"Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық тұрғыдан қажетті магистральдық, станциялық жолдарды және өзге де объектілерді тізбеге енгізу және тізбеден шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 2 ақпандағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 ақпанда № 37941 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық тұрғыдан қажетті магистральдық, станциялық жолдарды және өзге де объектілерді тізбеге енгізу және тізбеден шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20796 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Теміржол көлігі туралы" Заңының 14-бабы 2-тармағының 19-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық тұрғыдан қажетті магистральдық, станциялық жолдарды және өзге де объектілерді тізбеге енгізу және тізбеден шығару қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық тұрғыдан қажетті магистральдық, станциялық жолдарды және өзге де объектілерді магистральдық теміржол желісінің тізбесіне енгізу және тізбеден шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Теміржол көлігі туралы" Заңының 14-бабы 2-тармағының 19-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және осы объектілерді тізбеге енгізу мен тізбеден шығару тәртібін айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұлттық теміржол компаниясы өтінішті алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде станциялық жолдар мен объектілердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11602 болып тіркелген) Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген), Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкестігіне тексеру және сынау жүргізеді.

      Объектілердің станциялық жолдарын қарау нәтижелері бойынша ұлттық темір жол компаниясы үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша станциялық жолдарды және өзге де объектілерді станциялық жолдардың және магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті өзге де объектілердің тізбесіне беру туралы ұсыныс дайындайды және уәкілетті органға жібереді.

      Ұсыныс мүліктің функционалдық мақсатын ескере отырып, мынадай шарттарға сүйене отырып дайындалады:

      1) тасымалдау процесінің, поездар қозғалысының және станцияларда маневрлік жұмыстар жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі;

      2) магистральдық теміржол желісінің бөлек пункттерінің өткізу және қайта өңдеу қабілетін ұлғайтуды қамтамасыз ету;

      3) жанасу станциясын дамытуды қамтамасыз ету;

      4) кірме жолдарға беру-жинауды, жолаушылар мен жүк поездарын басып озу және шағылыстыру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін объектілерді (темір жолдарды) пайдалану; объектілерді техникалық жарамды күйде ұстауды және уақтылы ағымдағы және күрделі жөндеуді жүргізуді қамтамасыз ету қажеттілігі;

      5) жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттардың болуы (жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты, кадастрлық паспорт, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуден өткені туралы мәлімет).".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің жауапты вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады