"Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 ақпанда № 37934 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Ақпараттандыру объектісі арқылы қол қояды және Көрсетілетін қызметті берушіге "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қоюға өтінішті береді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қоюға өтінішті Көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдері береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімді қабылдайды және қарайды, көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыға қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігін және Заңның 74-бабының 1-тармағында айқындалған тұлғаларға тиесілілігінің сәйкестігін тексереді.

      Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою кезінде өтінімді қарау мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды. Көрсетілетін қызметті беруші тексереді Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішке қоса берілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық тексеру нәтижелері бойынша) электрондық көшірмесі.

      Ақпараттық жүйеде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректер болмаған жағдайда өтініш үш (3) жұмыс күн ішінде қаралады. Көрсетілген қызметті беруші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке қоса берілген ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де жоқтығын, сондай-ақ заңды өкілінің мәртебесін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға және оның отбасы мүшелеріне қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігін тексеруді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы жүргізеді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасының тұрғынжайға мұқтаж азаматтарын, қандастарын есепке қоюдан келесі жағдайларда бас тартылады:

      1) олар бірыңғай республикалық электрондық базада тұрады;

      2) Ақпараттандыру объектісіне тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайлары бар болған немесе болған;

      3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген тұрғынжайы немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайы болған;

      4) ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректер болған;

      5) олар бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды алған және жекешелендірген;

      6) олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған, басқа елді мекенде орналасқан жалғыз тұрғынжайы болған;

      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, меншігіне тұрғынжай сатып алған жағдайларда тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюдан бас тартылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін үш күндік мерзімнен аз уақыт белгіленген қызметке тыңдау жүргізілмейді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шешімі, іс-әрекеті (әрекетсіздігі) туралы шағым, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына беріледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес оған сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.";

      "Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ азаматтарды есепке қою кезінде - 1 (бір) жұмыс күні;
2) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
3) ақпараттық жүйеде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректер болмаған кезінде - 3 (үш) жұмыс күн.

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

1) тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ азаматтарды есепке қою кезінде - электрондық (толығымен автоматтандырылған);
2) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою кезінде - электрондық (ішінара автоматтандырылған);
3) ақпараттық жүйеде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректер болмаған кезінде - электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйі жоқ азаматтарды есепке қою кезінде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі өтініш;
2) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою кезінде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі өтініш;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық тексеру нәтижелері бойынша) электрондық көшірмесі;
3) ақпараттық жүйеде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректер болмаған кезінде:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық түрдегі өтініш;
Жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын және/немесе заңды өкілінің мәртебесін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, неке қию немесе бұзу туралы, балалардың тууы туралы куәліктерді, оларға меншік құқығында тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      ";

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады