БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 84-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36054 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) конкурстық баға ұсынысы – конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған, конкурсқа қатысуға арналған өтінімге қоса берілетін баға;";
3-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) қазақстандық тауар өндіруші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік субъектісі;";
5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінішпен www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы:";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7."Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару" мемлекеттік қызметін көрсету мерзімдері осы Қағидаларға сәйкес 2-қосымшада жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішін өңдеу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырылады, бұдан әрі қорытындылар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің көліктік қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы куәлік қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.";
9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Веб-портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебесі және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.";
10-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе басшының орынбасарының ЭЦҚ қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы жеке кабинетіне жолданады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік тіркелімінен шығарудан бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға сәйкес 2-қосымшада жазылған.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. "Мүлікпен мәміле жасауға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы қызмет көрсетушіге осы Қағидаларда 4-қосымшада келтірілген мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Веб-портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы жеке кабинетіне өтінішті қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Ұсынылған құжаттар толық және ақпарат (мәліметтер) дәйекті болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тиісті қорытындыны ұсынады, қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімше 1 (бір) жұмыс күні ішінде "Мүлікпен мәмілелер жасауға келісім беру" туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді қоса бере отырып, тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы әкімшілік акті қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) сәйкес өткізіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы ЭЦҚ немесе басшының орынбасарының ЭЦҚ қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы жеке кабинетіне жолданады.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. "Қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы қызмет көрсетушіге осы Қағидаларда 3-қосымшаға сәйкес өтінішхатты ұсынады.
"Қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 5-қосымшасында жазылған.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Көрсетілетін қызметті алушы "Қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жұмыс күні жүзеге асырады және табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толықтығын, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін тексереді, олар толық болмаған не мерзімі өткен жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы жеке кабинетіне өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді қоса бере отырып, тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы әкімшілік акті қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК сәйкес өткізіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы ЭЦҚ немесе басшының орынбасарының ЭЦҚ қол қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының веб-порталдағы жеке кабинетіне жолданады.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. "Мүлікпен мәміле жасауға келісім беру" мемлекеттік қызметтерін көрсетуден бас тартудың негіздері осы Қағидаларда 4-қосымшаға сәйкес жазылған.
"Қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік қызметтерін көрсетуден бас тартудың негіздері осы Қағидаларда 5-қосымшаға сәйкес жазылған.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Сатып алуды табиғи монополия субъектісі мынадай шарттарды сақтай отырып жүргізеді:
1) сатып алуды өткiзудiң ашықтығы мен жариялылығы;
2) сатып алуға қатысу үшiн барлық әлеуетті өнім берушiлерге тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету;
3) әлеуетті өнім берушiлер арасында адал бәсекелестiк;
4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қазақстандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ қазақстандық жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілерге қолдау көрсету.";
мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:
"56-1. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен және (немесе) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде (сатып алудың бірыңғай платформасы) жүзеге асырылады.";
58-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58-1. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы портал арқылы жүргізіледі.
Портал арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың екі кезеңдік рәсімдері мынадай рәсімдерді қамтиды:
1) қазақстандық тауар өндірушілер арасындағы конкурс;
2) конкурс.
Әлеуетті өнім берушінің тауар өндірісін растайтын құжат қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірме болып табылады.
Қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алу өтпеді деп танылған кезде тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге де әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Егерде конкурс тәсілімен қайта сатып алудың тұтастай немесе қандай да бір бөлігі (лот) бойынша өтпеді деп танылса, онда табиғи монополия субъектісі мынадай:
1) конкурстық құжаттаманы өзгерту және қайта конкурс өткізу туралы;
2) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда, қайта конкурс өткізу мерзімдері мен тәртібі бастапқы конкурс өткізуге сәйкес келеді.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайда, бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру портал арқылы конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге, оның конкурстық құжаттамасы сәйкес келген жағдайда жіберіледі. Жасалған шарттың бағасы конкурстық құжаттама сәйкес келген жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысынан аспайды.
Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде табиғи монополиялар субъектісі портал арқылы әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
Осы тармақта көрсетілген іс-әрекеттер табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен бекітіледі.
Осы тармақта көрсетілген іс-әрекеттер табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының немесе оған уәкілетті тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.";
91-тармақтың жетінші абзацы алынып тасталсын;
115-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) өнім берушінің тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін сатып алған табиғи монополия субъектісінен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуының қажеттілігі туындаған жағдайларында ғана өткізіледі;";
161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"161. Тұтынушылардың өтініштері ҚР ӘРПК айқындаған тәртіппен және мерзімдерде қаралады.";
мынадай мазмұндағы 228-1-тармақпен толықтырылсын:
"228-1. Техникалық сараптаманың негізділігі мен сапасын, бекітілген инвестициалық бағдарламаның орындалуын, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуын және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметінің сапа және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті тұлғалар (сарапшылар, сарапшылық ұйымдар) қамтамасыз етеді.";
5-тараудың 6-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-параграф. Табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуды өткізудің рәсімі";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшасының 3-нысаны тақырыбына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаның 2-нысанының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат _____________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызмет атауы)";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
Цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 11-НҚ бұйрығына 1-қосымша Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
"Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1. Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу; | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу – 30 минут; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару туралы куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік тіркелімге енгізу үшін: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 11-НҚ бұйрығына 2-қосымша Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша |
"Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1. Бірігу, қосу, қайта құру. | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) тарифтің көтерілуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 11-НҚ бұйрығына 3-қосымша Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша |
"Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: | ||
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1. Бөлу, бөлініп шығу; | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Суды каналдар арқылы беру, суару үшін су беру және тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу қызметін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша уәкілетті органның келісімін алу туралы өтінішхат; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) тарифтің көтерілуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурстарында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
