"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 13 ақпандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 ақпанда № 37996 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21766 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Дәрілік заттардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бағаларды реттеу өзіне мынадай кезеңдерді және (немесе) іс-шараларды қамтиды:

      1) көтерме және бөлшек саудада өткізуге жататын ДЗ үшін:

      көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын ДЗ тізбесінің жобасын қалыптастыру;

      референттік баға белгілеу негізінде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу;

      көтерме үстеме бағаларды қалыптастыру;

      қосылған құн салығын есепке алмағанда, көтерме саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру;

      бөлшек үстеме бағаларды қалыптастыру;

      қосылған құн салығын есепке алмағанда, бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру;

      қосылған құн салығын есепке алмағанда, көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды бекіту;

      2) ТМККК көрсетуге арналған және (немесе) МӘМС жүйесіндегі ДЗ үшін:

      ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына өндірушінің тіркелген бағасы туралы қорытынды беру;

      ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде үстеме бағаларды қалыптастыру;

      қосылған құн салығын есепке алмағанда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру;

      қосылған құн салығын есепке алмағанда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды бекіту;

      қосылған құн салығын есепке алмағанда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларды қалыптастыру;

      қосылған құн салығын есепке алмағанда, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларды бекіту.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ММБ-ға:

      ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ-ға бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу;

      ММБ үстеме бағасын қалыптастыру;

      ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ММБ-ға тіркелген баға туралы қорытынды беру;

      қосылған құн салығын есепке алмағанда, ММБ саудалық атауы мен техникалық сипаттамасы бойынша шекті бағаларды қалыптастыру;

      ММБ-ға тіркелген бағаларды кері қайтарып алу құқық қорғау органдарының актілері және заңды күшіне енген сот актілері негізінде және (немесе) өтініш берушінің еркін нысандағы жолданымы бойынша жүзеге асырылады;".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
Т. Султангазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады