БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 287 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36573 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабының 2-тармағының 4) және 12) тармақшаларына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 486) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабының 2-тармағының 4) және 12) тармақшаларына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 486) тармақшасына сәйкес әзірленді және сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен және шегінде субсидиялау тәртібін айқындайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Егер тарифтік сметада халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған қаражаттың бір бөлігі көзделсе, халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге бөлінген субсидиялар сомасы өтеуге және тарифтік сметада көзделген шығыстар арасындағы айырма ретінде айқындалады. Халықаралық қаржы ұйымының несиелеріне қызмет көрсету және несиелік келісімге сәйкес халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеу және қызмет көрсету үшін қажетті шығындар.
Халықаралық қаржы ұйымының кредиттерін өтеуге және оларға қызмет көрсетуге бөлінген субсидиялардың жалпы сомасы мыналармен анықталады:
Халықаралық қаржы ұйымының кредитін өтеуге және оған қызмет көрсетуге қажетті шығыстардың жалпы сомасының 10%-нан кем емес мөлшерінде жергілікті бюджеттен;
жергілікті бюджеттен бөлінген субсидияларды ескере отырып, халықаралық қаржы ұйымының кредиттерін өтеуге және оларға қызмет көрсетуге шығыстардың қажетті сомасы мөлшерінде республикалық бюджеттен;
Бұл ретте халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге республикалық бюджеттен бөлінген субсидиялардың жалпы сомасы халықаралық қаржы ұйымының қарызы бойынша негізгі борыш сомасынан аспауы керек.
Республикалық бюджеттен қарызды өтеуге және оған қызмет көрсетуге бөлінетін субсидиялар сомасы, халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арнлаған тарифтік сметада көзделген қаражат жеткіліксіз болған кезде, онда субсидиялар жергілікті бюджеттен өтелуге жатады.
Бөлінген субсидиялар мөлшері коммуналдық қызметтерге тарифтің өсуіне қарай субсидиялаудың бүкіл мерзімі ішінде кезең-кезеңімен азайтылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Субсидияларды алу үшін субсидия алушы жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды жолдайды:
1) субсидия беруге өтінім (бұдан әрі-өтінім);
2) субсидияларды ұсыну қажеттілігі туралы түсіндірме жазба (инвестициялық жобаны іске асырудан күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, оның ішінде ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту, қосылатын тұтынушылар санын ұлғайту, жұмыс орындарын (уақытша/тұрақты) құру, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын және апаттылығын төмендету, тұтынушылардан дебиторлық берешекті қысқарту, Салық кодексіне сәйкес салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау, халықаралық қаржы ұйымымен жүргізілген жұмыс туралы ақпараты, халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге субсидия бөлінген (бөлінбеген) жағдайда көрсетілетін қызметтер тарифінің шамасын талдай отырып, тарифтік сметаларда халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған қаражаттың болуын (болмауын) көрсете отырып, халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеу және оларға қызмет көрсету үшін тарифтің шамасын арттыру мүмкіндігінің (мүмкін еместігінің) перспективаларын талдауы бар);
3) кредиттік шартының көшірмесі;
4) үшжақты келісімнің көшірмесі;
5) халықаралық қаржы ұйымымен келісілген халықаралық қаржы ұйымының қарызын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған субсидиялардың қажетті сомасын растайтын есеп айырысулар;
6) қолданыстағы тарифті және тарифтік сметаны бекіту туралы бұйрықтардың көшірмелері;
7) бекітілген (бекітілген өзгертілген) инвестициялық бағдарламалар бұйрықтарының көшірмелері;
8) соңғы 3 (үш жыл) тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептер;
9) соңғы 3 (үш жыл) инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептер;
10) өзге кредит беруші банктер алдында мерзімі өткен берешектің жоқ/бар екендігі туралы анықтама;
11) өтінім беру сәтінде субсидия алушының салық органдарында есеп жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтер;
12) бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік.
Субсидияны әлеуетті алушы "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудитке жататын жағдайда, қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі ұсынылады.
Қаржылық есептілік "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының талаптарына сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдардағы қаржылық қатысу туралы ақпаратты қоса бере отырып, теңгерім валютасында 10% және одан да көп алатын теңгерім баптарының егжей-тегжейлі түсіндірмесін қоса бере отырып ұсынылады;
Құжаттардың парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөрленеді.
Бұл ретте, осы тармақтың 1), 5) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға субсидия алушының бірінші басшысы (немесе оның орнындағы адам) және бас бухгалтері қол қояды және олар мөрмен (субсидия алушыда ол болған кезде) расталады.";
16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қаражат беру тиісті қаржы кезеңіне арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген қаражат шегінде тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.
17. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі халықаралық қаржы ұйымының қарыздарын өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша субсидия алушылардың шығындарын кейіннен субсидиялау үшін жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер түрінде қаражат жібереді.
18. Жергілікті атқарушы орган субсидиялау шартына сәйкес тиісті кезеңге бірінші басшы (немесе оны алмастыратын адам) бекіткен, халықаралық қаржы ұйымымен келісілген субсидияларды алушының есеп айырысуы және халықаралық қаржы ұйымының төлем шоттары негізінде субсидиялар төлеуді жүргізеді.
Өткен қаржы жылында бюджет қаражаты пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін жоғары тұрған бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
19. Есептілікті жүзеге асыру мақсатында субсидиялар алушы жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық қаржы ұйымының субсидияларды нақты пайдаланылуы туралы есепті тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін ұсынады.
20. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне республикалық және жергілікті бюджеттерден субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының игерілуі туралы есепті тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсынады.
21. Жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттік бағдарламасының әкімшісі осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын игеру туралы есепті қалыптастырады.".
22-тармақ жойылсың.
23-тармақ қазақ тіліндегі мәтінде алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігі Ұлттық статистика бюросы
