Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 наурызда № 38160 тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабы 66) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу, келісу және бекіту кағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2026 жылғы 16 наурыздағы
№ 101 бұйрыққа қосымша

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 24-бабының 66) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу, келісу және бекітудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) аумақтарды аймақтарға бөлу – қала құрылысын жоспарлау кезінде жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін және оларды пайдалану бойынша ықтимал шектеулерді белгілей отырып, аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу;

      2) ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектiлерi – аумақтарды, елдi мекеннiң, жекелеген құрылыс объектiсiнiң аумағын пайдаланудың жалпыға бiрдей қабылданған қағидаларға (тәртiпке) ерекшелiктер белгiленбей не оларға толықтырулар енгiзiлмей іске асырылуы қиындаған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi;

      3) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы (бұдан әрі – Бас схема) – елдің аумақтық бәсекелестік артықшылықтарын іске асыру және тұрақты дамуына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді кеңістіктік дамуының пайымдауын және аумағын оңтайлы ұйымдастыру жүйесін қамтитын кала құрылысы жобасы;

      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Бас схема "Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9922 болып тіркелген) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемін, сондай-ақ, су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспары мен су ресурстарын қорғау және пайдаланудың бассейндік жоспарын ескере отырып әзірленеді.

      4. Бас схеманың міндеттері:

      1) өндіргіш күштерді қоныстандыру және орналастыру жүйесінің мемлекеттік реттелуін қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын ескере отырып, аумақтарды пайдаланудың мәртебесін, мақсаты мен сипатын белгілеу;

      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру арқылы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары бойынша өңіраралық және салааралық мемлекеттік мүдделерді үйлестіру.

2-тарау. Бас схеманы әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі

      5. Бас схеманы әзірлеуді уәкілетті орган қамтамасыз етеді. Бас схема Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын перспективалық ұйымдастыруға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар ескеріле отырып әзірленеді.

      Бас схеманы түзету Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген жағдайда, осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік тапсырма шеңберінде Кодекстің 69-бабының 7-тармағына сәйкес Бас схеманы әзірлеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша құрылған мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

      7. Уәкілетті орган Бас схеманың құрылымын, бастапқы деректерін алу және Бас схеманы келісуді анықтайтын, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобалауға арналған тапсырмана (бұдан әрі – Тапсырма) дайындайды және бекітеді.

      8. Бас схеманың Тапсырмасына жалпы талаптар, сондай-ақ, әзірлеу, мерзімі, құрамы және мазмұны Кодекспен және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттармен белгіленеді.

      9. Бас схема мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленеді.

      10. Бас схема кемінде жиырма жыл кезеңге әзірленеді және уәкілетті органмен бес жылда бір реттен кеш емес мониторингілеуге жатады.

      11. Уәкілетті орган мониторингті жүзеге асыру және мониторинг нәтижесін қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру бойынша орталық мемлекеттік органдардан ақпарат сұратады.

      Мониторинг нәтижелері бойынша есеп осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады, ол уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.

      Монитоирнгке Бас схеманың негізгі ережелері жатады.

      12. Бас схема:

      1) өндіргіш күштерді жайғастыру және орналастыру жүйесін;

      2) әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдарды дамытуды;

      3) республикалық және өңіраралық маңызы бар, ерекше реттелетін аумақтар мен объектілерді дамытуды;

      4) аумақтарды экономикалық мамандану және артықшылықты пайдалану түрлері бойынша сыныптауды;

      5) қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде пайдалануға басымдықтар мен шектеулерді айқындай отырып оны аймақтарға бөлуді;

      6) өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту, тарихи-мәдени мұра объектілері және (немесе) қорғалатын ландшафтық объектілер бар аумақтарды сақтау жөніндегі, сондай-ақ аумақтарды табиғи және антропогендік, техногендік құбылыстар мен процестердің қауіпті (зиянды) әсерінен қорғау жөніндегі шаралар кешенін қамтиды.

      13. Бас схеманы әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады:

      1) ол мыналарды қамтиды:

      бастапқы деректерді жинауды, Қазақстан Республикасының аумағын талдауды және бағалауды, аумақты ұйымдастыруға және тиімді пайдалануға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды анықтауды қамтитын дайындық кезеңі;

      2) ол мыналарды қамтиды:

      жобалау кезеңдеріне Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастыру бойынша жобалық ұсыныс әзірлеуді, оның ішінде:

      өндіргіш күштерді қоныстандыру мен орналастыру, әлеуметтік, рекреациялық, инженерлік және көліктік инфрақұрылымды дамыту, аумақтарды және ерекше реттелетін республикалық және өңіраралық маңызы бар объектілерді дамыту, қала құрылысы қызметін жүзеге асыру кезінде оны пайдаланудың басымдықтары мен шектеулерін айқындай отырып, аймақтарға бөлу жүйелерін әзірлеуді;

      аумақтарды экономикалық мамандану және оларды басымдықпен пайдалану түрлері бойынша жіктеуді;

      өңірлерде экологиялық жағдайды жақсарту, тарихи-мәдени және табиғи мұра объектілерінің аумақтарын сақтау, сондай-ақ аумақты табиғи және антропогендік, техногендік болмыстар мен процесстердің қауіпті (зиянды) әсірінен қорғау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді қамтитын жобалау кезеңі.

      14. Бас схема жобасының кешенді қала құрылысы сараптамасы Кодекстің 24-бабының 12) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Кешенді қала құрылысы сараптамасын өткізгеннен кейін Бас схема уәкілетті органмен мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолданады. Бас схеманың жобасын қарау және келісу мерзімі Бас схема келіп түскен күнен бастап он жұмыс күнін құрайды.

      16. Мүдделі мемлекеттік органдар келіседі және /немесе уәкілетті органға негізделген ескертулер жолдайды.

      17. Мүдделі мемлекеттік органдармен ескертулер ұсынылған жағдайда, уәкілетті орган пысықталған Бас схеманың жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға қайта келісуге енгізеді. Қайта келісу мерзімі Бас схема келіп түскен күнен бастап бес жұмыс күнін құрайды.

      18. Бас схеманың негізгі ережелері Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 23-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі.

      19. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына елдi мекендi дамыту және құрылыс схемаларын енгiзу үшiн бекiтiлген цифрлық нысандағы Бас схеманы ұсыну Кодекстің 24-бабының 47) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін және (немесе) мәліметтерін жүргізу және ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың бас
схемасын әзірлеу, келісу
және бекіту қағидаларына
1-қосымша

Жобалауға арналған тапсырма

  БЕКІТЕМІН:
  ________________________
  (лауазымы, ұйым)
  ______________________
  (тегі, аты және әкесінің аты
  (бар болған жағдайда))
  ______________________
  (қолы)
  ______________________
  (күні)

      1. Қала құрылысы жобасының түрі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Тапсырыс беруші

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (толық және қысқартылған атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Жобалау ұйымы (орындаушы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (толық және қысқартылған атауы)

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      4. Жобалау үшін негіз

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      5. Қала құрылысын жоспарлау объектісі

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      6. Жобалау кезеңдері бойынша ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына

      және нысанына қойылатын негізгі талаптар, жұмыстарды орындау реттілігі мен

      мерзімдері

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      7. Басқа талаптар мен шарттар:

      орындаушыдан

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, ұйым)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (күні)

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, ұйым)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)), (күні)

      басқа келісуші ұйымдардан

      _______________________________________________________________

      (толық атауы) (лауазымы, ұйым)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      __________________________________________ (күні)

      Ескерту: Тапсырманың мазмұны қала құрылысы құжаттамасының жекелеген түрлерін әзірлеуге қойылатын талаптарға және қала құрылысын жоспарлау объектісінің ерекшелігіне сәйкес нақтыланады.

  Қазақстан Республикасының
аумағын ұйымдастырудың бас
схемасын әзірлеу, келісу және
бекіту қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын жүзеге асыруды мониторингтеу туралы есебі

№№

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас
Схемасының негізгі ережелерінің іс шараларының
атауы

Өлшем бірлігі

Бірінші кезек

Есептік мерзім

Негіздеме

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7















































































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады