"Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 2 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 қаңтарда № 37826 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 ақпандағы № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26798 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік және (немесе) балама деректер және (немесе) ресми статистикалық ақпарат және (немесе) статистикалық ақпарат және (немесе) талдамалық ақпарат негізінде демографиялық үдерістерді талдау және болжау.".

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Төрағасы
А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады