Сыра және сыра сусындарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 19 ақпандағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 ақпанда № 38018 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сыра және сыра сусындарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 29, 30, 31, 32, 36, 37, 38, 39, 40, 44, 47 және 48-тармақтарын қоспағанда, ол алғашқы ресми жариялануға күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 19 ақпандағы
№ 110 бұйрығыпен
бекітілген

Сыра және сыра сусындарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыра және сыра сусындарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында сыра және сыра сусындарын таңбалау және оларды одан әрі қадағалау тәртібін айқындайды.

      2. Сыра және сыра сусындарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға қойылатын талаптар "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 8-бабында көрсетілген сыра және сыра сусындарына қолданылмайды.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) агрегаттау – буып-түйілген топтық және (немесе) көліктік қаптаманы қажет болмаған жағдайда ашпай тауарды өткізу тізбегі бойынша сыра және сыра сусындарының қозғалысын қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында әрбір салынған тұтыну қаптамасының сәйкестендіру кодтарының буып-түйілген топтық және (немесе) көліктік қаптамасының сәйкестендіру кодымен өзара байланысы туралы, сондай-ақ әрбір салынған топтық қаптамасының сәйкестендіру кодтарының буып-түйілген көліктік қаптамасының сәйкестендіру кодымен және топтық қаптамаға тиісті сәйкестендіру құралдарын салумен немесе көліктік қаптамадағы сәйкестендіру кодымен өзара байланысы туралы ақпараттарды сақтай отырып, сыра және сыра сусындарының тұтыну қаптамасын сыра және сыра сусындарының топтық қаптамасына және (немесе) сыра және сыра сусындарының көліктік қаптамасына не топтық қаптаманы көліктік қаптамаға біріктіру процесі;

      2) American standard code for Interchange (бұдан әрі – ASCII 232) – баспа және баспалық емес символдарға сандық кодтар сәйкес келетін ақпаратты кодтау әдісі;

      3) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық құралдардың жиынтығы;

      4) GS1 – логистикалық бірліктерді есепке алуды стандарттау және штрих кодтау саласындағы халықаралық ұйым;

      5) GS1-128 – кәсіпорындар арасында жүк туралы ақпаратты беруге арналған GS1 стандарттау жөніндегі жаһандық ұйымның штрих кодының форматы;

      6) DataMatrix – мәтін немесе басқа түрдегі деректерді кодтауға арналған, төртбұрыш немесе шаршы түріндегі топта орналастырылған, шаршы нысанында салынған, қара-ақ элементтер немесе түрлі жарықтық дәрежедегі элементтерді білдіретін екі өлшемді матрицалық штрих код;

      7) DataMatrix ЕСС200 – қателерді болдырмау және зақымданған ақпаратты қалпына келтіру технологиясын пайдаланатын, қатенің болу жиілігі сканерленген таңбаның 10 миллионының 1-еуінен де аз, код 30 пайызға дейін зақымданған жағдайда, кодталған ақпараттың барлық дәйектілігін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін DataMatrix нұсқасы;

      8) деректерді беру хаттамасы – ақпарат пакеттерінің құрылымына және деректерді беру желісінің құрылғылары арасында ақпарат пакеттерін алмасу алгоритміне қойылатын талаптардың формаланған жиынтығы;

      9) ТТҚ ЦЖ жеке кабинет – Интернет желісінде орналастырылған, Оператор тауарлар айналымның қатысушысына (бұдан әрі – ТАҚ) ұсынатын тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ТТҚ ЦЖ) арнайы ақпараттық сервисі;

      10) тығындау құралы – қаптаманы тығындауға және оның ішіндегісін сақтауға арналған бұйым, оның ішінде қақпақ-пломба немесе термотығыздалу қақпағы;

      11) кегтер – сыраны немесе сыра сусындарын сақтауға, тасымалдауға және кейіннен сатуға, оның ішінде құюға арналған металл ыдыс;

      12) сыра және сыра сусындарының көліктік қаптама – сыра және сыра сусындарын зақымданудан қорғау мақсатында және оны сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатын және дербес көлік бірлігін құрайтын тұтыну қаптамада және (немесе) топтық қаптамада қапталған, таңбаланған сыра және сыра сусындарын біріктіретін қаптама. Көліктік қаптама мөлшері (көлемі) кіші көліктік қаптаманы қамтиды;

      13) көліктік қаптаманы сәйкестендіру коды – осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес қалыптастырылатын әрбір жеке көліктік қаптама үшін бірегей символдар комбинациясы;

      14) Global Company Prefix (бұдан әрі – GCP) – кәсіпорынға (GS1) жүйесінде берілген кәсіпорынның халықаралық нөмірі (префикс);

      15) қолдану коды – 2 (екі) немесе одан да көп белгіден тұратын, элементтік жолдың басында орналасқан және префикстен кейінгі деректер ашық жолының мақсаты мен форматын нақты айқындайтын префикс;

      16) Global Product Classification (бұдан әрі – GPC) – бұл GS1 ұйымдары өнімдерінің жаһандық жіктеуіштері. Бұл халықаралық сауда шеңберінде олардың негізгі сипаттамалары негізінде санаттар бойынша тауарларды біркелкі топтауға арналған халықаралық жүйе;

      17) Global Trade Item Number (бұдан әрі – GTIN) – GS1 жүйесінің стандарттарында белгіленген қағидаларға сәйкес, оны әлемдік экономикалық кеңістікте бір мәнді сәйкестендіру мақсатында GS1 ұлттық (өңірлік) ұйымы тауарлар тобына беретін және ТТҚ ЦЖ тауардың коды ретінде пайдаланылатын жаһандық сәйкестендіру нөмірі;

      18) сыра және сыра сусындарының сәйкестендіру коды – тауар кодының бірегей комбинациясын (GTIN) және тұтынушылық немесе топтық қаптаманың жеке сериялық нөмірін білдіретін символдардың дәйектілігі;

      19) сыра және сыра сусындарының сәйкестендіру құралы – тұтыну қаптамасына және топтық қаптамасына, кегаларға немесе олардың тығындау құралына салу үшін осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес қалыптастырылатын екі өлшемді матрицалық штрихкод түрінде ұсынылған, машина оқитын нысанда сыра немесе сыра сусындарын таңбалау коды;

      20) ТТҚ ЦЖ сәйкестендіру құралдарының тізілімі – ТАҚ сәйкестендіру құралдарымен міндетті түрде таңбалауға жататын, ТТҚ ЦЖ-да тіркеген сәйкестендіру құралдарының тізбесі;

      21) сыра және сыра сусындары – Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) 2202910000, 2203000100, 2203001000, 2203000900 кодтары бойынша өнімдер;

      22) сыра және сыра сусындарының айналымы – сыра және сыра сусындарын Қазақстан Республикасына өндіру және әкелу, сақтау, тасымалдау, алу және беру, оның ішінде оларды Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу және өткізу (сату);

      23) сыра және сыра сусындарын тасу – бір мекенжай бойынша орналасқан стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайларының ішінде сыра және сыра сусындарының орналасқан орнын өзгертуді қоспағанда, ТАҚ-ның бір стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайынан басқа стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайына сыра және сыра сусындарының орналасқан жерін өзгерту;

      24) тауарлар айналымына қатысушы – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және айналымға және (немесе) айналымға енгізуді және (немесе) айналымнан таңбаланған сыра және сыра сусындарын шығаруды жүзеге асыратын дара кәсіпкер, заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі, оның ішінде:

      импорттаушы – ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ЕАЭО кеден аумағына сыра және (немесе) сыра сусындарын әкелуді, сондай-ақ сыра және сыра сусындарын ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      өндіруші – кейіннен өткізу үшін сыра және (немесе) сыра сусындарын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      25) тауарлар тізілімі – ТТҚ ЦЖ-да тіркелген, ТАҚ қалыптастырған тауарлардың тізбесі;

      26) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың цифрлық жүйесі – сәйкестендіру құралдарымен міндетті түрде таңбалауға жататын сыра және сыра сусындарын таңбалау процестерін қамтамасыз етуге және оларды айналым процесінде одан әрі қадағалауға арналған цифрлық жүйе;

      27) Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 қаулысымен айқындалған "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы;

      28) тауардың жеке сериялық нөмірі – тауарлардың номенклатуралық тобы шеңберінде тұтынушылық немесе топтық қаптаманы бірегей сәйкестендіретін символдардың дәйектілігі;

      29) таңбаланған сыра және сыра сусындары – осы Қағидаларға сәйкес сәйкестендіру құралдары салынған және осы өнімге қатысты анық мәліметтер (оның ішінде оған салынған сәйкестендіру құралы туралы немесе затбелгі туралы, немесе сәйкестендіру құралы қамтылған стикер туралы немесе қорғалған материалдық жеткізгіш туралы мәліметтер) жазылған сыра және сыра сусындары ТТҚ ЦЖ-да қамтылады;

      30) таңбалау коды – Оператор сыра немесе сыра сусындарының тұтынушылық немесе топтық қаптамасын сәйкестендіру мақсатында қалыптастыратын тауарды сәйкестендіру коды мен тексеру кодынан тұратын бірегей символдардың дәйектілігі;

      31) тексеру коды – тауарды сәйкестендіру кодын криптографиялық өзгерту нәтижесінде қалыптастырылатын және сәйкестендіру кодын бұрмалауды анықтауға мүмкіндік беретін символдардың дәйектілігі;

      32) сыра немесе сыра сусындарының топтық қаптамасы – сыра немесе сыра сусындарының тұтыну қаптамасының белгілі бір санын біріктіретін қаптама;

      33) сыра немесе сыра сусындарының тұтынушылық қаптама – сыра немесе сыра сусындарын түпкілікті тұтынушыға бастапқы буып-түюге және сатуға арналған қаптама;

      34) FNC1 ASCII 232 – DataMatrix GS1 штрихкод форматының символикасының белгісін білдіретін, GS1 логистикалық бірліктерін есепке алу мен штрих-кодтауды стандарттау саласындағы халықаралық ұйымның және ASCII символдар кестесінде 232 коды бар арнайы символдар;

      35) электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі – Оператор әзірлеген және Оператордың интернет-ресурсында жарияланған ТАҚ және ТТҚ ЦЖ бағдарламалық-аппараттық құралдарының өзара іс-қимыл тәсілдерінің сипаттамасы;

      36) таңбаланған сыра және сыра сусындарын айналымнан шығару – "Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына (бұдан әрі – 626 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37238 болып тіркелген) сәйкес деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы арқылы таңбаланған сыра және сыра сусындарын жеке тұлғаға жеке тұтыну үшін өткізу (сату), алып қою (тәркілеу), кәдеге жарату, бүлдіру, жою, қайтарымсыз жоғалту, сатып алушының өз мұқтажы үшін пайдалану және сыра және сыра сусындарының одан әрі айналымын тоқтатуды болжайтын өзге де себептер.

2-тарау. Сыра және сыра сусындарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау тәртібі

      4. Өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген сыра және сыра сусындарын сәйкестендіру құралдарымен тауарды жаңа меншік иесіне не өзге тұлғаға бастапқы өтеулі немесе өтеусіз бергенге дейін осындай адамды иеліктен шығару мақсатында немесе кейіннен өткізу үшін таңбалауды жүзеге асырады.

      Импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген сыра және сыра сусындарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе оларды ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт кедендік рәсімдерімен орналастырғанға дейін сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды қамтамасыз етеді.

      5. Міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген, таңбаланбаған, "Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35129 болып тіркелген) айқындалған таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген сыра және сыра сусындарын ТАҚ күнтізбелік 1 (бір) жыл ішінде сатады.

      6. Сыра және сыра сусындарын ТАҚ-да сәйкестендіру құралдарымен таңбалау мақсатында ТТҚ ЦЖ байланыс арналары арқылы қосылған АБК болуы қажет.

      ТТҚ ЦЖ-ға қосылған АБК таңбалау кодтарын алу, таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді беру бөлігінде, сәйкестендіру құралдарын енгізу, жарамсыз ету (болған жағдайда) және агрегациялау туралы ақпаратты, сондай-ақ ТТҚ ЦЖ таңбаланған сыра және сыра сусындарының айналымы, айналымға енгізу және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді кейін ТТҚ ЦЖ-ға жібере отырып, Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсінің шарттарына сәйкес деректерді Операторға автоматты түрде беруді қамтамасыз етеді.

      Мұндай АБК болмаған немесе ТТҚ ЦЖ-мен интеграциясы болмаған кезде ТАҚ Операторға мәліметтерді ТТҚ ЦЖ жеке кабинеті арқылы жолдайды.

      7. Оператор мынадай:

      1) сәйкестендіру құралдарын оқу;

      2) сәйкестендіру құралдарында қамтылған ақпараттарды ТТҚ ЦЖ-ға беру;

      3) ТТҚ ЦЖ-дан тексерілетін сыра немесе сыра сусыны туралы мәліметтерді алу;

      4) мобильді қосымшаны пайдаланушының осы Қағидалардың талаптарын ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді ТТҚ ЦЖ-ға жолдау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін тегін мобильді қосымшаны әзірлейді және еркін пайдалану үшін Интернет желісіне орналастырады.

      ТТҚ ЦЖ-да қамтылған мәліметтер бойынша қалыптастырылған ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады және мынадай жағдайларда тек мынадай тұлғаларға:

      1) көрсетілген ТАҚ жасаған тауармен жасалатын мәмілелер туралы ақпарат бөлігінде ТАҚ-ға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мемлекеттік органға жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру мақсаттары үшін осындай сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдарға;

      3) өзі өндірген таңбаланған сыра және сыра сусындары туралы статистикалық және талдамалық ақпарат бөлігінде сыра және сыра сусындарын өндірушіге;

      4) ТТҚ ЦЖ-да қамтылған тауардың сипаттамалары, тауарды өндіруші немесе сатушы туралы ақпарат бөлігінде тұтынушыларға беріледі.

      8. Өндірушілер мен импорттаушылар:

      1)таңбаланған сыра және сыра сусындарының айналымы және (немесе) айналымға енгізуге байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ТТҚ ЦЖ-да тіркеуді жүргізеді;

      2) ТТҚ ЦЖ-да сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын сыра және сыра сусындарын тіркеуді жүзеге асырады;

      3) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсінің шарттарына сәйкес АБК-нің (бар болса) ТТҚ ЦЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға дайындығын қамтамасыз етеді;

      4) сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жататын сыра және сыра сусындарын таңбалау туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы Қағидалардың 25, 33, 34, 36, 37, 43, 44, 45, 47жәнеи 48-тармақтарына сәйкес таңбаланған сыра және сыра сусындарының айналымы, оларды айналымға енгізу және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде ТТҚ ЦЖ енгізеді.

      9. Сыра және сыра сусындарын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын ТАҚ:

      1)сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын сыра және сыра сусындарының айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ТТҚ ЦЖ-да тіркеуді жүргізеді;

      2) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсінің шарттарына сәйкес АБК-нің (бар болса) ТТҚ ЦЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға дайындығын қамтамасыз етеді;

      3) ТТҚ ЦЖ-ға осы Қағидаларға сәйкес таңбаланған сыра және сыра сусындарының айналымы, оларды айналымға қайта енгізу және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді енгізеді.

      10. Сыра және сыра сусындарын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын ТАҚ:

      1) таңбаланған сыра және сыра сусындарын айналымнан шығарумен және айналымға қайта енгізумен байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін осы Қағидаларға сәйкес ТТҚ ЦЖ-да тіркеуді жүргізеді;

      2) Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсінің шарттарына сәйкес АБК-нің (бар болса) ТТҚ ЦЖ-мен ақпараттық өзара іс-қимылға дайындығын қамтамасыз етеді;

      3) деректерді бекіту және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының болуын қамтамасыз етеді;

      4) бақылау-касса машинасымен ұштасқанн сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құрылғысының болуын қамтамасыз етеді;

      5) сатылған сыра және сыра сусындарының әрбір бірлігі бойынша бақылау-касса машинасын пайдалана отырып таңбаланған сыра және сыра сусындарын айналымнан шығару туралы мәліметтерді беру бойынша фискалдық деректер операторымен (бұдан әрі – ФДО) жасалған шарттың болуын қамтамасыз етеді;

      6) екі өлшемді DataMatrix кодын оқу мүмкіндігіне сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құрылғыларына тексеру жүргізеді;

      7) ТТҚ ЦЖ-ға осы Қағидалардың 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47 және 48-тармақтарына сәйкес таңбаланған сыра және сыра сусындарының айналымы, оларды айналымға қайта енгізу және (немесе) айналымнан шығарылуы туралы мәліметтерді енгізеді.

      11. ТАҚ-ты тіркеуді және оларға жеке кабинетке қол жеткізуді ұсынуды Оператор электрондық түрде ұсынылған анық мәліметтер негізінде жүзеге асырады.

      12. ТАҚ оның атынан ТТҚ ЦЖ-да мәліметтер беруге және сұратуға уәкілетті адамдарды белгілейді.

      13. ТТҚ ЦЖ-да сыра және сыра сусындарын тіркеуді:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында сыра және сыра сусындарын өндіру кезінде – өндіруші (келісімшарттық өндіріс шеңберінде және/немесе еркін кеден аймағы кедендік рәсіміне немесе еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік шикізаттан өндірілетін сыра және сыра сусындарын қоса алғанда);

      2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде сыра және сыра сусындарын өндіру кезінде – импорттаушы (Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін) жүзеге асырады.

      14. ТТҚ ЦЖ-да сыра және сыра сусындарын тіркеу үшін ТАҚ ТТҚ ЦЖ -да мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) тауар идентификаторының иесі компаниясының атауы;

      2) тауар идентификаторы иесінің GCP префиксі;

      3) тауар идентификаторы иесінің заңды мекенжайы;

      4) тауар коды (GTIN);

      5) мемлекеттік жіктеуіш коды;

      6) СЭҚ ТН сәйкес тауар коды;

      7) GPC коды;

      8) тауардың саудалық атауы;

      9) сауда белгісі;

      10) этил спиртінің көлемдік үлесі, көлемі %;

      11) пастерленген бе;

      12) сүзгіден өткізу типі;

      13) тауардың функционалдық атауы (тауар түрі);

      14) нетто өлшемі;

      15) өндіріс түрі;

      16) шикізаттың шығарылған жері;

      17) хош иісті ме;

      18) көпіршікті ме;

      19) газдалған ба;

      20) сыра және сыра сусындарының құрамы;

      21) өндіруші елі;

      22) қаптаманың сипаттамасы;

      23) сыра құюға арналған жабдыққа қосқаннан кейін оны кегтерде өткізудің шекті мерзімі;

      24) нарықтағы айналым белгісі;

      25) сәйкестік белгісі;

      26) қаптама типі;

      27) қаптама материалы;

      28) қаптаманың суреті;

      29) жарамдылық мерзімі.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген мәліметтер енгізілген сәттен бастап ТТҚ ЦЖ 3 (үш) жұмыс күні ішінде сыра және сыра сусындары туралы мәліметтерді:

      1) көрсетілген тауар коды (GTIN) бар сыра немесе сыра сусыны ТТҚ ЦЖ-да тіркелген;

      2) GS1 ақпараттық ресурсының деректері бойынша тауар коды (GTIN) – Kazakhstan ТАҚ пайдалануға жатпайтын;

      3) GS1 ақпараттық ресурсының деректері бойынша тауар коды (GTIN) болмаған жағдайда тіркеуден бас тартады.

      16. Сыраны немесе сыра сусынын сәйкестендіру құралдары DataMatrix GS1 екі өлшемді штрихкоды түрінде, машинада оқуға жарамды, тұтынушы қаптамасын немесе кегтерді немесе сәйкестендіру құралын зақымдамай бөлуге жол бермейтін әдіспен олардың тығындау құралына салынады. Сәйкестендіру құралын тұтынушылық қаптаманың және (немесе) кегтердің зақымдалмай конструктивті бөлінетін бөліктеріне салуға жол берілмейді.

      Таңбаланған тауарларды топтық қаптамаға жинақтау кезінде мұндай қаптамаға осындай қаптамаға орналастырылған тауарларды сәйкестендіру құралдарын агрегациялаумен сәйкестендіру құралы салынады.

      17. Сәйкестендіру құралдары тұтынушылық қаптамаға немесе топтық қаптамаға, немесе кегтерге немесе оларды тығындау құралына мынадай техникалық шарттарды сақтай отырып қолданылады:

      1) сәйкестендіру құралдарын салу ESS-200 қателерін түзету әдісін қолдана отырып, мөрмен жүзеге асырылады;

      2) сәйкестендіру құралдарын салу ASCII кодтауды пайдалана отырып жүзеге асырылады;

      3) сәйкестендіру құралы машинада оқуға жарамды. Бұл ретте сәйкестендіру құралының мөлшерін ТАҚ дербес айқындайды.

      18. Тұтынушылық және топтық қаптаманы сәйкестендіру құралы үш топтың деректерін қоса алғанда, таңбалау кодын қамтиды, бұл ретте:

      таңбалау коды жолының басында GS1 DataMatrix FNC1 (ASCII 232) символикасының белгісі болады;

      деректердің бірінші тобы "01" қолдану кодымен сәйкестендіріледі және он төрт цифрлық символдан тұратын сауда бірлігінің жаһандық сәйкестендіру нөмірін (GTIN) қамтитын;

      деректердің екінші тобы "21" қолдану кодымен сәйкестендіріледі және жеті символдан (цифр, жазу және латын әліпбиінің әріптерімен жазу, сондай-ақ арнайы символдардан) тұратын қаптаманың жеке сериялық нөмірін қамтиды. Бұл топ үшін соңғы символ ретінде ASCII символдар кестесінде 29 коды бар арнайы бөлшек-символы қолданылады;

      деректердің үшінші тобы "93" қолдану кодымен сәйкестендіріледі және төрт символдан (цифр, жазу және латын әліпбиінің әріптерімен жазудан) тұратын тексеру кодын қамтиды.

      19. Көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодын ТАҚ GS1-128 халықаралық стандартына сәйкес келетін бір өлшемді штрих-код түрінде не DataMatrix форматында екі өлшемді штрих-код түрінде беріледі. Көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодының құрамын көліктік қаптаманы сәйкестендіру кодында осындай кодтарды агрегирлеуді жүзеге асыратын ТАҚ айқындайды.

      20. Штрих код форматындағы сәйкестендіру құралдары:

      1) сәйкестендіру құралын таңдау арқылы қолдан жасау ықтималдығы 10 000 (он мың) 1-еуінен (бір) де аз болуын;

      2) DataMatrix ECC200 деңгейінде немесе одан жоғары қателерді тану және түзету функциясын қамтамасыз етеді.

      21. ТТҚ ЦЖ сыра немесе сыра сусынының тұтынушылық немесе топтық қаптамасына, кегтерге немесе олардың тығындау құралына салынған сәйкестендіру құралында қамтылған таңбалау кодын қайта қалыптастыруға (генерациялауға) жол бермейді.

      22. Сыра немесе сыра сусынын сәйкестендіру құралымен таңбалауды қамтамасыз ету үшін ТАҚ Операторға ТТҚ ЦЖ арқылы таңбалау кодтарын алуға сұрау салуды (бұдан әрі – Сұрау салу) жібереді.

      23. Таңбалау кодын беруден бас тарту Сұрау салу тіркелген сәттен бастап 4 (төрт) сағат ішінде мынадай:

      1) ТАҚ ТТҚ ЦЖ-да тіркелмеген;

      2) ұсынылған сәйкестендіру коды бұрынТТҚ ЦЖ-да тіркелген;

      3) тауар коды ТТҚ ЦЖ тауарларының тізілімінде тіркелмеген және/немесе оны мәлімдеген ТАҚ пайдалануға жатпайтын;

      4) тауар коды "Сыра және сыра сусындары" тауар тобына сәйкес келмейтін жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Сұрау салу ТТҚ ЦЖ-да тіркелген сәттен бастап Оператор 4 (төрт) сағат ішінде:

      1) ТАҚ-дан алынған деректер негізінде криптографиялық қорғау алгоритмдерін қолдана отырып, Сұрау салуда көрсетілген таңбалау кодтарының санын эмиссиялауды (генерациялауды) жүзеге асырады;

      2) ТТҚ ЦЖ сәйкестендіру құралдарының тізіліміне тиісті сәйкестендіру кодтарын қамтиды;

      3) ТАҚ эмитенттелген таңбалау кодтарының құрамы туралы мәліметтерді ұсынады.

      25. ТАҚ таңбалау кодын алған күннен бастап күнтізбелік 365 (үш жүз алпыс бес) күннен кешіктірмей оны сәйкестендіру құралына түрлендіреді, оны сыра немесе сыра сусынының қаптамасына немесе кегтерге немесе олардың тығындау құралына салуды қамтамасыз етеді және ТТҚ ЦЖ-ға сыра және сыра сусынына салынған сәйкестендіру құралдарында қамтылған таңбалау кодтарын салу туралы мәліметтерді береді.

      Сәйкестендіру құралдарында қамтылған таңбалау кодтарын енгізу туралы ақпаратқа енгізілмеген таңбалау кодтары осы Қағидаларда көзделген мерзімдерде жойылады.

      26. Оператормен жасалған шарт негізінде тиісті таңбалау кодынан түрлендірілген сыра немесе сыра сусынына сәйкестендіру құралын салу туралы мәліметтер ТТҚ ЦЖ-ға енгізілгенге дейін ТАҚ таңбалау кодын беру жөніндегі қызметті төлейді.

      Таңбалау кодын беру жөніндегі қызмет осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ТТҚ ЦЖ-ға берілген сыра және сыра сусындарына сәйкестендіру құралдарын салу туралы ақпаратта қамтылған мәліметтерді ТТҚ ЦЖ-да тіркеу кезінде Оператор көрсеткен болып танылады.

      27. Сәйкестендіру құралын тұтынушылық және топтық қаптамаға немесе кегтерге немесе олардың тығындау құралына салу:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында сыра және сыра сусындарын өндіру және олардың айналымы осындай өнімді өндіру немесе сақтау орындарында жүзеге асырылады;

      2) әкелу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін, ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт кедендік рәсімдерімен орналастырылғанға дейін жүзеге асырылады.

      28. Сәйкестендіру құралын не затбелгіні, не стикерді не құрамында сәйкестендіру құралы бар қорғалған материалдық жеткізгішті тұтынушылық қаптамаға немесе топтық қаптамаға немесе кегтерге немесе олардың тығындау құралына салу сәйкестендіру құралын зақымдамай бөлуге жол бермейтін тәсілмен жүзеге асырылады.

      29. Таңбаланған сыра және сыра сусындарын сәйкестендіру кодтарын топтық және (немесе) көліктік қаптамада агрегирлеу кезінде ТАҚ ТТҚ ЦЖ-ға агрегирленген қаптаманы басқа ТАҚ-қа бергенге дейін сәйкестендіру кодтарын агрегирлеу туралы ақпаратты ұсынады.

      30. Таңбаланған сыра және сыра сусындарын сәйкестендіру кодтарын көліктік қаптамада агрегирлеу кезінде осындай көліктік қаптамаға осындай қаптамада орналастырылған сәйкестендіру кодтарын агрегирлей отырып, көліктік қаптаманы сәйкестендіру коды салынады. Көліктік қаптаманы таңбалау кезінде көліктік қаптамаға салынатын міндетті емес ақпараттық ашық жолдың құрамын сыра және сыра сусындарын көліктік қаптамаға жинақтауды жүзеге асыратын ТАҚ айқындайды.

      Көліктік қаптама сыра және сыра сусындарын біріктіру мақсатында, сондай-ақ басқа да шағын мөлшердегі (көлемдегі) көліктік қаптамаларды бір көліктік қаптамаға біріктіру үшін қолданылады.

      31. Сыра және сыра сусындарының таңбаланған қаптамаларын басқа топтық немесе көліктік қаптамаға салған жағдайда ТАҚ ТТҚ АЖ ға агрегирлеу туралы ақпаратты ұсынады.

      32. Оператор таңбаланған сыра және сыра сусындарын сәйкестендіру кодтарын агрегирлеу туралы мәліметтерді алғаннан кейін олардың ТТҚ ЦЖ сәйкестендіру құралдарының тізілімінде көрсетілуін, сондай-ақ ТТҚ ЦЖ-да көрсетілген ТАҚ ақпаратының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

      33. Қазақстан Республикасының аумағында сыра және сыра сусындарын:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында сыра және сыра сусындарын өндіру кезінде – ТТҚ ЦЖ-ға сыра және сыра сусындарына салынған сәйкестендіру құралдарында қамтылған таңбалау кодтарын енгізу туралы мәліметтерді жіберу нәтижелері бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының аумсыра және сыра сусындарын ағына әкелу кезінде – ТТҚ ЦЖ-ға сыра және сыра сусындарын Қазақстан Республикасына әкелу туралы мәліметтерді енгізу нәтижелері бойынша айналымға енгізу деп танылады.

      34. Қазақстан Республикасының аумағына сыра және сыра сусындарын әкелуді жүзеге асыратын ТАҚ ТТҚ ЦЖ-ға Қазақстан Республикасына сыра және сыра сусындарын әкелу туралы мәліметтерді енгізеді.

      35. ТТҚ ЦЖ-ға Қазақстан Республикасының аумағына сыра және сыра сусындарын әкелу туралы мәліметтерді енгізу, Оператордың интернет-ресурсында ТТҚ ЦЖ-да техникалық қателердің болуы себебінен ТТҚ ЦЖ-ға мәліметтерді енгізудің мүмкін еместігі туралы ақпараттарды растау кезінде ТАҚ мұндай мәліметтерді қағаз жеткізгіште ресімдейтін және жолдайтын жағдайды қоспағанда, электрондық нысанда ресімделеді.

      Техникалық қателер жойылғаннан кейін ТТҚ ЦЖ-ға бұрын қағаз жеткізгіште жолданған Қазақстан Республикасының аумағына сыра және сыра сусындарын әкелу туралы мәліметтерді енгізу ТТҚ ЦЖ-дағы техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, бірақ сыра және сыра сусындарын үшінші тұлғаларға берген күннен кешіктірмей ТТҚ ЦЖ-ға импорттаушының енгізуіне жатады.

      36. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген таңбаланған сыра және сыра сусындарының айналымы Қазақстан Республикасында сәйкестендіру құралдарымен сыра және сыра сусындарының міндетті қадағалануы енгізілген күннен кейін олардың айналымы туралы мәліметтерді ТТҚ ЦЖ-ға міндетті түрде бере отырып жүзеге асырылады.

      37. Сыра және сыра сусындарын жаңа меншік иесіне өтеулі немесе өтеусіз беру кезінде немесе сыра және сыра сусындарын өткізу кезінде ТАҚ ТТҚ ЦЖ-ға олардың айналымы туралы мәліметтерді сыра және сыра сусындарын өткізу немесе өткізу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде енгізеді.

      38. Сыра және сыра сусындарын қабылдауды аталған тауарлардың айналымы туралы мәліметтерді ТТҚ ЦЖ-да олардың айналымы туралы мәліметтерді тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде растау жолымен ТАҚ жүзеге асырады.

      39. ТАҚ Оператордың интернет-ресурсында ТТҚ ЦЖ-да техникалық қателіктердің болуы себебінен ТТҚ ЦЖ-дағы айналым туралы мәліметтерді енгізу мүмкін еместігі туралы ақпаратты растау кезінде қағаз тасығыштағы айналым туралы мәліметтерді ресімдейтін жағдайды қоспағанда, сыра және сыра сусындарының айналымы туралы мәліметтер электрондық нысанда енгізіледі.

      Техникалық қателер жойылғаннан кейін бұрын қағаз тасығышта ресімделген айналым туралы мәліметтерді өнім беруші ТТҚ ЦЖ-да техникалық қателер жойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, бірақ тауар үшінші тұлғаларға берілген күннен кешіктірмей ТТҚ ЦЖ-ға енгізуге тиіс.

      40. ТТҚ ЦЖ таңбалау кодының меншік иесін ауыстыру екі тарап растаған ТТҚ ЦЖ сыра немесе сыра сусынының айналымы туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.

      41. Таңбаланған сыраны немесе сыра сусынын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын ТАҚ оларды тұтынушылық немесе топтық қаптамаға немесе топтық қаптамада немесе кегтерге, № 626 бұйрыққа сәйкес тіркелген бақылау-кассалық машинамен байланыстырылған техникалық құрылғыларда тікелей орналасқан материалдық жеткізгішке салынған сәйкестендіру құралын сканерлеу және тану жолымен ТТҚ ЦЖ-ға қабылдау туралы мәліметтер расталған жағдайда ғана айналымнан шығаруды жүргізеді.

      Тұтынушылық немесе топтық қаптамаға немесе тікелей тұтынушылық қаптамада немесе топтық қаптамада орналасқан материалдық тасығышқа немесе кегтерге салынған сәйкестендіру құралында қамтылған сәйкестендіру коды туралы мәліметтер бақылау-касса машинасы қалыптастыратын "кассалық чек" фискалдық құжатына енгізіледі және ФДО-ға беріледі.

      42. ФДО нақты уақыт режимінде мына мәліметтерді:

      1) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе сатушының бизнес сәйкестендіру нөмірін;

      2) бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін;

      3) фискалдық құжаттың деректемелерін (чектің нөмірі мен күні);

      4) сату күні мен бағасын;

      5) сыра немесе сыра сусынына салынған сәйкестендіру құралында қамтылған тауарды сәйкестендіру кодын қамтитын әрбір сатылған тауар бірлігі бойынша ТТҚ ЦЖ-ға мәліметтерді беруді жүзеге асырады.

      43. ТТҚ ЦЖ-да таңбаланған сыра немесе сыра сусынын айналымнан шығару ФДО-дан алынған мәліметтер негізінде бөлшек саудада сату кезінде жүзеге асырылады.

      44. Таңбаланған сыра немесе сыра сусынын бөлшек саудада сату болып табылмайтын негіздер бойынша айналымнан шығару кезінде ТАҚ айналымнан шығару күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті себептерді көрсете отырып, ТТҚ ЦЖ-ға таңбаланған сыра немесе сыра сусынын айналымнан шығару туралы ақпаратты ұсынады.

      45. Тұтынушы таңбаланған сыра немесе сыра сусынын қайтарған кезде ТАҚ мұндай өнімді одан әрі өткізу және (немесе) беру үшін айналымға қайта енгізуді орындайды.

      46. Тұтынушы сыра немесе сыра сусынын қайтарған кезде ТАҚ кейіннен ТТҚ ЦЖ-ға ақпаратты жолдау үшін әрбір қалпына келтірілетін бірлік бойынша ФДО ақпаратты жібереді.

      47. Осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілгеннен басқа себептер бойынша бұрын айналымнан шығарылған сыра немесе сыра сусынын айналымға қайта енгізу үшін ТТҚ ЦЖ-да көрсетілген сыра немесе сыра сусынын айналымға қайта енгізу туралы мәліметтерді енгізеді.

      48. Сыра немесе сыра сусынын айналымға қайта енгізу туралы ақпарат Операторға сыра немесе сыра сусынын қайта енгізу үшін негіздер туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі.

      49. ТТҚ ЦЖ Операторына ТАҚ ақпаратты ұсыну ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық өзара іс-қимыл интерфейстері арқылы не ТТҚ ЦЖ жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

      50. Таңбаланған сыра және сыра сусындарын айналымға енгізуді, айналымды және айналымнан шығаруды жүзеге асырған кезде ТТҚ ЦЖ-да мәліметтерді ұсынуды ТАҚ дәйекті түрде жүзеге асырады.

      ТТҚ ЦЖ деректері бойынша көліктік қаптамада және (немесе) топтық қаптамада қамтылған сыра және сыра сусындарының әрбір бірлігі (тұтынушылық қаптамасы) туралы мәліметтерді берумен тең деп есептеледі.

      51. Электрондық өзара іс-қимыл интерфейсіне сәйкес ТТҚ ЦЖ-ға жіберілетін және Оператор алған барлық құжаттар мен мәліметтер ТТҚ ЦЖ-да көрсетілуге жатады.

      52. Егер ұсынылған ақпарат осы Қағидаларда көзделген дұрыс емес мәліметтерді қамтыса, Оператор ТТҚ ЦЖ-да ТАҚ ұсынатын мәліметтерді қабылдаудан бас тартады.

      53. ТТҚ ЦЖ жеке кабинетінде тіркелген күн ТТҚ ЦЖ мәліметтерді ұсыну күні болып танылады.

      54. ТТҚ ЦЖ-да мәліметтердің толықтығы, анықтығы және уақтылы ұсынылуы тиісті ақпаратты жолдай отырып, ТАҚ қамтамасыз етеді.

      55. Таңбаланған сыра және сыра сусындарының айналымына мониторингті қамтамасыз ету мақсатында Оператор ТТҚ ЦЖ мынадай:

      1) ТАҚ туралы;

      2) сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жататын сыра және сыра сусындары туралы;

      3) ТАҚ берген сәйкестендіру кодтары туралы;

      4) таңбаланған сыра және сыра сусындарының айналымы және оларды айналымнан шығару туралы мәліметтердің болуын қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады