ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына және 24-бабына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (INTOSAI) ISSAI 140 "Жоғары аудит органдарында сапаны басқару" сапа бақылауын жүргізу бойынша халықаралық стандартының қолайлы ережелері негізінде әзірленді.";
8-тармақ алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) аяқталған аудиторлық іс-шараларға Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы және рәсімдік стандарттарында, сондай-ақ МАҚБ қағидаларында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан талдауды жүзеге асырады.
Сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше (Тексеру комиссиясының регламентінде айқындалған құрылымдық бөлімше) жартыжылдықтың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-күнінен кешіктірмей сыртқы МАҚБ органының бірінші басшысына тұжырымдары мен ұсынымдары бар аяқталған аудиторлық іс-шараларды талдау нәтижелері туралы жинақталған ақпаратты ұсынады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Сапа бақылауын жүргізудің ішкі тәртібі осы Стандартты қолдану жөніндегі әдіснамалық басшылықта егжей-тегжейлі нақтыланады.";
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы" бағытының өлшемшарттары:
1) Жоғары аудиторлық палата жүргізген жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру және (немесе) аудиторлық іс-шара нәтижелері.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 167 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары (бұдан әрі – Жалпы стандарттар), Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары (бұдан әрі – рәсімдік стандарттар), сондай-ақ Жалпы және рәсімдік стандарттарға сәйкес қабылданатын актілер талаптарының сақталуы жоспарлы тәртіппен және (немесе) аудиторлық іс-шара шеңберінде бағаланады;
2) Заңның 8-бабында көзделген, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейді деп танылған құжаттардың болуы;
3) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларының (бұдан әрі – № 22-НҚ қағидалар) 67-тармағында белгіленген мерзім ішінде Жоғары аудиторлық палатаға мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы ұсыныс жолдамау;
4) Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу болып табылады.";
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу" бағытының өлшемшарттары:
1) өткен кезеңдерді ескере отырып, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар, тапсырмалар (орындалу мерзімі басталған) санынан орындалған ұсынымдардың, тапсырмалардың үлесі;
2) мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері;
3) соттардың тексеру комиссиялары бюджетке өтеу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту арқылы қалпына келтіру және нұсқаманы орындау мақсатында берген талап қоюларын қанағаттандыруы;
4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша (кіріс бөлігін қоспағанда) қаражатты өтеу (қалпына келтіру);
5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану;
6) тексеру комиссиясы нұсқамасының тармақтарын (тармақшаларын, бөліктерін) сот тәртібімен заңсыз деп тану;
7) жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығы, бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алу, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығы;
8) аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға электрондық ақпараттық есепке алу деректерін енгізу;
9) шоғырландырылған қаржылық есептілікке мемлекеттік аудит жүргізу барысында бұзушылықтардың анықталуы болып табылады.
19. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы" бағытының өлшемшарттары:
1) Жоғары аудиторлық палата жүргізген жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру және (немесе) аудиторлық іс-шара нәтижелері.
Жалпы стандарттар, Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген рәсімдік стандарттар, сондай-ақ Жалпы және рәсімдік стандарттарға сәйкес қабылданатын актілер талаптарының сақталуы жоспарлы тәртіппен және (немесе) аудиторлық іс-шара шеңберінде бағаланады;
2) Заңның 8-бабында көзделген, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейді деп танылған құжаттардың болуы;
3) № 22-НҚ қағидалардың 67-тармағында белгіленген мерзім ішінде Жоғары аудиторлық палатаға мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы ұсыныс жолдамау;
4) Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу болып табылады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. "Өзге де бағыттар" бағытының өлшемшарттары:
1) тексеру комиссиялары Жоғары аудиторлық палатаға өз жұмысы туралы ұсынатын ақпараттың қойылатын талаптарға сәйкестігі;
2) ақпараттың Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорға (Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесіне) берілуі;
3) Мемлекет басшысы мен Президент Әкімшілігі тапсырмаларының, сондай-ақ оларға қатысты Жоғары аудиторлық палата тапсырмаларының орындалмауы немесе уақытылы орындалмауы;
4) аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша отырыстарды қоспағанда, жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша, соның ішінде аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен кездесулер, брифингтер, баспасөз конференцияларын, дөңгелек үстелдер өткізу;
5) тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларының Жоғары аудиторлық палата жүргізетін аудиторлық іс-шараларға немесе мемлекеттік аудит органдарының қызметін жоспарлы тәртіппен бағалау жөніндегі іс-шараларға қатысуы;
6) тексеру комиссиясының сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуі;
7) тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларының және (немесе) жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасында бірлескен, қатар тексерулерге, тағылымдамаларға қатысуы болып табылады.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Мемлекеттік аудит органы белгіленген мерзімде ұсынған Есепке қатысты қарсылықты Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру жүргізген мемлекеттік аудиторлармен және құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлерімен бірлесіп Қорытындыны дайындау кезеңінде қарайды. Жоғары аудиторлық палатаға келіп түскен күннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік аудит органына қарсылықтың әрбір тармағы бойынша қабылданған және қабылданбаған дәлелдер көрсетіле отырып уәжделген жауап жіберіледі.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Жауапты құрылымдық бөлімше заң сараптамасын жүргізу үшін Қорытынды, Қаулы және Нұсқама жобаларын жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру материалдарымен қоса құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшеге Есепке қол қойылған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде жібереді.
Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімше Қорытындының, Қаулының және Нұсқаманың жобалары бойынша заң сараптамасын алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді, кейін заң сараптамасының қорытындысын Жоғары аудиторлық палатаның мүшесіне және сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге жібереді.
Нұсқаманың жобасы заң сараптамасы жүргізілгеннен кейін Жоғары аудиторлық палата мүшесінің қолы қойылып, Жоғары аудиторлық палатаның отырысы өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік аудит органына және мүдделі мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі.
Мемлекеттік аудит органы және (немесе) мүдделі мемлекеттік орган Нұсқаманың жобасымен келіспесе, оларды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Жоғары аудиторлық палатаға жазбаша қарсылығын жібереді.";
62 және 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Қорытынды Жоғары аудиторлық палатаның қаулысымен бекітіледі.
Қаулы мыналарды:
1) жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша дайындалған Қорытындыны бекіту туралы шешімді;
2) Қорытындыны немесе одан үзіндіні және Нұсқаманы мемлекеттік аудит органына және мүдделі мемлекеттік органдарға беру туралы шешімді;
3) материалдарды құқық қорғау органдарына (болған жағдайда) беру туралы шешімді қамтиды.
63. Жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша жүргізілген тексеру қорытындылары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит органына және мүдделі мемлекеттік органдарға:
1) Қорытынды немесе одан үзінді;
2) осы Рәсімдік стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы жіберіледі.";
1 және 2-қосымшалар осы нормативтік қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Сапаны бақылау және бағалау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының міндетін атқарушы |
А. Исенов |
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары
№ | Бағыттар бойынша бағалау өлшемшарттары | Көрсеткіштер | Балдар |
1-бағыт: Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және оның орындалуы | |||
1.1. | Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру | Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобаларын алмасқаннан кейін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бекітілген Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінде қайталану фактілерінің болмауы | 5 |
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобаларын алмасқаннан кейін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бекітілген Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде қайталану фактілерінің болуы | әрбір жағдай үшін -2 балл (ең жоғары (-10) балл) | ||
1.2. | Жоспардан тыс аудит жүргізу туралы хабарлама жіберу | Хабарламаларды жіберудің уақтылылығы | 5 |
Жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізуге негіз болған құжаттарды қоса бере отырып, жоспардан тыс аудит жүргізу туралы хабарламаны жібермеу не уақытылы жібермеу: | |||
1-ден 2 фактіге дейін | -1 | ||
3-тен 5 фактіге дейін | -3 | ||
5 фактіден артық | -5 | ||
1.3. | Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне өзгерістер енгізу | Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінен мемлекеттік аудит объектілерін алып тастау фактілерінің болмауы | 5 |
Қайта ұйымдастырылған мемлекеттік аудит объектілерін қоспағанда, Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілген өзгерістер саны (мемлекеттік аудит объектілерінің атауы, аудит типі, тексеру түрі, мемлекеттік аудит объектілерін мемлекеттік аудитпен қамту кезеңі, бюджет деңгейі, бюджет қаражатын, мемлекет активтерін мемлекеттік аудитпен қамту сомасы): | |||
2-ден 5-ке дейін | -1 | ||
6-дан 10-ға дейін | -2 | ||
11 және одан көп | -3 | ||
1.4. | Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің орындалуы (өтпелі аудиторлық іс-шараларды қоспағанда, Мемлекеттік аудит объектілерінің бастапқы тізбесіне қарағанда нақтыланғанның ауытқуы) | Мемлекеттік аудит объектілерінің бастапқы тізбесіне қарағанда мемлекеттік аудит объектілерінің ауытқуы: | |
аудит объектілерінің 0%-дан 15%-ына дейін қоса алғанда | 5 | ||
мемлекеттік аудит объектілерінің 16%-дан 36%-ына дейін қоса алғанда | -3 | ||
мемлекеттік аудит объектілерінің 37%-ын және одан да көбін қоса алғанда | -5 | ||
2-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу | |||
2.1. | Мемлекеттік аудит барысында бұзушылықтардың анықталуы | Аудитпен қамтылған жалпы сомадан мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзушылықтардың анықталған сомаларының үлес салмағы: | |
0%-дан 50%-ға дейін | 1 | ||
50%-дан 60%-ға дейін | 2 | ||
60%-дан 70%-ға дейін | 3 | ||
70%-дан 80%-ға дейін | 4 | ||
80% және одан жоғары | 5 | ||
Аудитпен қамтылған жалпы сома мен активтерден шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша бұзушылықтардың анықталған сомаларының үлес салмағы: | |||
0%-дан 50%-ға дейін | 1 | ||
50%-дан 60%-ға дейін | 2 | ||
60%-дан 70%-ға дейін | 3 | ||
70%-дан 80%-ға дейін | 4 | ||
80% және одан жоғары | 5 | ||
2.2. | Орындалу мерзімі басталған тапсырмалар/ нұсқамалар бойынша бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеу (камералдық бақылауды қоспағанда) | Бюджетке өтеуге жататын бұзушылықтардың жалпы сомасына шаққанда есепті кезеңде бюджетке өтелген бұзушылықтар сомаларының үлес салмағы: | |
0%-дан 10%-ға дейін | 1 | ||
10%-дан 20%-ға дейін | 2 | ||
20%-дан 30%-ға дейін | 3 | ||
30%-дан 40%-ға дейін | 4 | ||
40%-дан 50%-ға дейін | 5 | ||
50%-дан 60%-ға дейін | 6 | ||
60%-дан 70%-ға дейін | 7 | ||
70%-дан 80%-ға дейін | 8 | ||
80%-дан 90%-ға дейін | 9 | ||
90%-дан 100%-ға дейін | 10 | ||
2.3. | Орындалу мерзімі басталған тапсырмалар/ нұсқамалар бойынша бұзушылықтарды қалпына келтіру және есепке алу бойынша көрсету (камералдық бақылауды қоспағанда) | Қалпына келтіруге жататын бұзушылықтардың жалпы сомасына шаққанда есепті кезеңде қалпына келтірілген және есепке алу бойынша көрсетілген бұзушылықтар сомасының үлес салмағы: | |
0%-дан 50%-ға дейін | 0 | ||
50%-дан 60%-ға дейін | 1 | ||
60%-дан 70%-ға дейін | 2 | ||
70%-дан 80%-ға дейін | 3 | ||
80%-дан 90%-ға дейін | 4 | ||
90%-дан 100%-ға дейін | 5 | ||
2.4. | Басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар бойынша шығарылған қаулыларды және соттар шығарған, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберілген қаулыларды қоспағанда, төлеу мерзімі келген әкімшілік айыппұлдардың сомаларын бюджет кірісіне өндіріп алу | Басқа мемлекеттік органдардан (Құқық қорғау органдарынан, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасынан, Тексеру комиссияларынан, Ішкі аудит қызметтерінен) келіп түскен материалдар бойынша шығарылған қаулыларды және соттар шығарған, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберілген қаулыларды қоспағанда, төлеу мерзімі келген, есепті кезеңде салынған айыппұлдардың жалпы сомасына шаққанда бюджет кірісіне өндіріп алынған әкімшілік айыппұлдар сомаларының үлес салмағы: | |
50%-ға дейін | 0 | ||
50%-дан 60%-ға дейін | 1 | ||
60%-дан 70%-ға дейін | 2 | ||
70%-дан 80%-ға дейін | 3 | ||
80%-дан 90%-ға дейін | 4 | ||
90%-дан 100%-ға дейін | 5 | ||
2.5. | Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің материалдары бойынша талап қоюларды соттардың қанағаттандыруы | Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің материалдары бойынша соттар қанағаттандырған талап қоюлардың үлес салмағы: | |
0%-дан 20%-ға дейін | 1 | ||
20%-дан 40%-ға дейін | 2 | ||
40%-дан 60%-ға дейін | 3 | ||
60%-дан 80%-ға дейін | 4 | ||
80%-дан 100%-ға дейін | 5 | ||
2.6. | Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін нормативтік құқықтық актілерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстарды енгізу және қабылдау | Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін нормативтік құқықтық актілерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріне өзгерістер енгізу жөнінде енгізілген және қабылданған ұсыныстар саны | әрбір қабылданған ұсыныс үшін 1 балл (ең жоғары 8 балл) |
2.7. | Өткен кезеңдер ескеріле отырып, мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар, тапсырмалар санынан орындалған ұсынымдар, тапсырмалар үлесі (орындалу мерзімі басталған) | Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдардың орындалған тармақтарының үлесі: | |
70%-дан 80%-ға дейін | 3 | ||
80%-дан 90%-ға дейін | 5 | ||
90% және одан жоғары | 7 | ||
Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданған тапсырмалардың орындалған тармақтарының үлесі: | |||
70%-дан 80%-ға дейін | 3 | ||
80%-дан 90%-ға дейін | 5 | ||
90% және одан жоғары | 7 | ||
70%-дан кем | -3 | ||
2.8. | Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері | Тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдар бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері: | |
50 фактіге дейін | 3 | ||
50 фактіден көп | 5 | ||
Құқық қорғау органдарына материалдарды беру қорытындылары бойынша, соның ішінде өткен жылдардағы материалдар бойынша есепті кезеңде адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілерінің болуы | 3 | ||
3-бағыт: камералдық бақылау жүргізу | |||
3.1. | Камералдық бақылау бойынша хабарламалардың орындалуы | Камералдық бақылау бойынша орындалған хабарламалардың үлес салмағы: | |
60%-ға дейін | 1 | ||
60%-дан 70%-ға дейін | 2 | ||
70%-дан 80%-ға дейін | 3 | ||
80%-дан 90%-ға дейін | 4 | ||
90%-дан 100%-ға дейін | 5 | ||
60%-дан кем | -3 | ||
3.2. | Камералдық бақылау хабарламаларына қарсылықтарды қарау нәтижелері | Камералдық бақылау объектілерінің пайдасына шешілген хабарламаларға қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша қорытындылардың үлес салмағы: | |
10%-ға дейін | 5 | ||
10%-дан 30%-ға дейін | 4 | ||
30%-дан 50%-ға дейін | 3 | ||
50%-дан 70%-ға дейін | -2 | ||
70% және одан жоғары | -3 | ||
3.3. | Қамтуға жататын жалпы санның ішінен камералдық бақылаумен қамтылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің үлесі | Камералдық бақылаумен қамтылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің үлесі: | |
70%-дан 80%-ға дейін | 3 | ||
80%-дан 90%-ға дейін | 5 | ||
90%-дан жоғары | 7 | ||
50%-дан 70%-ға дейін | -2 | ||
50%-дан кем | -3 | ||
4-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы | |||
4.1. | Жоғары аудиторлық палата жүргізген жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру және (немесе) аудиторлық іс-шара нәтижелері | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуына тексеру жүргізу барысында бұзушылықтардың болуы |
-10 |
4.2. | Заңның 8-бабында көзделген, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейді деп танылған құжаттардың болуы | Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы есепті кезеңдегі мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейді деп таныған құжаттардың болуы: | |
1-ден 3 құжатқа дейін | -3 | ||
4-тен 6 құжатқа дейін | -4 | ||
7 және одан көп құжат | -5 | ||
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы алдыңғы кезеңдердегі мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейді деп таныған құжаттардың болуы: | |||
1-ден 3 құжатқа дейін | -2 | ||
4-тен 6 құжатқа дейін | -3 | ||
7 және одан көп құжат | -4 | ||
Сапа бақылауымен қамтылған материалдардың жалпы санына шаққанда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның орталық аппараты және оның аумақтық бөлімшелері анықтаған Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейтін аудит материалдарының үлес салмағы: | |||
материалдардың 2%-ына дейін | -1 | ||
материалдардың 3%-ынан 5%-ына дейін | -2 | ||
материалдардың 6%-ы және одан көп | -3 | ||
4.3. | № 22-НҚ қағидалардың 67-тармағында белгіленген мерзім ішінде Жоғары аудиторлық палатаға мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы ұсыныс жолдамау | 1 қызметкер бойынша | -1 |
2-3 қызметкер бойынша | -2 | ||
4 және одан да көп қызметкерлер бойынша | -3 | ||
4.4. | Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу | Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік аудитор сертификаты қайтарып алынған қызметкерлерінің саны: | |
1-5 қызметкер | -3 | ||
6-10 қызметкер | -5 | ||
11 және одан көп қызметкер | -7 | ||
5-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің жауаптылығы | |||
5.1. | Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметіне байланысты тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері | Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту фактілері: | |
1-10 факт | -1 | ||
11-20 факт | -3 | ||
21 және одан көп факт | -5 | ||
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды қоспағанда, әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері (жұмыскерлерді лауазымды адамдар ретінде жауаптылыққа тарту фактілерін ғана ескеру қажет): | |||
1-10 факт | -2 | ||
11-20 факт | -4 | ||
21 және одан көп факт | -6 | ||
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері (жұмыскерлерді лауазымды адамдар ретінде жауаптылыққа тарту фактілерін ғана ескеру қажет): | |||
1-10 факт | -3 | ||
11-20 факт | -5 | ||
21 және одан көп факт | -7 | ||
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлерін соттың заңды күшіне енген айыптау үкімдері болған кезде қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері | әрбір факт үшін -5 балл | ||
5.2. | Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелері жұмыскерлерінің құқыққа қайшы іс-қимылдарына жеке және заңды тұлғалардың шағымдану жағдайларының расталуы | Жоғары аудиторлық палатаға, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне келіп түскен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелері жұмыскерлерінің құқыққа қайшы іс-қимылдарына жеке және заңды тұлғалардың шағымдануының расталған жағдайларының болуы | -2 |
6-бағыт: Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуы | |||
6.1 | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуының толықтығы, сапасы және уақтылылығы | Үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуы | 10 |
Үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалмау фактілерінің болуы: | |||
1 факт | -2 | ||
2-ден 3 фактіге дейін | -4 | ||
3 фактіден көп | -6 | ||
Үйлестіру кеңесі шешімдерінің уақытылы орындалмау және/немесе сапасыз орындалу фактілерінің болуы: | |||
1 факт | -1 | ||
2-ден 3 фактіге дейін | -3 | ||
3 фактіден көп | -5 | ||
Үйлестіру кеңесінің кезекті жоспарланатын жылға арналған жұмыс жоспарында және/немесе Үйлестіру кеңесі отырысының нәтижелері бойынша хаттамада көрсетілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының проблемаларын шешу және/немесе қызметін жақсарту, мемлекеттік аудит рәсімдері бойынша негізделген ұсыныстар енгізу: | |||
1 ұсыныс | 3 | ||
2-ден 3 ұсынысқа дейін | 5 | ||
3 ұсыныстан көп | 7 | ||
7-бағыт: өзге де бағыттар | |||
7.1. | Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу | Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалауды уақытылы жүргізу және олардың нәтижелерін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына жіберу | 5 |
Бекітілген нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалауды сапасыз және уақытылы жүргізбеу фактілерінің болуы: | |||
1-2 факт | -2 | ||
3-4 факт | -4 | ||
5 және одан көп факт | -6 | ||
7.2. | Ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық көмек көрсету | Ішкі аудит қызметтері жұмысының мәселелері бойынша қабылданған нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің саны | әрбір қабылданған нормативтік құқықтық немесе құқықтық акт үшін 2 балл (ең жоғары 10 балл) |
7.3. | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырмаларының орындалмауы немесе уақытылы орындалмауы | Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің орындалмаған немесе уақытылы орындалмаған тапсырмаларының саны | әрбір жағдай үшін -1 балл (ең жоғары (-5) балл) |
7.4 | Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша, соның ішінде аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен кездесулер, брифингтер, баспасөз конференцияларын, дөңгелек үстелдер өткізу | Өткізілген кездесулер, брифингтер, баспасөз конференциялары, дөңгелек үстелдер саны | әрбір жағдай үшін 1 балл (ең жоғары 5 балл) |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары
№ | Бағыттар бойынша бағалау өлшемшарттары | Көрсеткіштер | Балдар |
1-бағыт: Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және орындау | |||
1.1. | Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру | Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қайталану фактілерінің болмауы | 5 |
Аудит объектілерінің бюджеттік бағдарламалары бойынша мемлекеттік аудит жүргізуді қайталау фактісінің болуы | әрбір жағдай үшін -2 балл (ең жоғары (-10) балл) | ||
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) белгіленген негіздерсіз Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу | -5 | ||
1.2. | Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің орындалуы (өтпелі аудиторлық іс-шаралар мен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмасы және тиісті мәслихаттардың шешімдері бойынша жүргізілетін аудиторлық іс-шараларды қоспағанда, Мемлекеттік аудит объектілерінің бастапқы тізбесіне қарағанда нақтыланғанның ауытқуы)* | Мемлекеттік аудит объектілерінің Мемлекеттік аудит объектілерінің бастапқы тізбесіне қарағанда ауытқуы: | |
мемлекеттік аудит объектілерінің 0%-дан 15%-ына дейін қоса алғанда | 5 | ||
мемлекеттік аудит объектілерінің 16%-дан 36%-ына дейін қоса алғанда | -1 | ||
мемлекеттік аудит объектілерінің 37%-ын және одан да көбін қоса алғанда | -3 | ||
1.3. | Қаржыландыру көздерінің бірі республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты болатын бюджеттік бағдарламаларды келісу | Қаржыландыру көздерінің бірі республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты болатын бюджеттік бағдарламалар бойынша келісудің болмауы: | |
1-ден 2 фактіге дейін | -1 | ||
3-тен 5 фактіге дейін | -2 | ||
6 және одан көп факт | -3 | ||
2-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу | |||
2.1. | Өткен кезеңдерді ескере отырып, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар, тапсырмалар (орындалу мерзімі басталған) санынан орындалған ұсынымдардың, тапсырмалардың үлесі | Ұсынымдардың жалпы санынан Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің олқылықтары мен қайшылықтарын жоюға, сондай-ақ оларды жетілдіруге бағытталған ұсынымдардың орындалған тармақтарының үлесі: | |
20%-ға дейін | 2 | ||
21%-дан 30%-ға дейін | 4 | ||
31%-дан 40%-ға дейін | 6 | ||
41% және одан жоғары | 8 | ||
Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданған тапсырмалардың орындалған тармақтарының үлесі: | |||
70%-дан 80%-ға дейін | 4 | ||
80%-дан 90%-ға дейін | 6 | ||
90% және одан жоғары | 8 | ||
70%-дан кем | -1 | ||
2.2. | Мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері | Материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен қоса әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға беру қорытындысы бойынша, сондай-ақ тексеру комиссиясына байланысты емес себептер бойынша адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тартпау фактілерін қоспағанда, мемлекеттік аудит органының әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру қорытындысы бойынша адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері: | |
30 фактіге дейін | 3 | ||
31-ден 70 фактіге дейін | 5 | ||
70 фактіден көп | 7 | ||
Құқық қорғау органдарына материалдарды беру қорытындылары бойынша, соның ішінде өткен жылдардағы материалдар бойынша есепті кезеңде адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілерінің болуы | әрбір факт үшін 1 балл (ең жоғары 3 балл) | ||
2.3. | Соттардың тексеру комиссиялары бюджетке өтеу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту арқылы қалпына келтіру және нұсқаманы орындау мақсатында берген талап қоюларын қанағаттандыруы | Бюджетке өтеу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту арқылы қалпына келтіру және нұсқаманы орындау мақсатында соттар қанағаттандырған (соның ішінде ішінара қанағаттандырған) талап қоюлардың саны: | |
1-ден 2-ге дейін | 1 | ||
3-тен 5-ке дейін | 2 | ||
6 және одан көп | 3 | ||
2.4. | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша (кіріс бөлігін қоспағанда) қаражатты өтеу (қалпына келтіру) | Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша орындалу мерзімі келгендері бойынша өтеуге жататын қаражаттың жалпы көлеміне шаққанда өтелген қаражаттың үлесі: | |
10%-ға дейін | 1 | ||
10%-дан 29%-ға дейін | 2 | ||
30%-дан 49%-ға дейін | 3 | ||
50%-дан 79%-ға дейін | 4 | ||
80% және одан көп | 5 | ||
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша орындалу мерзімі келгендері бойынша қалпына келтіруге жататын қаражаттың жалпы көлеміне шаққанда қалпына келтірілген қаражаттың үлесі: | |||
10%-ға дейін | 1 | ||
10%-дан 29%-ға дейін | 2 | ||
30%-дан 49%-ға дейін | 3 | ||
50%-дан 79%-ға дейін | 4 | ||
80% және одан көп | 5 | ||
2.5. | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану | Тиімділік, сәйкестік аудитімен қамтылған бюджет қаражаты мен активтердің жалпы сомасынан бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз жоспарлаудың және тиімсіз пайдаланудың анықталған сомаларының үлесі: | |
0%-дан 8%-ға дейін | 2 | ||
9%-дан 17%-ға дейін | 4 | ||
18%-дан 26%-ға дейін | 6 | ||
27% және одан көп | 8 | ||
2.6. | Тексеру комиссиясы нұсқамасының тармақтарын (тармақшаларын, бөліктерін) сот тәртібімен заңсыз деп тану | Тексеру комиссиясының сот тәртібімен заңсыз деп танылған нұсқамалары тармақтарының (тармақшаларының, бөліктерінің) саны: | |
1-ден 2-ге дейін | -1 | ||
3-тен 4-ке дейін | -2 | ||
5 және одан көп | -3 | ||
2.7. | Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығы, бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алу, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығы | Мерзімдері келген бюджет түсімдері бойынша белгіленген бұзушылықтар қаражатының жалпы сомасына шаққанда жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша бюджетке қамтамасыз етілген түсімдердің үлесі: | |
10%-ға дейін | 2 | ||
10%-дан 29%-ға дейін | 4 | ||
30%-дан 49%-ға дейін | 6 | ||
50%-дан 79%-ға дейін | 8 | ||
80% және одан көп | 10 | ||
2.8. | Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға электрондық ақпараттық есепке алу деректерін енгізу | Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша талон-хабарламаларды енгізу (мерзімі келгендер) | 4 |
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша мерзімдері бұзыла отырып енгізілген талон-хабарламалардың үлесі: | |||
аудит объектілерінің жалпы санының 10%-ына дейін | -1 | ||
аудит объектілерінің жалпы санының 11%-ынан 70%-ына дейін | -2 | ||
аудит объектілерінің жалпы санының 71%-ы және одан жоғары | -3 | ||
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша талон-хабарламалардың болмауы (мерзімі келгендер) | -4 | ||
2.9 | Шоғырландырылған қаржылық есептілікке мемлекеттік аудит жүргізу барысында бұзушылықтардың анықталуы | Қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмалануларының жалпы сомасына шаққанда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің қаржылық болып табылатын бұрмалануларының анықталған сомаларының үлес салмағы: | |
20%-ға дейін | 2 | ||
21%-дан 40%-ға дейін | 4 | ||
41%-дан 60%-ға дейін | 6 | ||
61% және одан жоғары | 8 | ||
3-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы | |||
3.1. | Жоғары аудиторлық палата жүргізген жоспарлы тәртіппен бағалау бойынша тексеру және (немесе) аудиторлық іс-шара нәтижелері | Аудиторлық есептің белгіленген бұзушылықтарының жалпы сомасынан қаржылық бұзушылықтардың қате жіктелуінен анықталған сомасының үлес салмағы: | |
5%-дан 50%-ға дейін | -2 | ||
51%-дан 70%-ға дейін | -3 | ||
71%-дан 80%-ға дейін | -4 | ||
81%-дан жоғары | -5 | ||
Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны: | |||
1-ден 15 бірлікке дейін | -2 | ||
16-дан 30 бірлікке дейін | -3 | ||
31 бірлік және одан жоғары | -4 | ||
3.2. | Заңның 8-бабында көзделген, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейді деп танылған құжаттардың болуы | Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы есепті кезеңдегі мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейді деп таныған құжаттардың болуы: | |
1 құжат | -3 | ||
2-ден 3 құжатқа дейін | -4 | ||
4 құжат және одан көп | -5 | ||
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы алдыңғы кезеңдердегі мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмейді деп таныған құжаттардың болуы: | |||
1 құжат | -2 | ||
2-ден 3 құжатқа дейін | -3 | ||
4 құжат және одан көп | -4 | ||
3.3. | № 22-НҚ қағидалардың 67-тармағында белгіленген мерзім ішінде Жоғары аудиторлық палатаға мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы ұсыныс жолдамау | 1 қызметкер бойынша | -1 |
2-3 қызметкер бойынша | -2 | ||
4 және одан да көп қызметкерлер бойынша | -3 | ||
3.4. | Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу | Тексеру комиссияларының мемлекеттік аудитор сертификаты қайтарып алынған қызметкерлерінің саны: | |
1 қызметкер | -2 | ||
2 және одан көп қызметкер | -4 | ||
4-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмыскерлерінің жауаптылығы | |||
4.1. | Тексеру комиссияларының жұмыскерлерін тексеру комиссияларының қызметіне байланысты тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері | Тексеру комиссияларының жұмыскерлерін мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту фактілері | әрбір жағдай үшін -1 балл (ең жоғары (-5) балл) |
Тексеру комиссияларының жұмыскерлерін әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды қоспағанда, әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері (жұмыскерлерді лауазымды адамдар ретінде жауаптылыққа тарту фактілерін ғана ескеру қажет) | әрбір жағдай үшін -1 балл (ең жоғары (-5) балл) | ||
Тексеру комиссияларының жұмыскерлерін әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілері (жұмыскерлерді лауазымды адамдар ретінде жауаптылыққа тарту фактілерін ғана ескеру қажет) | әрбір жағдай үшін -2 балл (ең жоғары (-8) балл) | ||
Тексеру комиссияларының жұмыскерлерін соттың заңды күшіне енген айыптау үкімдері болған кезде қылмыстық жауаптылыққа тарту фактісінің болуы | әрбір жағдай үшін (-4) балл | ||
4.2. | Тексеру комиссиялары жұмыскерлерінің құқыққа қайшы іс-қимылдарына жеке және заңды тұлғалардың шағымдану жағдайларының расталуы | Жоғары аудиторлық палатаға немесе тексеру комиссиясына келіп түскен тексеру комиссиясы жұмыскерлерінің құқыққа қайшы іс-қимылдарына жеке және заңды тұлғалардың шағымдануының расталған жағдайларының болуы | -1 |
5-бағыт: Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі және оның Кіші комитеті шешімдерінің орындалуы | |||
5.1. | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуының толықтығы, сапасы және уақтылылығы | Үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуы | 5 |
Үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалмау фактілерінің болуы: | |||
1 факт | -2 | ||
2-ден 3 фактіге дейін | -3 | ||
3 фактіден көп | -4 | ||
Үйлестіру кеңесі шешімдерінің уақытылы орындалмау және/немесе сапасыз орындалу фактілерінің болуы: | |||
1 факт | -1 | ||
2-ден 3 фактіге дейін | -2 | ||
3 фактіден көп | -3 | ||
Үйлестіру кеңесінің кезекті жоспарланатын жылға арналған жұмыс жоспарында және/немесе Үйлестіру кеңесі (және оның Кіші комитеті) отырысының нәтижелері бойынша хаттамада көрсетілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының проблемаларын шешу және/немесе қызметін жақсарту, мемлекеттік аудит рәсімдері бойынша негізделген ұсыныстар енгізу: | |||
1 ұсыныс | 3 | ||
2-ден 3 ұсынысқа дейін | 5 | ||
3 ұсыныстан көп | 7 | ||
5.2. | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі кіші комитеті (бар болса) шешімдерінің орындалуының толықтығы, сапасы және уақтылылығы | Кіші комитет шешімдерінің орындалуы | 5 |
Кіші комитет шешімдерінің орындалмау фактілерінің болуы: | |||
1 факт | -2 | ||
2-ден 3 фактіге дейін | -3 | ||
3 фактіден көп | -4 | ||
Кіші комитет шешімдерінің уақытылы орындалмау және (немесе) сапасыз орындалу фактілерінің болуы: | |||
1 факт | -1 | ||
2-ден 3 фактіге дейін | -2 | ||
3 фактіден көп | -3 | ||
6-бағыт: өзге де бағыттар | |||
6.1. | Тексеру комиссиялары Жоғары аудиторлық палатаға өз жұмысы туралы ұсынатын ақпараттың қойылатын талаптарға сәйкестігі | Тексеру комиссиялары ұсынатын ақпараттың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына өзінің жұмысы туралы ақпаратты ұсынуы бойынша Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкестігі | 5 |
Тексеру комиссиялары ұсынатын ақпараттың "уақтылылық" қағидатына (есепті белгіленген мерзімдерде дайындау және ұсыну) сәйкес келмеуі | -2 | ||
Тексеру комиссиялары ұсынатын ақпараттың "толықтық және ашықтық" қағидатына (жүргізілген мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының көрсетілуі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерінің жазылу анықтығы) сәйкес келмеуі | -2 | ||
Тексеру комиссиялары ұсынатын ақпараттың "сенімділік" қағидатына (тексеру комиссиялары Жоғары аудиторлық палатаға өз жұмысы туралы ұсынатын ақпараттың анықтығы және онда қателердің болмауы) сәйкес келмеуі | -2 | ||
Тексеру комиссиялары ұсынатын ақпараттың "сенімділік" қағидатына (мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылау қорытындылары бойынша) сәйкес келмеуі | -2 | ||
6.2. | Ақпараттың Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорға (Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне) берілуі | Ақпараттың Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорға (Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне) берілуі: | |
белгіленген мерзімдерді бұза отырып | -1 | ||
материалдардың жалпы санына шаққанда 75%-ға дейін енгізу | -2 | ||
материалдардың жалпы санына шаққанда 50%-ға дейін енгізу | -3 | ||
материалдардың жалпы санына шаққанда 25%-ға дейін енгізу | -4 | ||
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне деректерді толық толтырмау (техникалық себептер бойынша толтыруға мүмкіндік болмаған жағдайды қоспағанда) | -3 | ||
6.3. | Мемлекет басшысы мен Президент Әкімшілігі тапсырмаларының, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы тапсырмаларының орындалмауы немесе уақытылы орындалмауы | Орындалмаған немесе уақытылы орындалмаған Мемлекет басшысы мен Президент Әкімшілігі тапсырмаларының, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы тапсырмаларының саны | әрбір жағдай үшін -1 балл (ең жоғары (-3) балл) |
6.4. | Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша отырыстарды қоспағанда, жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша, соның ішінде аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен кездесулер, брифингтер, баспасөз конференцияларын, дөңгелек үстелдер өткізу | Өткізілген кездесулер, брифингтер, баспасөз конференциялары, дөңгелек үстелдер саны | әрбір жағдай үшін 1 балл (ең жоғары 5 балл) |
6.5. | Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларының Жоғары аудиторлық палата жүргізетін аудиторлық іс-шараларға немесе мемлекеттік аудит органдарының қызметін жоспарлы тәртіппен бағалау жөніндегі іс-шараларға қатысуы | Бірлескен және қатар тексерулерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының аудиторлық іс-шараларына қатысқан, сондай-ақ мемлекеттік аудит органдарының қызметіне жоспарлы тәртіппен бағалау жүргізуге қатысқан тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларының саны: | |
әрбір тартылған мемлекеттік аудитор үшін | 2 балл (ең жоғары 10 балл) | ||
6.6. | Тексеру комиссиясының сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізуі | Бюджетті ағымдағы және кейіннен бағалауды қоспағанда, Тексеру комиссиясы жүргізген сараптамалық-талдау іс-шараларының саны: | |
әрбір жүргізілген сараптамалық-талдау іс-шарасы үшін (тексеру комиссиясының жұмыскері қатысқан сараптамалық-талдау іс-шарасын ғана ескеру қажет) | 1 балл (ең жоғары 3 балл) | ||
6.7. | Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларының және (немесе) жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасында бірлескен, қатар тексерулерге, тағылымдамаларға қатысуы | Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасында жүргізілген бірлескен, қатар тексерулер, өткен тағылымдамалар саны: | |
әрбір жүргізілген бірлескен, қатар тексеру үшін | 2 балл (ең жоғары 6 балл) | ||
әрбір өткен тағылымдама үшін | 1 балл (ең жоғары 3 балл) | ||
* Ескертпе: Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмасы бойынша Тізбеге өзгерістер енгізілген кезде тексеру комиссияларының жоспарланған аудиторлық іс-шаралары шеңберінде аудиттің тиісті алып тасталған объектілері ескерілмейді.