"Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 және "Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 наурызда № 38105 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31749 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) ұлттық превентивтік тетікке қатусушының өкілетігін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларының 18-тармағында көзделген негіздер бойынша қабылдайды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31836 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидалары);

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын 18-тармағында көзделген негіздер бойынша ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдайды.";

      2. "Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидалары бекіту туралы" Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31836 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидалары:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабы 14) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді және алдын ала бару және олардың өкілеттіктерін тоқтату үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу тәртібін айқындайды.";

      мынадай редакциядағы 18-тармақпен толықтырылсын:

      "18. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының өкілеттігін тоқтату негіздері:

      1) ұлттық алдын алу тетігінің қызметін реттейтін заңдардың ережелерін бұзу;

      2) өз өкілеттіктерін тоқтату туралы жазбаша өтініш;

      3) қайтыс болу не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;

      4) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрақты тұруға кету;

      5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;

      6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуі;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлардың басталуы.

      Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының өкілеттіктерін осы тармақтың 1) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтату Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы Ереженің 6-тарауында көзделген тәртіппен Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады (тіркелген нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31749) (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі туралы ереже).

      Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының өкілеттіктерін осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтату Үйлестіру кеңесінің мүшелерін хабардар ете отырып Уәкілдің шешімі бойынша жүзеге асырылады немесе Үйлестіру кеңесінің отырысына шығарылады.

      Егер Үйлестіру кеңесі мүшесінен осы мәселені талқылау туралы ұсыныс хабарланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде келіп түссе, оны қарау Үйлестіру кеңесі туралы Ереженің 6-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.".

      3. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
А. Ластаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады