"Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 298 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 ақпанда № 38017 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 298 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 28281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      8-тармақтың 5) тармақшасының 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды, оның ішінде үлестік және/ немесе мезониндік қаржыландыруды жүзеге асыру:".

      8-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) экспорттық саудалық қаржыландыру, кредиттеу және сақтандыру, қайта сақтандыру және шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерге кепілдік беру тетіктерін пайдалану:

      "Экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту" бағыты шеңберінде:

      ұсынылған қолдау көлемінен кем емес сомаға ақшалай мәндегі өнім экспорты;".

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импортты кедендік әкелу баждарын және қосылған құн салығын төлеуден босату:

      "Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:

      өнімді оқшаулау деңгейін арттыру (Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірмемен расталатын технологиялық операциялар санын ұлғайту);

      "Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету" бағыты шеңберінде:

      2 (екі) жыл ішінде өндірілетін өнім көлемін 10%-ға ұлғайту.".

      13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Қарсы міндеттемелер орындалмаған жағдайда шикізаттық емес экспортты ілгерілету бойынша экспорттық сауда-саттықты қаржыландыру, сақтандыру, қайта сақтандыру және мәмілелерге кепілдік беру кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері тұрақсыздық айыбын қолданады.".

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарсы міндеттемелердің орындалу деңгейін, ақшалай қаражатты қайтару көлемін және ақшалай қаражатты қайтару рәсімін есептеуді өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері өнеркәсіптік-инновациялық қызметті өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруға ұсынылатын шаралары шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің ішкі құжаттарында айқындалған қарсы міндеттемелерді мониторингтеу мерзімдеріне қарай дербес жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады