БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14183 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Болжамды және көзделмеген шығындар/залалдарды анықтаған соң, Бірыңғай оператор өзінің шығындарының/залалдарының жиынтық сомасын, нысаналы деңгейін және кепілдік беру жағдайын реттеуге арналған резерв мөлшерін осы Әдістеменің (1) және (3) формулаларына сәйкес есептейді.";
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Егер Бірыңғай оператор кепілдік беру туралы шарттар бойынша Бірыңғай оператордың міндеттемелерін орындауға байланысты шығындарды жүзеге асыру кезінде залал шеккен жағдайда, кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервтің мөлшері осындай залалдар сомасына азайтылады.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі