БҰЙЫРАМЫН:
1. "Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 22 өкімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8894 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 185-бабы, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 144-бабы, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы іске асыру мақсатында:".
2. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл |
А. Ластаев |
| Z020000345_ |