Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Үлкен Нарын ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/22-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9050-16 болып тіркелген);
2) "Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/22-VIII "Үлкен Нарын ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдеі № 11/126-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9190-16 болып тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Ж. Сыдыкова |
