БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 98-2) тармақшамен толықтырылсын:
"98-2) осы бұйрыққа 98-2-қосымшаға сәйкес заңдылықты бұзу жағдайларын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жеке ұсынуы нысаны;";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 98-2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 11 ақпандағы № 10 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына 98-2-қосымша Нысан А4 форматы Приложение 98-2 к приказу Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 августа 2021 года №ҚР ДСМ-84 Форма А4 формат |
Заңдылықты бұзу жағдайларын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жеке ұсынуы Частное представление главного государственного санитарного врача о принятии мер по устранению случаев нарушения законности, а также причин и условий, способствующих совершению административных правонарушений
"___" _____ 20__ (жыл) года №____ елді мекен (населенный пункт): ______
1. Бақылау және қадағалау органының атауы (Наименование органа контроля и надзора)
________________________________________________________________________
2. Жеке ұсыну шығарудың құқықтық негіздері (Правовые основания вынесения частного представления)
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
3. Жеке ұсыну шығару жағдайларының сипаттамасы (Описание обстоятельств вынесения частного представления) _______________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) заңдылықты бұзу жағдайларын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептері мен жағдайларын сипаттау (Описание случаев нарушения законности, а также причины и условия, способствующие совершению административных правонарушений субъектами (объектами) контроля и надзора в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1) тармағының 3-1) тармақшасының, 38-бабы 2) тармағының 3-1) тармақшасының негізінде АНЫҚТАДЫМ (На основании подпункта 3-1) пункта 1 статьи 38, подпункта 3-1) пункта 2 статьи 38 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" УСТАНОВИЛ):
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) заңдылықты бұзушылықтарын жою, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша мынадай шаралар қабылдансын (Принять следующие меры по устранению нарушений законности, а также причин и условий, способствующих совершению административных правонарушений субъектами (объектами) контроля и надзора в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения):
1) ____________________________________________________________
2)_____________________________________________________________
3)_____________________________________________________________
2. Осы жеке ұсынуды алған күннен бастап бір ай ішінде қарау және ұсыну енгізген органға (лауазымды адамға) қабылданған шаралар туралы хабарлау (Рассмотреть настоящее частное представление в течение месяца со дня его получения и сообщить о принятых мерах органу (должностному лицу), внесшему представление).
Ескертпе (Примечание): "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 826-бабы 1-бөлігіне сәйкес осы жеке ұсынуды алған күннен бастап он тәулік ішінде жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) шағым жасалуы мүмкін. Ұсынуға шағымды қарау нәтижесі бойынша шығарылған жоғары тұрған органның шешіміне мамандандырылған аудандық және әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі оған теңестірілген сотқа оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шағым жасалуы мүмкін, оның шешімі шағымдануға жатпайды (Настоящее частное представление может быть обжаловано в течение десяти суток со дня его получения в вышестоящий орган (должностному лицу) в соответствии с частью 1 статьи 826 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях". Решение вышестоящего органа, вынесенное по результатам рассмотрения жалобы на представление, может быть обжаловано в специализированный районный и приравненный к нему суд по административным правонарушениям в течение десяти суток со дня его получения, решение которого обжалованию не подлежит).
Лауазымы |
Қолы |
ТАӘ |