"Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 наурызда № 38165 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) цифрлық жүйенің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – цифрлық жүйеге қол жеткізуді ұсынатын Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;";

      2-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды беру "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базада бірыңғай республикалық электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, табыс деңгейіне және тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою күніне байланысты автоматты түрде Отбасы банкінің цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тұрғынжайды бөлу және тұрғынжай беру жөнінде шешім қабылдау процесі осы Қағидалардың 13, 14 жән 15-тармақтарының талаптарын ескере отырып, автоматты түрде Отбасы банкінің автоматтандырылған цифрлық жүйесімен жүзеге асырылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Тұрғын үйге мұқтаждарды бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепке қою күні сәйкес келген кезде іріктеу жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге өтініш беру күні мен уақыты бойынша Отбасы банкінің автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.";

      24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жылдық 5% (бес пайыз) мөлшерлеме бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызының қатысушылары осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген табыс деңгейіне қойылатын талаптардан асатын соңғы 6 (алты) айдағы еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түскен жиынтық отбасылық табысы бар бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар болып табылады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Тұрғын үйге мұқтаждарды бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепке қою күні сәйкес келген кезде іріктеу банктің Отбасы автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы өтініш беру күні мен уақыты бойынша жүзеге асырылады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Тұрғын үйге мұқтаждарды бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепке қою күні сәйкес келген кезде іріктеу банктің Отбасы автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы өтініш беру күні мен уақыты бойынша жүзеге асырылады.";

      48, 49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 9-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді.

      Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың табыстарының, жылжымайтын мүліктерінің, неке қию немесе бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), құжаттар, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне беріледі.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері берген жағдайда, оларды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      49. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрлық саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес олар бекітілген немесе өзгерген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

      50. Веб-портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері:

      1) өтініш берушіден Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген өтініш берушінің құжаттары келіп түскен және цифрлық жүйеде тіркелген күні олардың толықтығын, дұрыстығын және өтініш беруші мәртебесінің Тізбеге сәйкестігін тексереді;

      2) 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және өтініш берушінің веб-порталдағы "Жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешімі бар, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша түрін, сомасын немесе дәлелді бас тартуды көрсете отырып хабарлама жібереді.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Тұрғын үй сертификатын ұсынған жағдайда Көрсетілетін қызметті беруші келісім жасалған күннен кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тұрғын үй сертификатының сомасын көрсетілетін қызметті алушының эскроу-шотына/жинақ шотына аудару үшін веб-порталда "Қазынашылық-Клиент" цифрлық жүйесіне жүктелетін төлем шотын қалыптастырады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он төртінші абзацын қоспағанда, ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің 2026 жылғы
16 наурыздағы № 100
бұйрығына 1-қосымша
Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған
мемлекеттік қолдау
шараларын іске асыру
қағидаларына
1- қосымша
Нысан
  ___________ азаматтан
(тегі, аты, әкесінің аты)
(бар болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру
нөмірі __________________

            Коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғынжайды
            немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды
                        алуға келісу туралы өтініш

      Мен _________________________________________________________________,
                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
коммуналдық тұрғын үй қорынан ___ бөлмелерден тұратын тұрғынжай алуға келісім беремін
_______________________________________________________
      (берілетін тұрғын үйдің мекенжайы көрсетіледі)
___ қабатта, жалпы ауданы ___ шаршы метр.

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"__" __________ 20 __ жыл.
ЭЦҚ

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің 2026 жылғы
16 наурыздағы № 100
бұйрығына 2-қосымша
Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған
мемлекеттік қолдау
шараларын іске асыру
қағидаларына
2- қосымша
  Нысан
___________ азаматтан
(тегі, аты, әкесінің аты)
(бар болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру
нөмірі __________________

                              Бас тарту туралы өтініш

      Мен ________________________________________________________________,
                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін ___ бөлмеден тұратын тұрғынжайдан бас
тартамын ________________________________________________________________
(берілетін тұрғынжайдың мекенжайы көрсетіледі)
___ қабатта, жалпы ауданы ___ шаршы метр, себебі
_________________________________________________________________________
      (берілетін тұрғын үйден бас тарту себебі көрсетіледі)
      Цифрлық жүйелердегі заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін. "__" __________ 20 __ жыл. ЭЦҚ

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің 2026 жылғы
16 наурыздағы № 100
бұйрығына 3-қосымша
Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған
мемлекеттік қолдау
шараларын іске асыру
қағидаларына
  3-1- қосымша

                                    Өтініш

      Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды Жалдау шартын өзгертуге өтініш
      Мен, ________________________________________________________;
                        (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________ байланысты
            (Жалдау шартына өзгеріс енгізу себебі көрсетіледі)
20__ жылғы "____" ___________ № _________ коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын
жайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды
жалдау шартына (бұдан әрі - Жалдау шарты) өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруды
сұраймын;
      Қосымшалар: 1. ____________________; 2. ___________________.
      (Келісімді отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері білдіреді)
      Мен, __________________________________________________________,
                  (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы "__" _____ № _____ Жалдау шартына өзгерістер енгізуге келісемін. Цифрлық
жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"__" __________ 20 __ жыл.

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің 2026 жылғы
16 наурыздағы № 100
бұйрығына 4-қосымша
Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған
мемлекеттік қолдау
шараларын іске асыру
қағидаларына
4- қосымша

"Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

Жоқ.

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

www.egov.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Цифрлық (ішінара автоматтандырылған).

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
2) веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш;
2) Заңның 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;
3) ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғынжай сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатының электрондық көшірмесі.
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың табыстарының, жылжымайтын мүліктерінің, неке қию немесе бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), құжаттар, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне беріледі.

10

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылады.
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
3. Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің 2026 жылғы
16 наурыздағы № 100
бұйрығына 5-қосымша
Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған
мемлекеттік қолдау
шараларын іске асыру
Қағидаларына
5- қосымша
Нысан
  __________________________
(республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың
әкімі
____________________________
тегі, аты-жөні
____________________________
тегі, аты, әкесінің аты
бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
____________________________
жұмыс орны, өтініш
берушінің лауазымы
__________________
тұратын мекенжайы

                              Өтініш

      Сізден бастапқы тұрғынжайды меншігіме сатып алу құқығын іске асыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе "Тұрғын
үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй
жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу шеңберінде
ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін:
__________________________________________________________________
                  (сомасы цифрмен және жазбаша)
________________________________________________________________
теңге мөлшерінде тұрғын үй сертификатын беруіңізді сұраймын.
      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
20__ жылғы "___" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады