ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылы №20536 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібінде:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін мердігер ұйымды таңдауды пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысы жүзеге асырады.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Көп пәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуді Оператор осы тәртіпке сәйкес пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысы таңдаған мердігерлік ұйымды және техникалық қадағалау жөніндегі ұйымды тарта отырып жүзеге асырады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 41-бабына сәйкес, бекітілген мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.";
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
