"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 ақпанда № 37925 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 195 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 сәуірде № 20376 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      26 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Жер қойнауын пайдаланушы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) "Астана Хаб" инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыруды өткен жылдың қорытындылары бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жүзеге асыруға міндеттенеді.

      Келісімшарт шеңберіндегі, сондай-ақ өндірістік қызмет (технологиялық цикл) шеңберінде қосылған құны жоғары өнімді (қайта бөлімдерді) алуға, экология, еңбекті қорғау, саласындағы зерттеулерге, жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді, энергия үнемдеуді қамтамасыз етуге бағытталған Келісімшартпен байланысты емес қызметке қызметке байланысты көрсетілген жұмыстарға жер қойнауын пайдаланушының нақты шеккен шығыстары және Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы заңнамалық актісіне сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қаржыландыруға арналған шығыстар ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттеменің орындалуы болып табылады. "Астана Хаб" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес кластерлік қорға ақша жіберу де "Астана Хаб" инновациялық кластері қатысушыларының жобаларын қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау деп танылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады