Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 шілдедегі № 12-3 "Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастар тізбелерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28763 болып тіркелді) және 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 11-2 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастар тізбелерін айқындау туралы" 2022 жылғы 8 шілдедегі № 12-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7370-07 болып тіркелді) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы (А. Хайруллин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | М. Мукаев |
