ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Көлік министрі 2026 жылғы 18 ақпандағы № 46 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларында:
мынадай редакциядағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Жүкпен және (немесе) жүксіз ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларына сәйкес көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу қолданылатын кезеңде тасымалдау "Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 492 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33042 болып тіркелген) бекітілген жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларына сәйкес Арнайы рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады".
16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) автокөлік құралының жалпы салмағын "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) және "Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 492 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33042 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес белгіленген рұқсат етілген жалпы салмақтан асатын болса;"
27-тармақ мынадай редакциядағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) жүксіз немесе бөлінбейтін жүкпен не болмаса арнайы автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүкпен ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралымен маршрут бойымен ары қарай жүруі:
автокөлік құралдарының нақты жүріп өткен маршрут бөлігіндегі қозғалысы үшін алым сомасын төлегеннен;
белгілі бір маршрут бойынша келісуші ұйым тұрақты негізде белгілеген жол бойындағы инфрақұрылымдар арқылы жүру мүмкіндігін қамтамасыз ететін шекті салмақтық және (немесе) габариттік параметрлер сақталған жағдайда, арнайы рұқсат алмай-ақ жүру маршрутының бөлігі үшін алым сомасын төлеу арқылы жүзеге асырылады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. "Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді (бұдан әрі – өтініш) тасымалдаушылардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушы) тіркелген жері бойынша беруі арқылы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетiнiң (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдары және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарындағы мемлекеттік кіріс органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Көрсетілген мерзiм iшінде жарамды болатын арнайы рұқсат белгiленген бағыт бойынша бiр тұрпатты iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты бөлінбейтін жүкті немесе мамандандырылған автомобиль-цистерналарында сұйық жүкті тасымалдайтын бiр автокөлiк құралына берiледi.
Арнайы рұқсат 5 сапарға дейін – күнтізбелік 45 күнге дейінгі мерзімге, 6 сапардан 10 сапарға дейін – күнтізбелік 90 күнге дейінгі мерзімге, ал 10 сапардан астам сапарға – алты айға дейінгі мерзімге беріледі.
Арнайы рұқсат Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 492 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33042 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларына сәйкес белгіленген көктемгі шектеу кезеңдерін ескере отырып беріледі.";
1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3 және 4-қосымшалары осы бұйрықтың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы бұйрықта:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Автокөлік құралдарының жол берілетін біліктік жүктемелерінің салмақтары қосындысы төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:
1) дара білік 10,5 (11,5);
2) қосарланған біліктер үшін біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
1 метрге дейін 11,5 (12,5);
1 метрден 1,3 метрге дейін (қоса алғанда) 14,0 (16,0);
1,3 метрден 1,8 метрге дейін (қоса алғанда) 17,0 (18,0);
1,8 метрден 2,5 метрге дейін (қоса алғанда) 18,0 (20,0);
3) үштік білік үшін біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
1 метрге дейін (қоса алғанда) 17,0 (18,0);
1 метрден 1,3 метрге дейін (қоса алғанда) 20,0 (21,0);
1,3 метрден 1,8 метрге дейін (қоса алғанда) 23,5 (24,0);
1,8 метрден 2,5 метрге дейін (қоса алғанда) 25,0 (26,0);
4) үш біліктен көп немесе тәуелсіз біліктер тобының әр білігіне түсетін жүктеме біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:
1 метрге дейін 5,5 (6,0);
1 метрден 1,3 метрге дейін (қоса алғанда) 6,5 (7,0);
1,3 метрден 1,8 метрге дейін (қоса алғанда) 7,5 (8,0);
1,8 метрден 2,5 метрге дейін (қоса алғанда) 8,5 (9,0);
Сонымен бірге, бір қатарлы дөңгелегі (көлік құралының бір шиналы дөңгелегі) бар осьтерге арналған мәндер жақшасыз берілген, жақшаның ішінде екі қатарлы дөңгелегі (көлік құралының екі шиналы дөңгелегі) бар осьтерге арналған мәндер жазылған.";
Мынадай редакциядағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Жақын орналасқан осьтер тобы - конструкциялық жағынан арбаға біріктірілген және (немесе) біріктірілмеген, ең жақын осьтер арасындағы қашықтық 2,5 метрге дейінгі (қоса алғанда) топтастырылған осьтер:
1) құрамында бір қатарлы және екі қатарлы дөңгелекті осьтері бар жақын орналасқан осьтер тобын құрамында бір қатарлы дөңгелекті осі бар жақын орналасқан осьтер тобы ретінде қарастыру керек.
2) жақын орналасқан екі қатар және үш қатар жақын орналасқан осьтер топтары үшін бір оське түсетін рұқсат етілетін жүктеме, 3-тармақшада көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осьтер тобына түсетін жүктемені топтағы осьтердің тиісті санына бөлу арқылы айқындалады.
3) егер осьтер тобына түсетін жүктеме осьтердің тиісті тобына түсетін рұқсат етілетін жүктемеден аспайтын болса және осьтер тобындағы әрбір оське түсетін жүктеме бір қатарлы немесе екі қатарлы дөңгелектері бар тиісті жеке-дара оське түсетін жүктемеден аспайтын болса, екі қатар және үш қатар жақын орналасқан осьтер тобы үшін жүктемені осьтер бойынша біркелкі бөлмеуге жол беріледі.
Осьтер топтарында осьаралық қашықтықтың мәндері әртүрлі болған кезде осьтер арасындағы әрбір қашықтыққа арифметикалық орташалау әдісімен алынған мән беріледі (топтағы барлық осьаралық қашықтықтың қосындысы топтағы осьаралық қашықтықтың санына бөлінеді).".
3. "Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай жаңа редакцияда жазылын:
""Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-7) және 23-12) тармақшаларына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-7) тармақшасы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау, 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат, көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті беру тәртібін анықтайды, сондай-ақ "1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру" және "Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін анықтайды.";
мынадай редакциядағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:
"30-1. "Е" санатындағы тоннельдер арқылы өту тәртібі ҚЖХЖТ-тың 1.9.5.2.2-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Е санатындағы тоннельдер: 3.2-бөлімнің А кестесінің 15-бағанында тоннельдер арқылы өтуді шектеу коды "(-)" көрсетілген қауіпті жүктерден басқа барлық қауіпті жүктерді және егер олардың көлік бірлігіне шаққандағы жалпы брутто массасы 8 тоннадан асатын болса, 3.4-бөлімнің талаптарына сәйкес тасымалданатын қауіпті жүктерді тасымалдауға шектеу қойылады.
БҰҰ № 2919 және 3331-ге жатқызылған қауіпті жүктерге қатысты тоннельдер арқылы өту шектеулері, алайда, ҚЖХЖТ-тың 1.7.4.2-тармақ негізінде құзыретті орган (органдар) бекіткен арнайы шарттардың бөлігі болуы мүмкін.
Бұл ретте, тасымалдаушы балама қозғалыс маршрутын айқындайды.".
5-қосымша осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
7-қосымша осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы № __________рұқсат
АКҚ маркасы | |
Моделі | |
Нөмірлік белгісі | |
Бағыты | |
Бағыт бойынша өтетін елді мекендердің атауы | |
Жолдың ұзақтығы, км |
1. Көлік құралының параметрлері:
Көлік құралының жалпы салмағы, тонна____________ | жүктің салмағы, тонна | |||||||
Ұзындығы, метр________________ | ені, метр_____ | биіктігі, метр_____ | ||||||
Дөңгелектер осьтерінің орналасу схемасы және олардың арасындағы қашықтық, метр | ||||||||
Осьтерге түсетін жүктеме, тонн | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
2. Ілесіп жүру үшін бөлінген көлік құралдары
Марка | |
Моделі | |
Нөмірлік белгісі |
3. Жүкті тасымалдаушы ұйымның деректері
Атауы/ТАӘ/ | |
Мекенжайы және телефоны |
4. 20___жылғы "____" __________ бастап 20___ жылғы "____" __________ дейін __ сапарға, жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар бойынша жылдамдығы 60 км/сағаттан астам емес, ал жасанды құрылыстарда 10 км/сағат жүруге рұқсат етіледі.
5. Қозғалыстың ерекше жағдайлары: Бөлінбейтін жүктерді не мамандандырылған автомобиль-цистерналарда тасымалданатын сұйық жүктері бар отандық және шетелдiк iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлiк құралдарымен ЖҚЕ мен ҚР ИИДМ-нің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Жүріп өткені үшін алымдар есебі ________________________________
Төлем сомасы ___________________________________________________
(жазбаша)
7. Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді
тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларының негізгі
талаптарымен таныстым:
негізгі тартқыштың жүргізушісі____________________________________
ТАӘ
жүкпен ілесіп жүретін тұлға _______________________________________
(ТАӘ)
8. Рұқсат _______________________________________________________
________________________________________________________ берілді.
(уәкілетті органның атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), берілген күні)
Ескертпе: арнайы рұқсаттың барлық бағандары біркелкі сиямен толтырылуға тиіс (толтырылмаған бағандар сызылып тасталады).
| Бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша |
Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты алу (ұзарту) үшін өтініш
Тасымалдаушының атауы | |
Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН)/ бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) | |
Мекенжайы, телефоны | |
Жүктің атауы | |
Жүктің салмағы (тоннамен) | |
Автокөлік маркасы: | мемлекеттік нөмірi: |
Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы: | мемлекеттік нөмірi: |
Көлік құралының типі | |
Жүк көтергіштігі (тоннамен) | |
Изотермиялық шанақтың болуы | |
Әуе немесе оған балама аспаның болуы: | |
Жүру бағыты | |
Бағыттың жалпы ұзақтығы (километрмен): | |
оның ішінде қалалардың аумағы бойынша (километрмен): | |
Рейстердің (жол жүру) саны: | |
Жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): | |
Ілесіп жүру түрi: | мемлекеттік нөмірi: |
Жүру күні мен уақыты: | |
Арнайы рұқсатты ұзарту немесе көлік құралын ауыстыру жағдайларында толтырылады (қажеті сызылсын) | |
Бұрын берілген арнайы рұқсаттың нөмірі мен күні: | |
Ауыстырылатын автокөлік маркасы: | мемлекеттік нөмірi: |
Ауыстырылатын тіркеме (жартылай тіркеме) маркасы: | мемлекеттік нөмірi: |
Автокөлік құралының жүгін қоса есептегендегі нақты салмақтық және габариттік параметрлері
Параметрлерi | Нақты | Рұқсат етілген | Асқаны | ||||||
Жол бетінен биіктігі, метрмен | |||||||||
Ені, метрмен | |||||||||
Ұзындығы, метрмен | |||||||||
Жүктің көлік құралының артқы сыртқы нүктесінен тыс шығуы, метрмен | |||||||||
Толық салмағы, тоннамен | |||||||||
Тіркеменің толық салмағы, тоннамен | |||||||||
Доңғалақ формуласы (еңістігі) | 1-осьі | 2-осьі | 3-осьі | 4-осьі | 5-осьі | 6-осьі | 7-осьі | 8-осьі | 9-осьі |
Осьтердің арасындағы арақашықтық (метрмен) | |||||||||
Оське түсетін нақты жүктеме (тоннамен) | |||||||||
Автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою
үшiн тартылған (Х)__________________________________ _____________
Қосымша деректер _______________________________________________
Қоса берілетін құжаттар: __________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
__________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
| Бұйрыққа 3-қосымша Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша |
"Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.
| Бұйрыққа 4-қосымша Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 5-қосымша нысан |
Тіркеу нөмірі және күні_____________________________________________________
(Аумақтық бөлімше ресімдейді)
__________________________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы)
Өтініш
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке кәсіпкердің және жеке адамның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), төлқұжат деректері) қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсатты
ресімдеуді (қайта ресімдеуді) сұрайды
__________________________________________________________________________
(тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің классы, БҰҰ нөмірі,
атауы және сипаттамасын көрсету)
Тасымалдау ______________ көлік құралымен жүзеге асырылады__________________
(көлік құралының түрін, маркасын, автомобильдің, тіркеменің және ашық тіркеменің
мемлекеттік тіркеу нөмірлерін көрсету)
__________________________________________________________________________
(тасымалдау маршрутын, қауіпті жүкті тасымалдау күнін және мерзімін, тиеу және
түсіру орнын көрсету, міндетті техникалық байқаудан өткен күні мен оның қолданылу
мерзімі) ___________________________________________________________________
(жүк тасымалдау маршрутының аралық пункттерін, апаттық қызметтердің
телефондарын, тұрақтау және жанармай құю орындарын көрсету).
Қосымша
хабарлаймын:___________________________________________________________
(қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты пошталық мекенжайы,
телефон нөмірі, факс немесе электрондық поштаның мекенжайы)
Қажетті құжаттар өтінішке қоса беріледі. Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалылығын
және дұрыстығын растаймын.
Арнайы рұқсаттың қолдану мерзімін ____ бастап____дейін ______ жол жүруге белгілеуді сұраймын.
Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе мемлекеттік қызметтер көрсету
кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20___ж. "_____" ___________
| Бұйрыққа 5-қосымша Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына 7-қосымша нысан |
____________________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы)
Өтініш
____________________________________________________________________
(тасымалдаушының атауы, халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге
асыруға рұқсат беру куәлігінің нөмірі)
__________________________________________________________________________
тасымалдаушы тасымалдауды жүзеге асыратын қауіпті жүктің сыныбы, Біріккен
Ұлттар Ұйымының нөмірі, атауы және сипаттамасын көрсету) көлік құралына кейбір
қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлікті ресімдеуді сұрайды.
Тасымалдау__________________________________________________________
көлік құралымен жүзеге асырылады. (көлік құралының түрін, маркасын,
автомобильдің, тіркеменің және жартылай тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлері,
міндетті техникалық қарап тексеруден өту күні мен оның қолданылу мерзімін,
автокөлік құралына рұқсат беру карточкасының нөмірі)
Қосымша хабарлаймын:_____________________________________________
(қауіпті жүкті жөнелтушінің және жүк алушының атауы, нақты пошталық мекенжайы,
телефон нөмірі, факс немесе электрондық поштасының мекенжайы) Егер Қазақстан
Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе мемлекеттік қызметтер көрсету
кезінде, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20___ж. "_____" ___________