ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 02.03.2026 ж.бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7417 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Егер ұсталғандармен бірге балалары болса, олар соттың шешімімен жеке камераға бірге орналастырылуы және Заңның 46-4-бабына сәйкес тамақпен қамтамасыз етіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 2 наурыздан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |