Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 8/659 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 31677 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сайлауды, референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыру және қызметі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) кеңсе және шаруашылық тауарлары;";
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"30) сайлау науқанында қажетті полиграфиялық және баспа өнімдерін дайындау: сайлау комиссияларының ақпараттық плакаттары; кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар; дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері, журналдар, куверткалар, конверттер, бланкілер, шакыру қағаздары, рұқсаттамалар; Президенттікке және депутаттыққа кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының бланкілері; дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілері; Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының, халықаралық байқаушылардың куәліктері; брошюралар; жаднамалар; кітаптар; күнтізбелер; планингтер; күнделіктер; пакеттер; папкалар-беговкалар; бейдждер; блокноттар; сайлаушылар үшін сайлауға шақыру қағаздары; бюллетеньді өз бетінше толтыру үшін көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға арналған трафареттер (оның ішінде Брайль қарпі бар бюллетеньдер үшін);";
50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"50) тутұғырлар, тулар.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Комиссия сайлаудың, референдумдардың барысы туралы халықты уақтылы хабардар ету мақсатында бекітілген бюджет шеңберінде осы Қағидалардың 13-тармағының 32), 36) және 39) тармақшаларында белгіленген қызметтерді сатып алу кезінде өтіп жатқан қызмет көрсететін бірнеше әлеуетті өнім берушілерді бірден айқындайды.";
екінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) кеңсе және шаруашылық тауарлары;";
екінші бөліктің 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"30) сайлау науқанында қажетті полиграфиялық және баспа өнімдерін дайындау, оның ішінде: сайлау комиссияларының ақпараттық плакаттары; кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар; дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері, журналдар, куверткалар, конверттер, бланкілер, конверттер, шақыру қағаздары, рұқсаттамалар; Президенттікке және депутаттыққа кандидаттарды қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының бланкілері; дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілері; Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкімдікке кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының, халықаралық байқаушылардың куәліктері; брошюралар; жаднамалар; кітаптар; күнтізбелер; планингтер; күнделіктер; пакеттер; папкалар-беговкалар; бейдждер; блокноттар; сайлаушылар үшін сайлауға шақыру қағаздары; бюллетеньді өз бетінше толтыру үшін көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға арналған трафареттер (оның ішінде Брайль қарпі бар бюллетеньдер үшін);";
екінші бөліктің 50) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"50) тутұғырлар, тулар.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдер бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы №328 бұйрығының 525-тармағына сәйкес тиісті сайлау комиссияларының төрағалары бекітілген жеке қаржыландыру жоспары шегінде сайлау науқанын, республикалық референдумды өткізу үшін бөлінетін бюджет қаражатын бөлушілер болып табылады.".
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Абдиров |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
жөніндегі агенттігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
