | 5094,7355 | 5094,7355 | - | ||||
Жиыны: | - | - | 6917,8520 | 6884,7492 | 33,1028 | ||||
3 | "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының "Бейнеу" ГӨС кеңейту жер учаскелеріне күзет аймақтарын айналасына 100 м анықтау | өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | - | 3,4681 | - | - | 3,4681 | ||
Босалқы жерлер | - | 2,7469 | - | 2,7469 | |||||
Жиыны: | - | 6,2150 | - | 2,7469 | 3,4681 | ||||
4 | "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының "Бейнеу" ГӨС кеңейтумен қоса жер учаскелеріне ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарын айналасына 700 м анықтау | өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | - | - | 37,2939 | - | 37,2939 | ||
Босалқы жерлер | - | - | 156,3651 | 156,3651 | - | ||||
Жиыны: | - | - | 193,6590 | 156,3651 | 37,2939 | ||||
Барлығы: | 265,3480 | 6,2150 | 7111,5110 | 7308,5576 | 74,5164 | ||||
| Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы ____________ | |
| № ____ қаулысына 2- қосымша |
"Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газқұбырының күзет аймақтарында және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарында жерді пайдалану режимі
"Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газқұбырының күзет аймақтарында және ең аз қашықтық (қауіпсіздік) аймақтарында:
l) өткелдерді, қара жолдарды жене магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылық дақылдарын өcipy үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
