"Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 50 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 33 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1 "Мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекіту жөніндегі кейбір мәселелер туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 50 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 207541 болып тіркелген) келесідей толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 3 қосымшаға сәйкес бекітілген "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:

      24-тармақ келесідей мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Маңғыстау-құм қорғаны" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".

      2. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.


      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады