БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 16 тамыздағы № 7 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 80 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес заң консультанттарына, заң мәселелері бойынша тәуелсіз мамандарға; лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына; ұялы байланыс операторларына; әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы бекітілсін.";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген заң консультанттарына, заң мәселелері бойынша тәуелсіз мамандарға; лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны "Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы __________А. Амрин |
|
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы __________Ж. Элиманов |
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау субъектілері – заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар мынадай қызметтерге: жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға, клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға, банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға, компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға, заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда; лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы; ұялы байланыс операторлары; әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;
2) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
3) болмашы бұзушылықтар – қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ) тәуекелінің туындауы үшін алғышарттар жасамайтын, бірақ өз қызметін жүзеге асыру кезінде қаржы мониторингі субъектілері үшін орындау міндетті болып табылатын қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ/ЖҚҚТҚ) іс-қимыл туралы заңнама талаптарының бұзушылықтары;
4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
5) елеулі бұзушылықтар – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің туындауы үшін алғышарттар жасайтын КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңнама талаптарының бұзушылықтары;
6) өрескел бұзушылықтар – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекел келтіретін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңнама талаптарының бұзушылықтары;
7) тәуекел – бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін, сондай-ақ КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
8) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді ұлттық және секторлық бағалау нәтижелерін ескере отырып қалыптастырылатын сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
11) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) осындай бақылау субъектісін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі;
12) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;
13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы бақылау субъектілерінің біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің тізбесі.
2-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары
3. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді айқындау арқылы жүзеге асырылады.
4. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезең кезеңімен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.
Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызылады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызылады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі:
1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – 71-ден 100-ге дейін қоса алғандағы тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде;
2) тәуекелдің орташа дәрежесіне – 31-ден 70-ке дейін қоса алғандағы тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде;
3) тәуекелдің төмен дәрежесіне – 0-ден 30-ға дейін қоса алғандағы тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде жатқызылады.
5. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне:
бағалы металдар және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
ұялы байланыс операторлары;
әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жатады.
6. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі орташа бақылау субъектілеріне:
лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер;
заң консультанттары – мынадай қызметтерге:
жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;
банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;
компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;
заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда;
бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жатады.
7. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі төмен бақылау субъектілеріне заң мәселелері бойынша тәуелсіз мамандар – мынадай қызметтерге:
жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;
банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;
компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;
заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда жатады.
8. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерінің қызметі салаларында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің қызметі салаларында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің неғұрлым жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығын ескере отырып жасалады.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу еселігі алынған ақпаратты субъективтік өлшемшарттар бойынша талдау және бағалау нәтижелері бойынша айқындалады және жылына екі реттен жиі болмауға тиіс.
11. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін нақты тәуекел дәрежелеріне жатқызатын және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдерін автоматты режимде қалыптастыратын тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйені пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ ол мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Автоматты режимде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) жоспардан тыс тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері санының ең аз жол берілетін шегі белгілі бір бақылау субъектілері жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
3-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
12. Субъективті өлшемшарттарды анықтау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
13. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерге мониторинг жүргізу нәтижелері;
2) алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері;
4) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар).
14. Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрын жүргізілген профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектісіне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.
15. Егер бақылау субъектілері өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса, олар ақпараттық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларында тәуекелдің жоғары дәрежесінен тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе тәуекелдің орташа дәрежесінен тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстырылады.
16. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды тәуекел дәрежесінің өрескел, елеулі және болмашы тобына жатқызу осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
17. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленген субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығын негізге ала отырып, Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындаудың субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес тәуекел дәрежесінің көрсеткіші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша 0-ден 100 баллға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
4-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі
18. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады:
1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар жөніндегі тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қосу жолымен, кейіннен деректер мәндерін 0-ден 100 балға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC, мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есептеу КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ саласындағы бақылау субъектілерінің біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды;
2) алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Тәуекел дәрежесін бағалау үшін пайдаланылатын ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SР3 = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, онда:
SР3 – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны;
Шамалы бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, онда:
SРн – шамалы бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1 – шамалы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтар саны;
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және шамалы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн, онда:
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SР3 – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
SРн – шамалы бұзушылықтар көрсеткіші;
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі;
3) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

xi – субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi – xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы,
n – көрсеткіштер саны.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі;
4) R көрсеткіші бойынша субъектілер бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формуланы пайдалана отырып жүзеге асырылады:
![]()
R – жеке бақылау субъектісінің субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы мәні),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шегі),
Rарал – осы тармаққа 1-тармақшаға сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
Бақылау субъектілерінің қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын бұзушылықтарының дәрежелері
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
№ р/б | Субъективті өлшемшарттың көрсеткіші | Субъективті өлшемшарттың көрсеткіші бойынша дерек көзі | Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (қосындысы 100 балдан аспауы керек) | Шарт | |||
1-шарт/ мәні | 2-шарт/ мәні | 3-шарт/ мәні | 4-шарт/ мәні | ||||
1 | Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпарат беру | Өлшемшарттардың 13-тармағының 1), 3), 4) тармақшалары (бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерге мониторинг жүргізу нәтижелері; мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері; бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар) | Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауға шығу | Жіберілген | Жіберілмеген | ||
0% | 100% | ||||||
2 | Жеке кабинетте тіркелу | Өлшемшарттардың 13-тармағының 1), 3), 4) тармақшалары (бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерге мониторинг жүргізу нәтижелері; мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері; бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар) | Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауға шығу | Жеке кабинеттің тіркелуінің болуы | Жеке кабинетті тіркеудің болмауы | ||
0% | 100% | ||||||
3 | Уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу | Өлшемшарттардың 13-тармағының 1), 3), 4) тармақшалары (бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерге мониторинг жүргізу нәтижелері; мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері; бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар) | Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауға шығу | Жіберілген | Жіберілмеген | ||
0% | 100% | ||||||
4 | Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, оның ішінде дұрыс емес мәліметтер мен құжаттарды ұсыну | Өлшемшарттардың 13-тармағының 1), 3), 4) тармақшалары (бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерге мониторинг жүргізу нәтижелері; мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері; бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар) | Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауға шығу | Ұсынылған | Ұсынылмаған | ||
0% | 100% | ||||||
5 | Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті тексеру жөнінде шаралар қабылдау | Өлшемшарттардың 13-тармағының 1), 3), 4) тармақшалары (бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерге мониторинг жүргізу нәтижелері; мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері; бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар) | Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауға шығу | Уәкілетті органның тізімдерін, тізбелерін пайдалану | Уәкілетті органның тізімдерін, тізбелерін пайдаланбау | ||
0% | 100% | ||||||
6 | Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну | Өлшемшарттардың 13-тармағының 1), 3), 4) тармақшалары (бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерге мониторинг жүргізу нәтижелері; мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері; бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар) | 25 | 0-1 күн (24 сағат) | 2-10 күн | 11-20 күн | 21 және одан көп күн |
0% | 33% | 66% | 100% | ||||
7 | Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уақтылы ұсыну | Өлшемшарттардың 13-тармағының 1), 3), 4) тармақшалары (бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерге мониторинг жүргізу нәтижелері; мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері; бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар) | 25 | 0-3 жұмыс күні | 4-10 жұмыс күні | 11-20 жұмыс күні | 21 және одан көп жұмыс күні |
0% | 33% | 66% | 100% | ||||
8 | Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтата тұру жөніндегі шаралар туралы, іскерлік қатынастар орнатудан, ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату туралы ақпаратты уақтылы ұсыну | Өлшемшарттардың 13-тармағының 1), 3), 4) тармақшалары (бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерге мониторинг жүргізу нәтижелері; мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері; бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар) | 25 | 0-1 жұмыс күні | 2-10 жұмыс күні | 11-20 жұмыс күні | 21 және одан көп жұмыс күні |
0% | 33% | 66% | 100% | ||||
9 | Жеке кабинетте қызметтердің (өнімдердің) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау нәтижелерінің; ішкі бақылау қағидаларының; КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификаттың болуы | Өлшемшарттардың 13-тармағының 1), 3), 4) тармақшалары (бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерге мониторинг жүргізу нәтижелері; мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері; бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар) | 25 | Құжаттардың болуы | Құжаттардың болмауы | ||
0 % | 100 % | ||||||
10 | Клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату жөніндегі міндеттерді орындау | Өлшемшарттардың 13-тармағының 1), 3), 4) тармақшалары (бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтерге мониторинг жүргізу нәтижелері; мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері; бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген қорытынды құжаттар) | Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауға шығу | Уәкілетті органның тізімдерінде және тізбелерінде болуы | Уәкілетті органның тізімдерінде және тізбелерінде болмауы | ||
0% | 100% | ||||||
Заң консультанттарына, заң мәселелері бойынша тәуелсіз мамандарға; лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы
______________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
_______________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акті
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________ №, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы
______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ___________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Лауазымды адам (-дар) __________________________________ _____________
лауазымы қолы
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы _______________ ___________
лауазымы қолы
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына; ұялы байланыс операторларына; әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын тексеру парағы
______________________________________________________________
бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _________________________________________
_______________________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акті
_________________________________________________________________________№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________________
________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы _______________________________________________
________________________________________________________________________________
Лауазымды адам (-дар) __________________________________ _____________
лауазымы қолы
_________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы _______________ ___________
лауазымы қолы
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
